Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Алатауский район КГУ " Общеобразовательная школа №180" Управления образования города Алматы
Школа

КГУ " Общеобразовательная школа №180" Управления образования города Алматы

Об организации

Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.

Вопросы и ответы (42)

Муханова ботакоз 2 недели назад

Сәлеметсіз бе, апай/ағай!
Менің 9-сыныпты бітіргенде негізгі орта білім туралы үздік (қызыл) аттестат алу құқығымды заң аясында нақтылап, мектеп әкімшілігіне жеткізуіңізді өтінемін. Мектеп тарапынан «8-сыныпта физикадан 4 болғаны үшін тек көк аттестат беріледі» деген уәж айтылды. Алайда, бұл Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ресми ережелеріне қайшы келеді.
Маған көк емес, заңды түрде ҚЫЗЫЛ (ҮЗДІК) АТТЕСТАТ берілуі тиіс. Оған мына нақты заң талаптары дәлел:
1. Министрлік бұйрығының тікелей талабы:
ҚР Оқу-ағарту министрінің № 125 бұйрығымен бекітілген «Үлгілік қағидалардың» 43-тармағында нақты былай деп жазылған:

«Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне... негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.»
2. Физика — өтпелі пән:
Заңда жазылғандай, ең бастысы — «аттестатқа қосымшаға енгізілетін бағалар». Физика 7, 8 және 9-сыныптарда қатарынан оқытылатындықтан, оның 7-8 сыныптағы бағалары аттестатқа мүлдем жазылмайды. Аттестат қосымшасына тек ең соңғы — 9-сыныптың қорытынды бағасы ғана шығады. Менің биылғы 9-сыныптағы физика бағалым — «5» (үздік). Сондықтан аттестатыма физикадан тек «5» деген баға жазылады.
3. Өтпелі кезең жеңілдігі (Артқа жүру күшінің жоқтығы):
Бағаларды 5-сыныптан бастап қатаң тексеру туралы жаңа норма 2022 жылдың 1 қыркүйегінде ғана күшіне енді. «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 43-бабына сәйкес, жаңа заңның артқа қарай күші жоқ. Осыған байланысты, Оқу-ағарту министрлігінің ресми түсіндірмесі бойынша: «Өтпелі кезеңдегі түлектердің 5-8 сынып аралығындағы жылдық бағаларында "4" бағасының болуы үздік аттестат алуға кедергі келтірмейді, тек 9-сыныпты толық "5"-пен аяқтауы шарт».
4. Менің бағаларым:
Менің 5-сыныптан 9-сыныпқа дейінгі барлық оқу жылдарындағы барлық пәнім тек «5» (үздік). Тек 8-сыныпта физикадан бір рет уақытша «4» болған, бірақ оны биыл 9-сыныпта «5»-ке толтырдым (тіпті 7-сыныпта да физикам «5» болған).
Осылайша, менің аттестат қосымшама шығатын барлық пәндердің соңғы бағалары 100% тек «5»болып тұр. Мен алдағы 4 мемлекеттік емтиханды (соның ішінде таңдау пәнім — Тарихты) сәтті тапсырған жағдайда, маған үздік аттестат берілуі заңды түрде міндетті.
Осы ресми негіздемелерді ескере отырып, оқу ісінің меңгерушісімен (завучпен) сөйлесіп, мені көк аттестат тізімінен шығарып, үздік (қызыл) аттестат үміткерлерінің тізіміне қосуларыңызды сұраймын. Нақты жауабын күтемін. Рақмет

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе! Сұрағыңыз қабылданды. Өтінішіңізді қарастырамыз"

2 недели назад

Куаныш 3 недели назад

Қайырлы күн, менің ең басты сұрағым бар. Егер оқушы барлық сабақтан 5ке оқып жалғыз сабақтан 4ке оқыса мұғалімнің дұрыс оқыта алмағаны ма немесе оқушы дұрыс оқи алмағаны ма

Официальный ответ

"Қайырлы күн.Балаңыз қай сыныпта оқиды? Егер балаңыздың білімне көңіліңіз толмаса, келіп пән мұғаліміне жеке жолықсаңыз болады. Оқушының жұмыстарын көре аласыз."

