Коммунальное государственное учреждение «Школа-гилицей №119 » Управления образования города Алматы
Об организации
Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер! Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған. Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді. Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол. Добро пожаловать! Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет! Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»! Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни. Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем. Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.
Вопросы и ответы (22)
Сәлеметсіз бе. Мен Казгу да мехматды битиргенмин математиканы .соган сиздің мектепде вакансия барма деп сурайын деп едім ренжімесеңіз.
"Қайырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ."
9 месяцев назад
Сәлеметсізбе құрметті Жаныл Сатаевна. Бірінші сыныпқа келген баламды 1-ші В немесе 1-ші Ә сыныбына ауыстыруыңызды сұраймын. Нөмірі 39 балабақшадан келген балалардың көбісі осы сыныптарға жіберілген. Балам достарынымен бірге оқып жүргенді қалайды, сұрап жүр. Балам Мұңлық Ақгүл Бақтиярқызы
"Сәлеметсіз бе! Сыныптан сыныпқа оқушыны ауыстыру 5.09.2025 - нен кейін жүргізіледі."
9 месяцев назад
Добрый день!
У вас над вторым (чёрным) входом, со стороны 86 дома, стоит аварийное дерево, с большой трещиной, под ним дети ходят. Его надо убрать пока никого не придавило.
Юрий.
"Добрый день! Было отправлено письмо в Управление экологии и окружающей среды города Алматы по вопросу обрезки сухих деревьев и веток. Разрешение получено 25.08.2025."
9 месяцев назад
22.01.2025 ж. №001 шығыс хаты Алматы қаласы
Құрметті, Жаныл Сатаевна!
2025 жылғы 17 қаңтарда сыныптың ата-аналар жиналысы өтті, бұл жиналыста сынып жетекшісіне қатысты көптеген сұрақтар туындады. Біз жағдайды Сізге жеткізіп, оны талқылау үшін кездесу өткізуді сұраймыз.
Жиналыс ойындар мен сауалнамалар түрінде басталып, еркін атмосфера туғызғандай көрінді. Алайда кейін оқушылардың үлгерімін талқылауға көшкенде, сынып жетекшісі әр оқушыны жеке-жеке атап, талқылау жасады. Мирас есімді оқушы туралы сөз қозғалған кезде оның анасы мен сынып жетекшінің арасында ескі реніштерге байланысты жанжал туындады. Ата-аналар бұл жанжалды әзер тоқтата алды.
Одан кейін бір ана өз қызымен болған жағдай үшін мұғалімге алғыс айтып, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін кім балалар чатынан ақпаратты таратқанын сұрады. Сынып жетекшісі бұл ақпаратты Нұрасыл есімді баланың әжесі жібергенін айтты. Бірақ бұл ақпараттың расында Нұрасылдың анасы Алтынай тарапынан таралғаны белгілі болғанда, ата-аналар бұл мәліметтің жасыруын құптамады. Содан кейін мұғалім дауысын көтеріп, бізді балаларымызды дұрыс тәрбиелей алмады деп айыптай бастады.
Балалар чатына қатысты оқиғада бейәдеп сөздерді қолдану мәселесі шешілген болатын: балалар кешірім сұрап, тиісті жаза алған. Алайда чатты кімнің таратқаны туралы сұрақ шешілмей қалды. Біз, ата-аналар, сыныпта сенімділік пен түсіністік атмосферасы болғанын қалаймыз. Бірақ мұғалімнің Нұрасылдың анасы Алтынайды қорғауы мұндай әрекеттердің рұқсат етілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар, мұғалім сабырлы және конструктивті талқылаудың орнына:
1. Сыныппен жұмыс істеуден бас тартамын және инспектор шақырамын деп қорқытты.
2. Қарама-қайшы мәлімдемелер жасады: басында сыныпты мақтап, кейін балалардың проблемалы екенін және бізден бұл жағдайды жасырғанын айтты.
3. Ата-аналарға айқайлап, сөзін бөліп, пікір айтуға мүмкіндік бермей, бір ата-ананы мүлде тоқтатып тастады.
