Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Ауэзовский район Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №175 "Жаңа Ғасыр" Управления образования города Алматы
Гимназия

Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №175 "Жаңа Ғасыр" Управления образования города Алматы

Об организации

Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер! Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған. Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді. Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол. Добро пожаловать! Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет! Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»! Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни. Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем. Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

Вопросы и ответы (37)

Құрманбек Улангуль 4 года назад

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82

Официальный ответ

"Cәлеметсіз бе, Улангуль. Тиісті құжаттарыңызды гимназияға алып келуіңізді сұраймыз."

4 года назад

EdTech подготовка к ЕНТ 4 года назад

Добрый день!!!
Хотим провести бесплатное пробное тестирование для выпускников вашей школы.
МЦО "EDTECH" работает в сфере подготовки к ЕНТ с 2004 года
110 - средний балл учеников
80% - выпускников обладатели государственных грантов
20% - выпускников обладатели скидок в ВУЗ

Контактные данные:
87779500511 - Камшат

Жетысу2, 16а 6 этаж
Назарбаева 174б

Официальный ответ

"Қайырлы күн! Бірлесіп жұмыс жасап, білім сапасын арттыруға қарсы емеспіз"

4 года назад

Бақытгүл Тажикеева 5 лет назад

Сәлеметсіз бе , 1 сыныпқа қабылдау порталы қашан ашылады екен? егов арқылы өтініш бере алмай отырмын... 1 тамызға дейін баламды 1 сыныпқа қабылдатуға үлгерем бе?

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе !
Техникалық ақауларға байланысты қаланың гимназиялары мен лицейлерінде egov.kz порталы жұмыс жасамай тұр.Сондықтан порталдың ашылуын күтіңіз, сізден күнделікті порталдың ашылуын қадағалап отыруыңызды сұраймыз."

5 лет назад

Садыкова Гульнара Муратпековна 5 лет назад

9 Г-сынып ата-аналарының атынан 175 мектеп гимназияның барлық мұғалімдерге және мектеп басшылығына Манекеева Гаухар Бозжигитовнаға, Ушурова Айнур Аркеновнаға, Болатова Фарида Шукировнаға -қашықтықтан оқыту кезіндегі қосқан үлестері үшін ризашылығымды білдіреміз, еңбектеріңізге көптеген рахмет, сынып жетекшісі Марфуга апайға баға жетпес еңбегіне рахмет. Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз !!!!

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе!
ізгі ниетіңізге рақмет!"

5 лет назад

Тұтов Нұржан Кенжегулович 5 лет назад

Сәлеметсіздерме, мен Жаңа ғасыр 175 гимназиясының 5"Е" сынып оқушысы Тутов Тәңірбергеннің әкесімін. Мен мектеп директоры Гауһар Бойжігітқызына және сынып жетекшісі Фарида Мұратқызына мың да бір алғысымды білдіремін. Себебі мен ол ұстаздарды кәсіби деңгейі биік, өз мамандығының нағыз шеберлері ретінде танимын. Балам сіздердей мамандардан жақсы білім алып шығатынына толық сенімдімын. Рахмет сіздерге
Зөр денсаулық , отбастарыңа амандық тілеймын.
Келесі оқұ жылында балаларды тасымалдау мектеп автобусының, бекітілген маршрутпен, жүру мүнкіндігі қарастырыла ма ?

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге рақмет !
Гимназия баласында автобус қарастырылмаған. Автобуспен тасымалдау ата-ананың қаражатына байланысты болғандықтан, ата-аналар келісіп жатса, Қамқоршылық кеңеспен бірлесе отырып қарастырып көріңіздер."

