Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Бостандыкский район КГУ Школы-гимназии №140 им.М.Макатаева Управления образования г.Алматы
Гимназия

КГУ Школы-гимназии №140 им.М.Макатаева Управления образования г.Алматы

Об организации

Құрметті блог қонақтары! Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады. Дорогие друзья! Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы. Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.

Вопросы и ответы (40)

Оқушы 3 года назад

Сәлеметсіз бе ! Бастауыш сыныптың мұғалімдері үй тапсырмамын қанша уақыттың аралығында оқушыларға жіберілуі тиіс?
1 сыныптың сынып жетекшілерімен жұмыс жасап, уақытылы уй тапсырмасын жіберуін қадағалауыңызды сұраймын.
Менің білуімше жылдың басында оқу жоспары бекітіледі . Сол жоспарға сәйкес сабақтың барлық тапсырмалары көрсетілген. Дайын жоспар бойынша тапсырманы жіберіп отыру соншалықты қиын емес деп ойлаймын. Өте баяу. Міндетті түрде өзіміз телефон соғып , жазып сұрау міндеттіміз бе?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе ата-ана?
2022- 2023 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде бастауыш білім беруді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүзеге асырылады.
Бастауыш білім беруді ұйымдастыру Стандартта айқындалған мақсат пен ондағы күтілетін нәтижеге бағдарлануы тиіс.
1-сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейтіндіктен, оқушы бағдарламаны толық, еш қиындықсыз меңгеруі үшін күнделікті өткен тақырыпқа сай, білім алушыларға үй тапсырмасы олардың орындау мүмкіндіктерін ескере отырып берілуде.
Сіздің айтқан өтінішіңіз 1-сынып ұстаздары арасында талқыланды. Өтінішіңізді ескере отырып, үй тапсырмасы уақытынан кешіктірілмей жіберілетіндігін ескертеміз!"

3 года назад

Сарсенова Зарина 3 года назад

Сәлеметсіз бе! География пәнінің мұғалімімін. Биыл бітірдім, еңбек өтілім жоқ. Сіздерде 0,5 ставкаға уақытша жұмысқа орын бар ма?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе, Зарина?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз-ке мамандық бойынша вакансия жарияланады. Еңбек кз порталында вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз. Қазірге гимназия география пәні бойынша вакансия қажет етпейді."

3 года назад

Сара Таск 3 года назад

Саламатсыз ба

2022 жылы университетті қызыл дипломға бітірдім, мамандығым ағылшын тілі
IELTS емтиханын тапсырдым, 1 жыл мамандык бойынша тәжірибем бар
Бос вакансия болса почтанызды жазып жіберсеңіз немесе барып интервьюдан өтсем. Рахмет

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе, Сара?! Бүгінгі таңда жұмысқа өтінім еңбек кз жүйесі арқылы жүреді. Еңбек кз-ке мамандық бойынша вакансия жарияланады. Егер вакансия болса, өз өтініміңізді қалдырып, қабылдау бөліміне жүгінесіз. Қазірге гимназия ағылшын тілі пәні бойынша вакансия қажет етпейді."

3 года назад

Еркінбек 3 года назад

Қайырлы күн!!!
Өзіңіз хабарлағандай 140 мектеп өзін өзі қаржыландыру ұйымына айналуға өтініш берілді дедіңіз.
Өзін өзі қаржыландыру ұйымы дегенді толықтай түсіндіріп берсеңіз!!! Рахмет сізге!!! Жазғы демалысыңыз жақсы өтсін!!!

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Еркінбек мырза? Гимназия өзін-өзі қаржыландыру ұйымына емес, коммуналдық мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына көшу үдерісі жүріп жатыр. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру-бұл мектеп ондағы оқушылардың санына байланысты Мемлекеттік ақша алатын қаржыландыру әдісі. Алматы қаласының мектептері 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жан басына қаржыландырылуда.
№140 Гимназия 2021 жылдың қазан айынан бастап коммуналдық мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға көшуге дайындалуда, бұл екінші деңгейдегі банктерде есеп айырысу шотын ашуды білдіреді, қосымша білім беру қызметтеріне шарттар жасауға мүмкіндік болады.Балаларды әртүрлі бағыттарда (білім бері,спорт және т.б.) дамыту мүмкіндігі болады.
Шаруашылық жүргізу құқығына көшу басшыға шешім қабылдауда көбірек автономия береді, ресурстарды тиімді пайдалануға және халықтың сапалы білім алу қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне кезең-кезеңімен көшіру басқару, қаржыландыру жүйесін жетілдіруге, білім беру ұйымдары қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ персоналды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді."