3 недели назад

Копжасар Нұрайша 3 месяца назад

Құрметті Бакытбек Амангельдыевич
Мен, Нұрайша Копжасар, Алматы қаласы, Алатау ауданы бойынша магистратураны аяқтаған физика педагогімін. 2026 жылдың наурыз айының ортасында дипломымды алуға жоспарлап отырмын.
Сіздердің мектептеріңізде физика пәнінен бос орын болса, мен алдын ала келісім жасап, сәуір айында жұмысқа тұру мүмкіндігін қарастыруларыңызды сұраймын.
Алдын ала қарастырғандарыңызға рахмет.

Құрметпен,
Нұрайша Копжасар
Тел.: +77023207635
Email: nkopzhassar@mail.ru

Официальный ответ

"Қайырлы күн! Өкінішке орай бізде физика пәнінің лауазымына бос орын жоқ"

3 месяца назад

Нурмышева Роза Жорабековна 7 месяцев назад

Ассистент болу үшін қандай тест тапсырып өту қажет?

Официальный ответ

"Енбек.кз сайтынан көрсеңіз болады"

7 месяцев назад

Серғазы Мөлдір 9 месяцев назад

Салеметсізбе Мкр Самғаудағы 222мектеп қашан ашылады?

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе? Нақты уақыты қосымша хабарланады"

9 месяцев назад

Маржан 11 месяцев назад

Жаңа оқу жылына химия пәнінен вакансия барма

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе? enbek.kz сайты арқылы көре аласыз"

11 месяцев назад

Құралбек Сымбат Нуркелдинқызы 1 год назад

9 сынып 2025 емтиханның жауаптарын жіберш

Официальный ответ

"Қайырлы күн!"

1 год назад

Мануар 1 год назад

Таңатарова Алтын Тастыбайқызына шағым!
Бұл апайды педагог деп айта алмаймын, себебі ол тек өзінің сүйікті оқушыларына баға қояды және 9,10 деген баға бар екенін де ұмытқан тек 8 қояды бірақ оныда ала алмай жүрмін.Мен 8г сынып оқушысымын,баға алуға ғана емес сонымен қатар өзіме де пайда тисін деп оқимын,ал бұл апайға ештеңе жақпайды Үй тапсырмасын орындаймын сабақ жазамын тақтаға шығамын одан бөлек тапсырманы тезірек жазып көрсетуге тырысамын бірақ еш мәні жоқ бұл не деген әділетсіздік.Маған керек болса мен оқу министрлігіне барамын және одан бөлек оны жұмыстан шығарып педагог деген атын алсын деп өтініш беремін.Сенбесеніздер сабаққа қатысыныз, басқа балалардан сұраныздар тек мен және Ы.Ақерке тырысады басқалары жай тындап тақтаға шық десе шығады.Менің шағымды қабылдамасаныздар тағы да жазамын.

Официальный ответ

"Cәлеметсізбе! Жақсы шағымыңызды қабылдаймыз. Жұмыс жүргіземіз"

1 год назад

Бокеева Шынар Нурланкызы 1 год назад

Үлгілік оқу бағдарламасы керек еді

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе! Оқу бағдарламасын әр мектеп өз таңдауына байланысты жасайды."

1 год назад

Жақсылыққызы Ақырыс 1 год назад

Health bodies ке ҚМЖ керек

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе,ҚМЖ-ны әр пән мұғалімі күнтізбелік тақырыпқа сәйкес өзі құрастырады!"

1 год назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

2 голосов

Кусайынов Бакытбек Амангельдыевич

Директор

Кусайынов Бакытбек Амангельдыевич

Директор

Кусайынов Бакытбек Амангельдыевич 1971 жылы 21 тамызда Қарағанды облысы,Талды ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1988 жылы мектепті бітіріп, 2000 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқуға түсіп, 2005 жылы Биология және валеология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Алғаш еңбек жолын Биология пәнінің мұғалімі, О.А.Жәутіков атындағы «№1 қазақ орта мектеп» коммуналдық мекемесі, Қарағанды облысы,Қарқаралы қаласы 2007 жылы Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, валеология және биология, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, О.А.Жәутіков атындағы «№1 қазақ орта мектеп» коммуналдық мекемесі, Қарағанды облысы,Қарқаралы қаласы 2014 жылы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары № 180 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мекемесі, Алматы қаласы 2019 жылы мектеп директоры , «№194 негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы 2025 жылдан мектеп директоры, «№180 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.