5 лет назад

sayagusman 5 лет назад

Былтырдан бері талай өзгерістер мен қилы кезеңдер бой алып жатқан заманда өмір сүріп келеміз. Әсіресе, дәрігерлер мен ұстаздар, журналистер, полиция қызметкерлері т.б. халықпен тығыз байланысты үзбей жүрген маман иелері індет өршіп, еліміз қиын жағдайда тұрған кезде алдыңғы шепте келеді. Осындай қалыпты жағдайдан ауытқыған заманда менің балаларым оқыған, оқып жатқан «Жаңа ғасыр» №175 гимназия ұстаздары да дес бермей келеді. Өткен жылдың соңғы тоқсанынан биылғы оқу жылының 3-ші тоқсанына дейін 11 сыныптағы қызым онлайн форматында барлық талаптарға сай білім алды. Пән мұғалімдері бұрынғыдан да ерекшелендіріп, түрлендіріп, әр пәнді әрбір оқушыға толықтай жеткізуге үлкен күш салды. Гимназия директоры Гаухар Бозжігітқызының қадағалауымен әрбір отбасының онлайн оқуға дайын немесе дайын еместігін мұқият мән бере отырып тексеріп, жағдайы төмен отбасыларындағы оқушыларды ноутбукпен қамтамасыз етіп, жағдайын жасады. Осылай мыңнан аса бала бір үйдің баласындай, ұстаздары олардың анасындай онлайн форматта емін-еркін білім алып, олимпиада, конкурс, жарыстарға қатысып, жүлделі орындар саны да арта түсті.Оның ішінде, түн ұйқысын төрт бөлген анасындай болған 11«Г» сынып жетекшісі, жоғары деңгейлі математика сыныптарының математика пәнінің мұғалімі Чокубасова Жанат Мәкенқызының еңбегіне ата-аналар тарапынан ризамыз. Тіпті балаларымыз да сол кісі туғандай болып кеткен. Етене жақын бола білген, 1 сынып балаларындай әр баламен жеке жұмыс жасап, жағдайын сұрап, сабақтан қалмауын, дұрыс жағдай жасалып жатқан-жатпағанын ерінбей қадағалап отырды. Ата-аналармен де өте тығыз байланыс жүргізді, әлі де жүргізуде. Гимназияның оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Аяпбергенова Жазира ханымның шаршамай күнделікті сабаққа қатысып,оқу үлгерімдерін жоғары деңгейде ұстауларына ықпал етіп отыруының өзі алдындағы әр оқушының болашағына бей-жай қарамауынан деп білемін. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Тұрсынова Айнұр Аркиновна балалардың дұрыс киініп отыруынан бастап, өзін дұрыс ұстауына дейін қадағалап, онлайн оқуға оқушылардың тез икемделуіне көмектесіп отырды. Айнұр ханымның табандылығының, төзімділігінің арқасында балаларымыздың сабақтары үлкен тәртіппен, ретпен, өте түсінікті өтіп жатқанына ата-ана ретінде ризашылығымызды білдіріп отырдық. Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің қаулысы бойынша биылғы оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап балаларымыз мектепке барып офлайн форматта оқып жүр. Ата-ананы баласының жағдайы алаңдататыны белгілі. Осы тұста ең қуантатыны гимназияның есігінен кіргеннен антисептик құрылғылары орнатылған, корридор, әрбір кабинет карантин жағдайындағы талаптарға сай жабдықталған. Гимназия офлайн білім алып жатқан 9 және 11 сыныптарының әр сыныбында 15 оқушыдан аспайды. Балаларымыз да білім ордасын бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырған соңғы үш-төрт айларын мектеп қабырғасында сүйікті ұстаздарымен, сыныптас-достарымен бірге жүріп білім алғандарына өздерін бақытты сезінуде. Онлайн, офлайн білім алу кездерінде оқушыларына барлық жағдай жасай білген,білімдерін ұштауға үлкен жетістіктерге жеткізе білген,болашақ жас-жеткіншектерді білім нәрімен сусындату жолында дұрыс талаптар мен нұсқау беріп отырған «Жаңа ғасыр» №175 гимназия басшысы, директоры Мәнекеева Гаухар Бозжігітқызына,ол кісі бастаған үлкен ұжымға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аяпбергенова Жазира ханымға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынова Айнұр ханымға және гимназия ұстаздары: Бейсебекова Н., Чокубасова Ж., Дюсебаева С., Ибрагимов Е., Ажибаева А. сол сияқты т.б. барлық ұлағатты ұстаздарға гимназия ата-аналары тек алғыс айтады. 2006 жылы алғаш ашылған кезде менің де тұңғышым гимназия табалдырығын аттап 1 сыныпқа келіп еді. Содан бері Алла қаласа биыл үшінші балам, яғни қызым осы гимназиядан қанат қағып ұшқалы отыр. Гимназияның білім сапасының, оқу деңгейінің ең жоғары дәрежеде екенін мақтанышпен айтамын. Үлкенім, ұлым Айбек ең жоғарғы баллмен ҰБТ тапсырып, Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кинорежиссер мамандығының 4 курсын аяқтап жатыр, Қазақстан Республикасы Президенті степендиясының иегері, фильмдері конурстардан жүлделі орындар алып келеді. Екінші балам,яғни үлкен қызым Алина да осы гимназия қабырғасынан шыққан шыққан, қазір Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің дизайнер-интерьер мамандығы бойынша 3 курстың үздік студенті. Биыл кіші қызым Азиза да өз талабы мен талантын сынамақшы. Алдыңғы балаларымның жолын берсін деп тілеймін! Азизамның сыныптастарына,«Жаңа ғасыр» №175гимназияның барлық түлектеріне Ақ жол!,— тілей отырып, ұстаздарының берген білімі мен ілімі сендерді тек биікке жетелейді деп сенемін! «Жаңа ғасыр» №175 гимназияның аса құрметті де ұлағатты ұстаздары! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, творчестволық табыстар тілеймін! Шәкірттеріңіз тек биіктерді ала, қанаттарын кеңінен жая самғасын деп тілек білдіремін!

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе!
Ізгі ықылысыңызға рақмет!"

