Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №218" Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Осы блогтың көмегімен Сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және менің көмекшілерім, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. С помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои помощники будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (2)
Лаборант —
"Құрметті Айман!
Лаборант — білім беру ұйымындағы оқу-көмекші (техникалық) персонал санатына жататын қызметкер."
4 месяца назад
✅ Химия пәні бойынша лаборант конкурсының ЗАҢДЫ талаптары
1️⃣ Лауазым мәртебесі
• Химия лаборанты — педагогикалық қызметкер емес
• Оқу-көмекші (техникалық) персонал санатына жатады
• Сабақ өткізбейді, бағаламайды, оқу жүктемесі жоқ
"Құрметті Айман!
Сіздің «Химия пәні бойынша лаборант конкурсының заңды талаптары» туралы сұрағыңыз қарастырылды.
Химия пәні лаборантының лауазымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және білім беру ұйымдарының штаттық кестесіне сәйкес оқу-көмекші (техникалық) персонал санатына жатады. Аталған қызмет педагогикалық лауазым болып табылмайды.
Лаборанттың негізгі міндеттері – оқу кабинетін, зертханалық құрал-жабдықтарды дайындау және күтіп ұстау, қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз ету, мұғалімге оқу процесін ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету.
Лаборант:
– сабақ өткізбейді;
– білім алушыларды бағаламайды;
– педагогикалық жүктемеге ие болмайды.
Конкурс өткізу кезінде үміткерлерге қойылатын талаптар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге және білім беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мектеп әкімшілігіне жүгінуіңізге болады."
4 месяца назад
Рейтинг организации
0 голосов
Закирова Айна Сырымханқызы
Директор
Закирова Айна Сырымханқызы
Директор
Закирова Айна Сырымханқызы 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты ауылында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын Тараз қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №5 гимназиясын аттап, 11-сыныпты сол мектепті үздік аттестатқа бітіріп шықтым. 2002 ж Тараз Мемлекеттік Университетіне конкурстық негізде физика және информатика мамандығы бойынша грант иеленіп, 2006 жылы бітіріп шықтым. Еңбек жолын 2007 жылы ақпан айында Алматы қаласының Медеу ауданы,№100 орта мектебінде информатика пәні мұғалімі ретінде бастадым. 2008 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» гимназияға информатика пәні мұғалімі ретінде ауыстым. 2015-2016 жж аталған гимназияда директордың бейін және ғылыми ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым. 2016-2025 жылдың ақпан айына дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. 2024 ж мемлекет президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен «Өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында құрылған кадрлық резерв құрамына кірдім.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.