Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Ауэзовский район Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №141» Управления образования город Алматы
Школа

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №141» Управления образования город Алматы

Об организации

Құрметті достар! Сіздермен жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік билік органдарының ашықтық белгісі болып табылады. Ең алдымен осы блог қызықтыратын жəне толғандыратын ойлармен алмасу, конструктивті диалог жүргізуге жақсы мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін. Тілдесу кезінде біз қазіргі қоғам дамуының ажырамас шарты сияқты ерекше диалог құра аламыз деген үміттемін. Сіздердің түсініктеріңіз бен ұсыныстарыңыз – менің жұмысыма бағасыз демеу. Орынды ұсыныстары бар түсініктемелер ескерусіз қалмайды. Өзімнің блогымда аса қызығушылықпен жаңа идеялар мен батыл шешімдерді күтемін! Дорогие друзья! Приветствую Вас на персональном блоге руководителя, который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы. Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов государтсвенной власти. Убежден, что для Вас, как и для меня, этот блог, прежде всего, прекрасная возможность вести конструктивный диалог. Надеюсь, что в ходе общения мы сможем выстроить своеобразный диалог для развития современного общества. Мне, как руководителю управления, действительно, важно получать дельные предложения и советы. Ваши мнения, высказанные в блоге, будут неоценимым подспорьем в моей работе. Обещаю, что комментарии, содержащие дельные предложения, не останутся без внимания. С большим интересом буду ждать на своем блоге новых идей и смелых предложений.

Вопросы и ответы (10)

Кадирова Камшат 4 месяца назад

Алматы қаласы білім басқармасының
"№141 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
директоры Г. К Жумашева ханымға
ата-ана К. К. Кадировадан


Шағым

Құрметті Жумашева Газиза Карагулқызы!
Мен, Кадирова Камшат Кеңесбайқызы 11 в сынып оқушысы Ануарбек Ақниеттің ата-анасы ретінде, мектеп завучымен болған жағдайға байланысты бірқатар мәселелерді талқылау үшін сізге жүгініп отырмын.
Біздің жағдайымызды дұрыс түсініп, оң әрі әділ шешіп беруіңізді сұраймын. Соңғы уақытта мектеп завучы біздің баламызға теріс көзқарас танытып келеді. Өткен жолы қаңтар айында мектепке барып жұмыстан сұранып, өтініш жазып барып едім, қызымды басқа сыныпқа ауыстыру туралы. Кеше ғана пед совет болды ондай мәселерді пед советте шешеді, енді 3 -ші тоқсанның соңында болады пед совет, сол кезде келіңіз деп бос әңгіме айтып шығарып салған болатын. Ал мен Гулжаухар апайдың айтқанына сеніп кете бердім. Сөйтіп досым бір мектепте завуч болып істейді, сол досымнан сұрап едім. Қазақстанның мектептерінде сыныптан сыныпқа, мектептен мектепке ешқандай пед. советтің қатысынсыз ауыса алады деді. 141 ЖББ мектептің заңы басқа болмаса деген еді. Соны есітіп ертесіне қайта бардым өтініш жазып. Рахмет Сізге бір күнде ауыстырып бердіңіз. Сонда Гүлжаухар апай маған неге дұрыс жауап бермеген? Мектептің ережесін білмейді ма екен? Сол сыныптан сыныпқа ауыстыру үшін екі күн жұмыстан сұрандым. Мен 5 баланың анасымын. Баларымды ешкімнің ермегіне туып отырған жоқпын. Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп өсіріп отырған ақылды балаларымыз. Үлкен қызым 2004 жылғы оныда күнде түрткілеп қоймаған соң, 9-шы сыныптан кейін шығарып алып басқа мектепке бергенбіз. Үлкен қызым қызыл аттестатпен бітірді. Қазір Корея қаласында білім алып жүр.
Ұлым 2006 жылғы оныда бұзық балаңыз, сабақ оқымайды деп айта берген соң, шығарып алып АЭМК колледжіне бердік. Баламның екі сабағы 4 қалғандары 5. Балаңыз тәртіпті сабағыда жақсы деп 1 жарым ай Германияға практикаға жіберді.
Енді 2009 жылғы қызым Ақниетке тыныштық бермей жүр. Осы қызым ғана 11-ші сыныпты толық бітірейін деп жүрген. 3 ай қалсада тиіскендерін қоймайды. Қазіргі балдардың жүрегі өте нәзік. Үйде жүргенде де айналып толғанып, мақтап күн көріп жүрміз.
Гүлжаухар апай болса басқа оқушылардың көзінше «Жырбыңдап, сыныптан сыныпқа ауысып бағың ашылды ма?» деп педагог статусына сай емес сұрақ қойыпты, содан соң қызымды акт залынан шығарып жіберіпті.
Қызым жылап үйге кетіп қалыпты. Бүкіл оқушының көзінше менің масқарамды шығарды дейді. Мұндай жағдай 1-ші рет емес. Шыдамныңда шегі бар.
Өткенде де қара шалбар киіп барғанда есіктің алдында тұрып алып айқайлап бүкіл оқушылардың көзінше маған ғана ұрысып үйге қайтарып жіберді дейді. Көк шалбарын жуып қойған болатын, кеппей қалған. Үйге келсем қызымның көзі ісіп кеткен, жылаған кешке дейін. Үйге бара жатқанда жолда қызыма бірдеңе болса не болар еді? Мені мектепке кіргізбей ұстап тұрды дейді. Менің қызымнан басқа оқушыларда қара шалбар киіпті, бірақ оларды мектепке кіргізеді. Суреттері бар. Оқушылардың бәрі көк түсті киіммен жүрген жоқ көріп отырмын. Жалғыз менің қызым болса айтар едім апайдыкі дұрыс деп. Неге олай оқушыларды алалайды? Тәртіп бәріне бірдей болу керек деп ойлаймын.
Бұл жағдай бізді қатты алаңдатып отыр, себебі баланың психоэмоционалды жағдайына және оқуына теріс әсер етуде. Біз оқушының құқығы мен жеке тұлғасының құрметтелуін және оған әділ қарауды маңызды деп санаймыз.
Мен үлкен қызымда мұғалімдікі дұрыс деп келдім. Қазір қызым айтып отыр дұрыс емес екенін. Мама сол кезде мен мектептен бір ұрыс есітіп келетінмін, үйге келген соң сіздерден тағы ұрыс есітетін едім дейді.
Ұлымда солай айтты. Сіздер мектептегі мұғалімдікі дұрыс дейсіздер. Ол мұғалімдер балаларды алалайды , бәріне бірдей қарамайды дейді. Оның дәлелі үшінші қызым. Қызым «Qadaz» оқу орталығында оқиды онлайн. Үздіктердің қатарында. Жақсы оқып жүр. Грамоталар алып жүр. Мұғалімдер оқушыларды алаламай бірдей қараса.
Сізден осы мәселеге қатысты нақты түсінік беріп, баламыздың оқу құқығы мен жағдайын әділ түрде шешіп беруіңізді сұраймыз. Мүмкіндік болса әділ шешімнің жауабын берсеңіз!