5 лет назад

Койбакова Асем 5 лет назад

Құрметті Гаухар Бозжігітқызы, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және сынып жетекшіміз Айнұр Каримовна Сіздерге деген алғысымыз шексіз.
Ұлым Сейтжан Ибрагим 2”Ғ” сынып оқушысы “Жаңа Ғасыр” 175 гимназиясында оқиды.
Айнур Каримовнаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Өйткені қазіргі бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында, түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларымызға толық әрі сапалы білім беріп отыр. Біз Айнұр апайымызды өте қатты құрметтейміз және жақсы көреміз!!!
Карантинге қарамастан мектебімізде барлық пәндер жоғары деңгейде жүргізілді, балаларымыздың білім алуына жағдай жасалды. Ұстаздардың еңбегінің нәтижесінде балаларымыз толық білім алып шықты деп ойлаймын.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе!
Ізгі ниетіңізге рақмет!"

5 лет назад

Омарбекова Айгерим 5 лет назад

Сәлеметсіздер ме?! Мен, Жаңа ғасыр 175 гимназиясының 1А сынып оқушысы Дүйсен Каринаның анасы, гимназия директоры Гаухар Бозжигитовна және сынып жетекшіміз Айнұр Каримовнаға алғыс айтқым келеді.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздердің жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Қоғам мен адамзат алдындағы еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және балаларымыздың болашағы жолындағы абыройлы істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Қазіргі кезеңдегі өршіген дерт салдарынан қашықтықтан оқытуға қарамастан, шәкірттеріңізге берген білім үшін басымызды иеміз. Айнұр Каримовнаның өткізген әр сабағы қызықты, танымды әрі ақпаратқа толы. Қызымның сіздей ұстаздың шәкірті болғанын мақтан тұтамын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектеп әкімшілігінің белсенділігі. Кез келген мерекелерде қашықтықтан оқығанға қарамастан, онлайн форматта әр түрлі іс шаралар өткізіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің қанаттарын ұштандырғандарыңыз үшін рақмет!
Құрметті Гаухар Бозжигитовна,ұстаздар ! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге рақмет !"

5 лет назад

Омарбекова Айгерім 5 лет назад

Мен, Жаңа ғасыр 175 гимназиясының 1А сынып оқушысы Дүйсен Каринаның анасы, сынып жетекшіміз Айнұр Каримовнаға алғыс айтқым келеді.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздің жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Қоғам мен адамзат алдындағы еңбектеріңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және балаларымыздың болашағы жолындағы абыройлы істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Қазіргі кезеңдегі өршіген дерт салдарынан қашықтықтан оқытуға қарамастан, шәкірттеріңізге берген біліміңіз үшін басымызды иеміз. Айнұр Каримовнаның өткізген әр сабағы қызықты, танымды әрі ақпаратқа толы. Қызымның сіздей ұстаздың шәкірті болғанын мақтан тұтамын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектеп әкімшілігінің белсенділігі. Кез келген мерекелерде қашықтықтан оқығанға қарамастан, онлайн форматта әр түрлі іс шаралар өткізіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің қанаттарын ұштандырғандарыңыз үшін рақмет!
Құрметті ұстаздар, мектеп әкімшілігі! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге рақмет !"

5 лет назад

Сайдхметова Гульнара 5 лет назад

Мен 9 "М " сынып оқушысы Жеңіс Асхаттың анасы мектебіміздің әкімшілігіне, ұстаздар қауымына өз алғысымды білдіргім келеді. Құрметті Гаухар Бозжігітқызы, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшіміз Ажибаева Әлиман апай Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Қазіргі бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында, түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларымызға толық әрі сапалы білім беруді жалғастырып оқу процесін үзбей еңбек еткендеріңіз үшін ата-аналар атынан алғысымды білдіремін.
Карантин уақытына қарамастан мектебімізде барлық пәндер жоғары деңгейде жүргізілді, балаларымыздың білім алуына жағдай жасалды. Ұстаздардың еңбегінің нәтижесінде балаларымыз толық білім алып шықты деп ойлаймын. Гимназия ұжымы, ұстаздар қауымы қазіргі қиын кезде ең алдымен дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе !
Ізгі ниетіңізге үлкен рақмет !"

5 лет назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Каратаева Жазира Аяпбергеновна

Директор

Каратаева Жазира Аяпбергеновна

Директор

Каратаева Жазира Аяпбергеновна Жалпы ақпарат, білім: Туған күні: 1976 жылғы 17 қараша Туған жері - Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл аулы Ұлты - қазақ Білімі - жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1997 жылы - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Мамандығы бойынша біліктілігі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Еңбек жолы: 01.09.1997- 01.09.1999 жылдары - Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылындағы «Сағат Әшімбаев» атындағы орта мектеп 01.09.1999/ 13.02.2007 - Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 қазақ орта мектеп 13.02.2007 жылдан Алматы қаласы Білім басқармасының «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия» КММ

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.