4. Жиналысты аяқтап, жарықты сөндіріп, кабинеттен кетіп қалды, талқылауды аяқтауға мүмкіндік бермеді. Біз оны үш рет тоқтатуға тырыстық, бірақ ол қашып кетті.
5. Бір ана өз пікірін айтқан кезде, мұғалім оның қызы Арай «Алтын белгі» алмайды деп қорқытты. Мұндай сөздер біз үшін қолайсыз әрі орынсыз.
6. Ата-аналардың наразылықтары мұғалімге емес, чатты таратқан Нұрасылдың анасы Алтынайға бағытталған кезде, мұғалім бұл оның мәселесі емес екенін айтып, оны шешуден бас тартты.
7. Жағдайды реттеудің орнына мұғалім өзінің жетістіктерін талқылауға көшті, бұл біздің алаңдаушылығымызды күшейтті.
8. Мұғалім басқа мұғалімдердің оқушыларды бағалауы оның ықпалына тәуелді болады деп қорқытып, оқушылардың бағаларын төмендететінін айтты.
9. Мұндай әрекеттер педагогқа деген сенімді бұзып, ата-аналар мен балалар арасында қорқыныш пен шиеленіс туғызады. Мұның оқу процесі мен балалардың моральдық жағдайына теріс әсер ететінінен алаңдаймыз.
10. Мұғалім балаларды көпшілік алдында қорлауға жол береді, бұл педагогқа мүлдем сай келмейді. Мысалы, Ибрахим есімді оқушының анасы Виленаның ұлына «көзілдірікті» деп кемсітуге қарсы айтқан сұрағына мұғалім дөрекілік көрсетті. Бұл баланың денсаулығы үшін кінәлі емес, ал мұндай сөздер оның қадір-қасиетін төмендетеді.
11. Ата-аналардың сұрақтарына жауап берудің орнына, мұғалім дөрекілік көрсетіп, проблемаларды елемейді.
12. Нұрасылдың анасы Алтынай ата-аналар чатының ақпаратын, соның ішінде жеке пікірлерді таратты. Бұл анықталғаннан кейін оны чаттан шығардық. Мұғалімнің жеке талқылауларға араласуы және басқа ата-аналардың сөздерін таратқаны орынсыз.
Педагог оқушылар үшін үлгі болуы керек, ал оларды қорлау немесе өздерін төмен сезіндіретін жағдай жасау оқу процесіне кері әсер етеді.
Сондықтан, сынып жетекшілігінен бас тарту ниетін ескере отырып, оны бұл қызметтен босатып, сыныппен кәсіби және құрметпен жұмыс істей алатын мұғалім тағайындауды сұраймыз.
Біз сынып жетекшінің әрекеттеріне алаңдаймыз. Балалардың тыныш және жайлы ортада білім алғанын, ал педагогтар мен ата-аналар арасындағы мәселелер кәсіби түрде шешілгенін қалаймыз.
Сізден бұл жағдайды талқылау үшін кездесу тағайындауыңызды және ата-аналар жиналысына қатысуыңызды сұраймыз. Ыңғайлы күн мен уақытты хабарлауыңызды өтінеміз, кері байланыс:daulet.arynov@inbox.ru
Құрметпен, 8 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары
"Сәлеметсіздер ме, құрметті 8"Ә" сынып ата-аналары! Ата-аналар жиналысының барысы туралы мәлімдемелеріңізбен таныстым. Сұраныстарыңыз бойынша жиналыс өткізіледі. Өту уақытын мына адреске жіберемін: daulet.arynov@inbox.ru
Құрметпен №119 МЛ директоры Ж.С.Батырбекова."
1 год назад
Сәлеметсіз бе Батырбекова Жаныл Сатаевна, сізге мұғалімдікке қатысты сұрақпен жазып тұрмын. Аты-жөнім Сансызбайқызы Зарина. Жасым 23 те. Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетін өнер бакалавры, дизайн мамандығы бойынша бітірдім. Мұғалімдік тәжірибем жоқ, сізден мектепке бейнелеу, еңбек пәні бойынша орналасуға болады ма, ол үшін не істеу керек, қандай құжаттар дайындау керек екендігін білейін деп едім.
"Қайырлы күн! Қазіргі уақытта бос жұмыс орны жоқ."