Құрметпен, ата-ана: Кадирова К. К.
тел: 7 707 718 0818

Официальный ответ

"Алматы қаласы Білім басқармасы
№141 жалпы білім беретін мектеп
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ата-ана К.К. Кадироваға
ЖАУАП ХАТ
Құрметті Камшат Кеңесбайқызы!
Сіздің мектеп әкімшілігінің атына жолдаған өтінішіңіз қарастырылды.
Ең алдымен, балаңыздың жағдайына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз.
Өтініште көрсетілген мәселелер бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жағдайға байланысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Н. Садырбаеваға оқушымен сөйлесу барысында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау қажеттігі туралы ескерту жасалды. Мектеп қызметкерлері Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп қағидаларын ұстануға міндетті екені тағы да түсіндірілді.
Сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі мектептің ішкі нормативтік құжаттарына және педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Бұл бағытта Сізге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Киім үлгісіне қатысты талаптар мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес барлық білім алушыларға бірдей қолданылады. Тәртіптің сақталуы әкімшілік бақылауында болады.
Балаңыздың психоэмоционалдық жағдайын ескере отырып, мектеп психологы тарапынан қолдау жұмыстары ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда Сізбен бірлескен кездесу өткізуге дайын екенімізді білдіреміз.
Сонымен қатар, жауап хаттың кешіктіріліп берілуі менің еңбек демалысында болуыма байланысты екенін және кеш жауап бергенім үшін кешірім сұрайтынымды хабарлаймын
Мектеп әкімшілігінің басты мақсаты – әрбір оқушы үшін қауіпсіз, қолайлы және әділ білім беру ортасын қамтамасыз ету.
Құрметпен,
Мектеп директоры: Г.К.Жумашева."

4 месяца назад

Кадирова Камшат 4 месяца назад

Шағым жазып едім . Қайда жүктеуге болады екен?

Официальный ответ

"Қайырлы күн Камшат ханым! Шағымыңызға жауап берілді."

4 месяца назад

Иманалина Балжан Нұрғисақызы 10 месяцев назад

Қайырлы күн! Бастауыш сынып мұғалімі бойынша бос жұмыс орындары бар ма?

Официальный ответ

"Қайырлы күн Балжан Нұрғисақызы! Бос орындар бойынша enbek.kz.немесе https://hr-nobd.edu.kz платформаларынан көре аласыз. Рахмет"

10 месяцев назад

Асель Шаяхметовна 1 год назад

Салеметсізба, жұмыс жөнініде мәлімет алайын деп едім.

Официальный ответ

"Қайырлы күн Асель Шаяхметовна! Жұмыс жөнінде бос қызмет орны болса https://hr-nobd.iac.kz/ платформасына салынады."

