Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Турксибский район Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №115 имени Д.Бабаева» Управления образования города Алматы
Школа

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №115 имени Д.Бабаева» Управления образования города Алматы

Об организации

Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.

Вопросы и ответы (15)

Тлеубаев Тайшибек 1 год назад

Ассалаумағалайкум Талғат Талдыбай ұлы! 11 сынып бытырушылерден ақша жинау басталды, бұл қашан бітеді, мұғалім өз жұмысын атқарып отыр ғой, оған неге ақшалай болмаса алтындай сыйлық берілу керек. Онсыз да ата аналар косымша сабакка катыстырып балалардын ЕНТдан дурыс отсе екен деп шапкылап жургенде. Осы жағын мұғалімдерге қатаң түрде ескертіп, қадағаласаңыз дұрыс болар еді. Ата аналар комитеті деген тек осылай ақша жинаумен айналысады, бұл қандай келісім шартта бар? Осы нәрсеге тосқауыл қоймасаңыз мектептің атына және сіздің беделіңізге көлеңкесін түсіріп отыр.

Официальный ответ

"Қайырлы күн! Жанашырлық хабарламаңыз үшін көп рақмет! Аталған мәселенің анық-қанығына көз жеткізіп, бұндай келеңсіз жағдайды болдырмау бағытында жұмыс жүргіземін. Ата-аналар өз тараптарыңыздан ата-аналар комитеттері деген ұйымдастырушыларға ешқандай ақша бермеулеріңізді, сыйлық сыйлауға жол бермеулеріңізді сұраймын. Мүмкіндік болса болса, ақша жиналып жатқан сынып туралы мәліметті нақтыласаңыз."

1 год назад

Абдильдаева Назым Ракымгалиевна 1 год назад

Балам Нұрисламды осы мектепке ауыстырғым келеді.семья жағдайына байланысты

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе? Егов порталынан өтініш жіберіңіз. Бала қозғалысын талқылау үшін мектепке шақырамыз!"

1 год назад

Жания 1 год назад

Сәлеметсіз бе !
Көркем еңбек пәні бойынша бос жұмыс орыны бар ма ?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе! Мектеп бойынша барлық вакансиялар мемлекеттік enbek.kz порталында тамыз айында жарияланатын болады. Бақылап отыруыңызды сұраймыз!"

1 год назад

Жұмабаева Мөлдір Қамырбай қызы 1 год назад

Дипломымды жаңа алып, тесттан өттім. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. Қазіргі уақытта жұмыс қарастырып жүр едім. Сіздерден бос орын барма, жұмысқа тұруға, сол туралы біле алам ба?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе! Мектеп бойынша барлық вакансиялар мемлекеттік enbek.kz порталында тамыз айында жарияланатын болады. Бақылап отыруыңызды сұраймыз!"

1 год назад

Мирас 2 года назад

Қай сыныптар түске дейін оқиды

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе? Біздің мектебімізде бірінші ауысымда 1,4,5,8,9,10,11 сыныптар , ал екінші ауысымда 2,3,6,7 сыныптары оқиды"

2 года назад

Айнұр 2 года назад

Қазір мектепте директор кім?

Официальный ответ

"Қазіргі таңда біздің мектебіміздің жаңа директоры - Казыбаев Талғат Талдыбайұлы."

2 года назад

Надира Кусаинова 3 года назад

Биыл қыркүйекте нулевой сынып боладыма?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе! Иә, жаңа оқу жылында мектепалды даярлық тобына оқушылар қабылданады."

3 года назад

Самашева Пернекул 3 года назад

Саламатсыз бе Алия Сбанкуловна! Сыз баскарып отырган мектептын 5 сынып мугалымы Атымтаева Жулдыз ата аналардан әрдайым акша жинай береды, бул не сумдык, мектепке бюджеттен акша болынеды емес пе. Шара колданыныз, бундай мугалымдер сыздын мектептын атына кыр келтыруде.

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе! Самашева Пернекул, кері байланыс орнатқаныңызға рақмет. Тиісті шараларды қолданамыз."

3 года назад

Сатимбекова Динара Омирбековна 3 года назад

Сәлеметсіз бе, алдымен сізге және осы мектептің мұғалімдеріне рахмет айтқым келеді. Бірақ балалар мұғалімдермен көбірек театр, парк деген жерлерге барса, соны ұйымдастыруға болады ма?

Официальный ответ

"Құрметті ата-ана сұрағыңызға рақмет! Биыл сынып жетекшілер мен оқушыларды театрға жоспар бойынша жібереміз."

3 года назад

Джунусова Маржан Кошкембаевна ата-ана 3 года назад

Сәлеметсіз бе Әлия ханым
Мен ата-анамын.Сұрағым:
Күнделікті ас мәзірінің кестесін қайдан,қалай көруге болады?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Күнделікті ас мәзірінің кестесін alschool.kz сайтынан және күнделік кзтен көруге болады."

3 года назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Казыбаев Талғат Талдыбайұлы

Директор

Казыбаев Талғат Талдыбайұлы

Директор

Мен, Казыбаев Талғат Талдыбайұлы 1972 жылы 25 қарашада Алматы облысы , Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келдім. 1980 жылы Қарасаз орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1990 жылы мектептің 11-ші сыныбын бітіріп шықтым. 1990-1995 жылдар аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің математика факультетінде оқып, бітірдім. 1995-1999 жылдар аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданы , Қарасаз орта мектебінде математика пәні мұғалімі. 1995-2002 жылдар аралығында осы ауданның Т. Мұсақұлов атындағы орта мектебінің директоры. 2002-2006 жылдар аралығында Қайнар орта мектебінің директоры қызметін атқардым. 2006 жылдың 1-ші қыркүйегінен Алматы қаласы, Медеу ауданы №172 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі. 2008-2014 жыл аралығында №172 мектеп гимназиясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2015 жылыдың 1 қыркүйегінен 2023 жылдың 28 тамызына дейін №172 мектеп гимназиясында директор қызметін атқардым.

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.