1 год назад
Мен 7 "В" сынып оқушысы Күлдімінас Дастанның ата-анасымын, №119шы мектеп-лицейдің директорына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшіміз Жанаргул апайға алғыс айтамын. Балам осы мектепте 1ші сыныптан оқиды, улттық білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүр, домбыра үйірмесіне қатысып талай конкурстардың жеңімпазы атанды.
Еңбектеріңізге табыс тілей отыра, қазақ елінің болашағы - балаларымыздың тәрбиесіне қосып жатқан үлестеріңіз жалғасын таба берсін деймін. Мектебіміз өсіп , көркейіп, алдыңғы қатардан көрінуіне тілектеспін.
"Қайырлы күн құрметті ата-ана! Еңбегімізді бағалап, алғыс білдіріп жатқаныңызға рақмет! Балаңыздың алар асулары, шығар биігі көп болсын."
1 год назад
Сәлеметсіз бе, Жаңыл Саятовна! менің бұрыннан бергі көкейімде жүрген сұрағым бар, әр сыныпты сабақ беруге керекті колонкалар, удлинитель сияқты керек жарақтармен мектеп қамтамасыз ету керек , ия? енді сұрақ: неге қыркүйекте балалар оқуға келгенде сыныпта не колонки, не удилинитель, не дурыс істейтін компютер жоқ? неге осы заттардың бәрін мұғалім өз ақшасына алу керек? немесе ата-аналар алу керек? жыл сайын мектеп неге қамтамасыз етпейді?
"Қайырлы күн Мақпал ханым!
Қазіргі уақытта мектептерде мұғалімнен және оқушыдан ақша жиналмайды. Әр пән мұғалімі кабинетінде құрал-жабдықтары істен шығып қалса немесе бұзылса жауапты қызметкерге сұраныс жасайды. Жан басына шаққанда бөлінетін қаражат есебінен өткен оқу жылында 10 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталды. 1 информатика, 1 робототехника кабинетін алдық. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін 5 жаңа кабинет аламыз және 4 кабинеттегі жиҺаздарды жаңартамыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша барлық кабинеттер мен құрал-жабдықтар жаңартылады.
Сіздің хатыңызда көтерілген мәселе әкімшілік бақылауына қойылады."
2 года назад
Здравствуйте, Жаныл Сатаевна.
Хочу выразить благодарность вам и учителям нашей 119 школы-лицей
"Үлкен рақмет!"
2 года назад
Сәлеметсізбе? Жаңыл Сатаевна! Сізге! 5всынып жетекшісі Файна Еркиновнаға! 5в сынып ұстаздарға алғыс айтамыз. Мектебіміз Жақсы. Ұстаздар Жақсы түсіндіреді мейірімді жандар! Балалар оқимыз десе, мектепте барлық жағдай жасалған. Түрлі үйірмелерге қатыса алады.Сізді! Сынып жетекшісі мен ұстаздарды келе жатқан Республика күнімен құттықтап! Денсаулықтарыңыздың мықтылығын! Өмірлеріңізге ғұмырлықты! Отбасылардың ызға амандық! Еңбектеріңіздің бағаланғанын! Шәкіртеріңіз сенімдеріңізді ақтап! Биік белестерді бағындырсын! Амандықта болыңыздар!
"Құрметті Қарлығаш Мұратқызы! Мектеп туралы, сол мектепте қызмет жасап жүрген педагогтер туралы жағымды пікіріңізге, жақсы тілегіңізге үлкен рақмет! Ата-аналар мен педагогтер бірлесіп балаларымызға саналы тәрбие,сапалы білім беруден жалықпайық! Аман болыңыз!"
2 года назад
1/ 119 мектептің кейбір сынып жетекшілері балалардан ақша жинауды қашан қояды? Қыркүйектің осы 20 күнінің ішінде бірнеше рет ақша жиналды. Балаларымызға тамақ ішуге берілген ақшалары әртүрлі себептер айтылып сол үшін жиналып алынуда. Баламыз басқа сыныптастарының алдында ыңғайсыз болмасын деп өзінде ақша болмаса да қарызға сұрап беруде
2/ Мектеп әкімшілігі оқушылардың мектеп дәретханасында ашық түрде электронды сигареттерді қолдануына неге жол беріп отыр?