1 год назад

Алмагүл 2 года назад

көрсетілген жұмыс телефондарыңызға үш күн күні бойы звондап алдыра алмадым. Жарамды номер қоясыздарма? әлде жұмыста болмайсыздарма?

Официальный ответ

"Қайырлы күн! Мектеп күрделі жөндеуден келуіне байланысты мектеп телефондары ауысқан. 373-69-36"

2 года назад

Сапарбекова Жанар Ерлибековна 2 года назад

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды өтінемін. 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Жанар Ерлибековна! Вакансия болған жағдайда, enbek.kz сайты арқылы бос жұмыс орындарына конкурс жариялаймыз. Сәттілік!"

2 года назад

Әбілда Айгүл 3 года назад

Саламатсыз ба

2022 жылы шілде айында университет бітірдім, мамандығым ағылшын тілі. Мұғалімдік 1 жыл курстарда сабақ бердім және халықаралық емтихандар (IELTS, DET) қорытындылары бойынша 11 сыныпқа дейін сабақ жүргізе аламын. Қазіргі уақытта мамандығым бойынша жұмыс іздеудемін, оқу орнына ағылшын маманы қажет болса, 8 707 446 2089 бойынша хабарлассаңыздар болады.
Оқыту тілі; Қазақ, орыс, ағылшын

Здравствуйте

Я закончила университет в июле 2022 года, моя специальность английский язык. Вела курсы 1 год как преподаватель и по результатам международных экзаменов (IELTS, DET) могу преподавать до 11 класса. В настоящее время я ищу работу по своей специальности, если учебному заведению нужен специалист по английскому языку, пожалуйста, свяжитесь со мной по телефону 8 707 446 2089.
Язык преподаваний; казахский язык, русский язык, английский язык

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Айгүл! №141 жалпы білім беретін мектепте дәл қазіргі кезде бос орын жоқ. Егер бос орын болса Enbek.kz сайтына жариялаймыз."

3 года назад

Құрманбек Улангуль 4 года назад

Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Улангуль! №141 жалпы білім беретін мектепте дәл қазіргі кезде бос орын жоқ. Егер бос орын болса Enbek.kz сайтына жариялаймыз."

4 года назад

Малаева Еркежан 4 года назад

Сәлеметсізбе!Мен ағылшын пәні мұғалімі Малаева Еркежан ,2020 жылы Абылай хан атындағы жоғарғы оқу орынды тәмәмдадым,және 1 жыл жұмыс істедім яғни мамандығым бойынша тәжірібием бар,егер сіздер де орын бар болса сіздермен жұмыс жасағым келеді
87056678637

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе Еркежан! №141 жалпы білім беретін мектепте дәл қазіргі кезде бос орын жоқ. Мектептің электронды почтасына түйіндемеңізді қалдырыңыз, алдағы уақытта егер бос орындар болса хабарласамыз"

4 года назад

EdTech подготовка к ЕНТ 4 года назад

Добрый день!!!
Хотим провести бесплатное пробное тестирование для выпускников вашей школы.
МЦО "EDTECH" работает в сфере подготовки к ЕНТ с 2004 года
110 - средний балл учеников
80% - выпускников обладатели государственных грантов
20% - выпускников обладатели скидок в ВУЗ

Контактные данные:
87779500511 - Камшат

Жетысу2, 16а 6 этаж
Назарбаева 174б

Официальный ответ

"Добрый день!
Довожу до Вашего сведения, что даю согласие на проведение бесплатного пробного тестирование для выпускников нашей школы.

Контактные данные:
373-69-39"

4 года назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Жумашева Газиза Карагуловна

Директор

Жумашева Газиза Карагуловна

Директор

Жумашева Газиза Карагуловна Туған күні: 1969 жылы 1 – қараша. Туған жері – Қызылорда облысы,Арал қаласы. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1986-1991ж Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институты, биология және химия пәні мұғалімі Мамандығы бойынша біліктілігі: педагог-зерттеуші. Еңбек жолы: 28.08. 1991 - 26.98.1993ж - № 99 қазақ орта мектебі. Химия пәнінің мұғалімі. Арал қаласы 26.08.1993 - 01.09.1995 ж – № 220 орта мектебі химия және биология пәндерінің мұғалімі. Арал қаласы 17.09.1995 - 29.12.2000 ж - ҚР Білім министрінің «Қазақстан жоғары мектебі» журналы ғылыми редакторы. Алматы қаласы 01.09 .2001 - 30.09.2009ж - № 86 мектеп – гимназия. Биология пән мұғалімі. Алматы қаласы 01.10.2009 - 12.09. 2011ж - № 86 мектеп – гимназия, оқу –тәрбие ісінің меңгерушісі. Алматы қаласы 13.09.2011 – 17.06.2025 ж - № 139 мектеп – гимназия, оқу –тәрбие ісінің меңгерушісі. Алматы қаласы 17.06.2025 ж. бастап - №141 жалпы білім беретін мектеп, директордың міндетін атқарушы. Алматы қаласы

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.