КГУ «Гимназия №159 им. Ы. Алтынсарина» Управления образования города Алматы
Об организации
Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер! Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған. Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді. Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол. Добро пожаловать! Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет! Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»! Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни. Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем. Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.
Вопросы и ответы (23)
Сәлеметсіз бе бұл мектепте мектеп автобустары болады ма????
"Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана! Біздің гимназиямыз қала орталығында орналасқанына және ата-аналардың көбісі жеке машиналарымен қатынайтынына байланысты Алматы қаласы білім басқармасы мектеп автобусын ұйымдастырмады. Оқушылар көбінесе қоғамдық көлікпен қатынайды."
1 год назад
Құрметті директор, сізге сеніп тапсырылған мемлекеттік мекемеде гимназияңыздың мектеп оқушылары үшін бассейн неге ақылы екенін түсіндірсеңіз?
"Қайырлы күн!
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылдың 8 тамыздағы №3/433 қаулысына сәйкес гимназиямыз
шарушылық жүргізу құқығындағы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта құрылған болатын. Осы қаулы негізінде кәсіпорын тарапынан берілетін қызметтер ақылы түрде жүргізіледі. Аталған қызметтердің заңдылығы мекеме Жарғысында айқындалған. Көпбалалы және аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан білім алушыларға бұл қызметтер тегін көрсетіледі."
1 год назад
Повторяю вопрос:
Почему в вверенном вам государственном учреждении бассейн платный для ваших же школьников?!
Если вы не ответите, вынесу обращение в антикорр.
"Добрый день!
В соответствии с постановлением акимата города Алматы от 8 августа 2023 года №3/433 наша гимназия
реорганизовано в государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «гимназия №159 имени И. Алтынсарина». Услуги, предоставляемые предприятием на основании настоящего постановления, производятся на платной основе. Законность указанных услуг определена уставом учреждения. Обучающимся из многодетных и малообеспеченных, малообеспеченных семей эти услуги оказываются бесплатно."
1 год назад
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша әлі де бос вакансия бар ма?
"Сәлеметсіз бе, Асия Тлеуқызы! Вакания бар. Конкурсқа құжаттарыңызды өткізіңіз."
2 года назад
Сәлеметсіз бе!
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, бос жұмыс орны бойынша өтініш қалдырайын деп едім.
"Сәлеметсіз бе, Арайлым Еркиновна! Конкурсқа құжаттарыңызды өткізіңіз."
2 года назад
Сәлеметсіз бе? Химия пәні мұғалім жұмыс іздеймін. Сіздер жарияланған конкурсқа қатысайын деген едім.номер 1.6.10- құжаттарды қалай алуға болады?
"Сәлеметсіз бе, Жетпис Кулжан ханым! Құжаттар тізімі:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (ҚР БҒМ 19.11.2021 жылғы № 568 бұйрығы)
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса)
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Бағалау парағын жүктеу: baalau-paray.docx [26,67 Kb] (cкачиваний: 270)
Посмотреть онлайн файл: baalau-paray.docx"
2 года назад
Сәлеметсіз бе. Мен география пәні мұғалімі. Еңбек өтілім 8 жыл. Санатым педагог - модератор.Орын бос болса . Резюме почтаға жіберіп қойдым
"Сәлеметсіз бе, Айдана ханым? Комиссия жұмысының қорытындысын күтіңіз."
2 года назад
Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
"Қайырлы күн, құрметті Сапарбекова Жанар Ерлибековна! қазіргі таңда біздің гимназияда вакансия жоқ. Егер болып жатқан жағдайда еңбек.кз сайтына конкурс жарияланады. сол арқылы конкурсқа қатыса аласыз."
2 года назад
Сәлеметсіз бе, сіздердің мектепке 1-сыныпқа қабылдау талабы қандай? мектептің сайтынан ақпарат таба алмадым?
"Сәлеметсіз бе? 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың барлық мектептерінде бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.
Құрметті ата-ана, https://egov.kz/ электрондық үкімет порталына өтінім жібересіз. Өтінішіңіз бізге келіп түседі. Егер сіздің тіркелген мекенжайыңыз біздің гимназияның микроучастігіне қарайтын болса, қабылданады. Ал егер қарамайтын болса, қабылданбайды."
3 года назад
Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда Тараз қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында қызмет етемін. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті, тиісті құжаттарды дистанционды түрде почтаға жібере аламын ба?
"Сәлеметсіз бе! Күнбала Ерғалиқызы!
Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиетіне ваканция жоқ."
3 года назад
Рейтинг организации
0 голосов
Бидайбекова Эльмира Исебайқызы
Директор
Бидайбекова Эльмира Исебайқызы
Директор
Бидайбекова Эльмира Исебаевна Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1964 жылғы 13 қаңтар Туған жері - Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Калинин селосы Ұлты - қазақ Білімі - жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1987 жыл – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Мамандығы бойынша біліктілігі Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Химия-биология пәнінің мұғалімі Мансап 15.08.1987/18.04.1991 – Химия және биология пәнінің мұғалімі, Э.Телман атындағы орта мектеп, Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Тельман селосы 18.04.1991/28.08.1992 – Химия және биология пәнінің мұғалімі, №46 орта мектеп, Жамбыл қаласы 28.08.1992/01.09.1993 - Химия және биология пәнінің мұғалімі,Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп, Жамбыл облысы, Луговой ауданы 01.09.1993/15.08.1996 - Химия және биология пәнінің мұғалімі, №1 кәсіптік лицей, Жамбыл облысы, Луговой ауданы 30.08.1997/11.11.1998 - Химия және биология пәнінің мұғалімі, Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат, Алматы қаласы 01.09.1999/01.12.2001 - Химия және биология пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы 01.12.2001/24.08.2015 - Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы 24.08.2015/24.06.2016- Директордың міндетін уақытша атқару қызметі, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы 24.06.2016 - Директор «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.