3 года назад

Мира 4 года назад

Сәлеметсізбе Сәния Өскенбайқызы! сіздерге 6 жане 7 сыныпқа екі баламды калай ауысыртсам болады,осы районға көшіп келген едік, тест тапсыру керек болса қашан тапсырады? Рахмет!

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе, құрметті ата-ана? Тамыз айында 2-11 сыныптарға қабылдау жүргізіледі. Сол уақытта egov.kz порталы арқылы өтініш қалдырасыз. Сол өтініш бойынша мөлтекауданыңыз сәйкес келсе қабылданады."

4 года назад

Құрманбек Улангуль 4 года назад

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде қазақ сыныптарына математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Құрманбек Улангуль? Маусым айының 20-нан кейін қабылдау бөліміне келсеңіз."

4 года назад

Құрманбек Улангуль 4 года назад

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Құрманбек Улангуль? Маусым айының 20-нан кейін қабылдау бөліміне келсеңіз."

4 года назад

Atirgul Alibay 4 года назад

Қалай сіздерден алғыс хат алуға болады

Официальный ответ

"Қайырлы күн Әтіргүл Алыбай! Гимназия ұстазы болсаңыз, мектепте қоғамдық істерге белсене қатыссаңыз, шәкірт тәрбиелеуде айтулы жетістіктерге қол жеткізсеңіз алғыс хатпен марапатталасыз. Оның өзі педагогикалық кеңесте әкімшіліктің қарауымен."

4 года назад

Рахатов Д.Т. 4 года назад

Подскажите пожалуйста электронную почту вашей школы

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Рахатов Д.Т.! Гимназияның электронды почтасы school140mail.ru"

4 года назад

Багила Куатовна 4 года назад

Кайырлы тан, Сания Оскенбайкызы сурагым казирги танда кала мектептеринде бастауыш сыныптарына тегин тамак берилуде,неге биздин мекткпте карастырылмаган.Ракмет.

Официальный ответ

"Қайырлы күн, Бағила Қуатқызы!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылы 24 сәуірде №158 бұйрығы негізінде гимназияда аз қамтылған отбасы оқушыларына тегін, бір реттік ыстық тамақ 2021 жылдың 2-ші қыркүйегінен бастап ұйымдастырылған. Қазіргі таңда гимназияда 140 (жүз қырық) аз қамтылған отбасы оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның 70-і бастауыш сынып оқушылары. Осы сұрағыңыз бойынша мектептің әлеуметтік педагогына келіп, жолықсаңыз болады."

4 года назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Тілеубай Сәния Өскенбайқызы

Директор

Тілеубай Сәния Өскенбайқызы

Директор

Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1961 жылғы 25 қыркүйек Туған жері-Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Новотройск ауылы Ұлты-қазақ Білімі-жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1982 жыл - Абай атындағы Қазақ педагогика институты Мамандығы бойынша біліктілігі Абай атындағы Қазақ педагогика институты Физика пәнінің мұғалімі Мансап 06.04.1982 / 01.09.1983 - №12 орта мектеп, физика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы 05.09.1983 / 04.08.1989 –Автокөліктер тасымалдау өндірісінің басқармасы, инженер-программист, Алматы қаласы 25.07.1989 / 17.01.1990 - №2 балалар үйі, тәрбиеші, Орал қаласы 17.01.1990 / 24.08.1995 - №11 мектеп, физика пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, Орал қаласы 01.09.1995 / 10.02.2000 - Физика пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, №141 орта мектеп, Алматы қаласы 10.02.2000 / 09.10.2008 - №163 орта мектеп, директор, Алматы қаласы 09.10.2008 - М.Мақатаев атындағы №140 гимназия, директор, Алматы қаласы ______________________ Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Общая информация, образование Дата рождения: 25 сентября 1961 года Место рождения - Восточно-Казахстанская область, Уржарский район, село Новотройск Национальность - Казашка Образование - высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1982 год- Казахский педагогический институт имени Абая Квалификация по специальности Казахский педагогический институт имени Абая Учитель физики Карьера 06.04.1982 / 01.09.1983 - Средняя школа №12, учитель физики, город Алматы 05.09.1983 / 04.08.1989 –Пассажирское автотранспортное производственное управление, инженер-программист, город Алматы 25.07.1989 / 17.01.1990 - Детский дом №2, воспитатель, город Уральск 17.01.1990 / 24.08.1995 - Средняя школа №11, учитель физики, заместитель директора по учебно-воспитательной работе, город Уральск 01.09.1995 / 10.02.2000 - Средняя школа №141, учитель физики, заместитель директора по учебно-воспитательной работе, город Алматы 10.02.2000 / 09.10.2008 - Средняя школа №163, директор, город Алматы 09.10.2008 - Гимназия №140 имени М.Макатаева, директор, город Алматы

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.