3/ Егер сынып жетекшілері осы уақытқа дейін оқушылардан жинаған ақшаларын оқушыларға қайтарып бермесе хабарламалар түріндегі дәлелдері Аудандық және қалалық акиматтарға, білім бөлімдеріне, прокуратураға жіберіледі.
Бұл хат балалары әртүрлі сыныпта оқитын бірнеше ата-аналардың наразылығынан туындап жазылып отыр. Шыдамның да шегі бар.
Тезірек Жауап күтеміз!
"Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
1. Мектепте қандай сынып болмасын ақша жинау мәселесі жабық, ол туралы мектепішілік бұйрық шығарылған.
Оқушылардың бастапқы білімін зерделеу мақсатында кіріс тест жұмысын жүргіздік. Оны тест орталығынан алғандықтан ақылы болды. Ақшасы оқушылардан жиналды. Жылдың аяғында тағы осындай шығыс тест болатының сіздерге хабарлап қояйын.
Қандай мұғалім қандай сыныпта ақша жинап жатқанын ашық түрде келіп айтсаңыздар өте дұрыс болатын еді. Барлық мұғалімге күйе жақпай, жинап жүрген адамды анықтасам, қатаң шара қолданатын едім.
2. Электронды сигареттерді мектеп дәретханасында шегу туралы ақпаратпен мен келіспеймін. Екі жыл алысып келеміз. Оқушылар сумкаларына салып әкеледі. Қаншасын өткен оқу жылдарында жинап алдық. Биыл оқу жылы басталғалы бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Ата-аналарда тексеріп, қадағалап отырғаны дұрыс, ол туралы ата-аналар жиналысында да айтылды. Мектеп дәретханасын әр кез бақылап отырмыз.
Бақылауды одан ары күшейтеміз.
3. Мектепте қандай жағдай болмасын, ол туралы қандай жерге шағым жазсаңыздар, оны талдау үшін мектепке жіберіледі. Сондықтан сіздер мектепке келіңіздер, көзбе-көз отырып, бірлесіп осы мәселелерді егжей-тегжей қарастырайық. Мектеп те, бала да сіздер мен біздерге ортақ болғандықтан бірлесіп жұмыс жасайық. Сіздерді күтемін.
№119 мектеп-лицей директоры Батырбекова Жаныл Сатаевна"
2 года назад
Рейтинг организации
0 голосов
Батырбекова Жаныл Сатаевна
Директор
Батырбекова Жаныл Сатаевна
Директор
Батырбекова Жаныл Сатаевна Жалпы ақпарат, білім: Туған күні: 1965 жылғы 08 маусым Туған жері: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Суықсау ауылы. Ұлты-қазақ Білімі- жоғары. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1987 жыл, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Мамандығы бойынша біліктілігі: Физика пәнінің мұғалімі. Мансап: 28.08-1987/21.09.1988-физика пәні мұғалімі, №116 мектеп, Алматы қаласы; 21.09.1988/05.01.1995- математика пәні мұғалімі, №42 мектеп, Алматы қаласы; 05.01.1995/10.31.2006- физика пәні мұғалімі, №157 мектеп, Алматы қаласы; 11.09.2006/01.11.2021- физика пәні мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия, Алматы қаласы; 01.11.2021-нен №119 мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы, Алматы қаласы Батырбекова Жаныл Сатаевна Общая информация, образование Дата рождения: 08 июнь 1965 года Место рождения- Алматинская область, Аксуский район, село Суыксай. Национальность-казашка Образование-высшее Год окончания учебного заведения и его наименование: 1987 год, Казахский государственный университет имени С.М. Кирова. Квалификация по специальности: Учитель физики. Карьера: 28.08-1987/21.09.1988-учитель физики СШ №116 города Алматы 21.09.1988/05.01.1995- учитель математики СШ №42 города Алматы; 05.01.1995/10.31.2006- учитель физики СШ №157 города Алматы; 11.09.2006/01.11.2021- учитель физики и заместитель директора по учебной работе в гимназии № 175 «Жаңа Ғасыр» города Алматы; С 01.11.2021- и.о. директора ШЛ №119 города Алматы.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.