Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №101» Управления образования города Алматы
Об организации
Сәлеметсіздер ме құрметті блогқа қатысушылар! Қош келдіңіздер! Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогта сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Ең алдымен осы блог қызықтыратын жəне толғандыратын ойлармен алмасу, конструктивті диалог жүргізуге жақсы мүмкіндік беретін, біріңғай ақпараттық алаңға айналатынына сенімдімін. Здравствуйте уважаемые посетители! Добро пожаловать! Приветствую Вас на персональном блоге руководителя, который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы. Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Убеждена, что этот блог станет единой информационной площадкой, где есть прекрасная возможность вести конструктивный диалог.
Вопросы и ответы (15)
Баланы жастан, Бала бойындағы тапқырлық пен эрдуцияны қалай дамытуға болады
"Қайырлы күн, Хайитова Фарангис!
Сіз қойған бұл сұрақ қазіргі кұнде өте өзекті мәселелердің бірі.
Баланы жастан, Бала бойындағы тапқырлық пен эрудуциясын қалай дамытуға болады деген сұрағыңызға келесі кеңестерді ұсынамыз:
Эрудиция мен тапқырлықты дамытудағы ең бастысы – балалармен бірге қызықты отбасылық зияткерлік ойындарды ойнауды үйрену!
Тапқырлықты дамытуға болады! Қызықты есептерді, басқатырғыштарды, математикалық ойындарды және ақыл-ой жұмысын қажет ететін кез келген тапсырмаларды шешу арқылы жаттығуға болады.
Эрудицияны дамытудың қарапайым ережелері:
•Талқылау. Іс жүзінде қолданылмайтын немесе талқылауға болмайтын білім тез ұмытылады. Сондықтан балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Пікірін тыңдаңыз.
•Ашық сұрақтар. Жаңа білімді меңгеру барысында дұрыс қойылған сұрақ алтынмен бағаланады. "Иә" немесе "жоқ" деп жауап беруге болатын жабық сұрақтар жарамайды. Бала диалогқа араласып, жауабын ойластыратындай ашық сұрақтар ойлап табыңыз. Неге? Неліктен? Сен қалай ойлайсың деген сұрақтар көбірек қойылу керек.
•Қиялдау. Балаңызбен бірге жаңа білімді қайда, қалай қолдануға болатынын елестетіңіз.
Жақсы нәтижеге жету үшін отбасы мен мектептің баланың тапқырлығын, эрудициясын дамытуғы өзара әрекеті біріккен жағдайда жақсы нәтиже беретіні сөзсіз."
1 год назад
Ассаламу алейкум у меня такой вопрос как перевести детей к вам в школу т.к мы поменяли место жительства раньше тоже учились в уйгурской школе
"Қайырлы күн!
Құрметті ата-ана, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
№101 МГ қызмет көрсету аймағындағы ықшамаудан бойынша оқушыларды қабылдайды. Қабылдауға өтініш беру Egov.kz порталы арқылы жүзеге асады.
Қосымша сұрақтарының болса мектептің қабылдау бөліміне жұмыс күндері жолығуыңызға болады немесе 229-54-56 телефоны арқылы хабарласа аласыз."
2 года назад
Мен Омарова Айнура, менің қызым осы мектепте бастауышта оқыды.
Мен ата-ана ретінде асханаға кезекші болдым.
Асханамыз тап-таза, балалар күнде меню бойынша тамақ ішеді екен. Тамақтардың дәмі де тәтті.
Осындай жауапкершілікпен балалардың дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырып отырған мектепке рахмет және асхананың жұмыскерлеріне рахмет айтқым келеді.
Асхана заман талабына сай жабдықталған, әдемі, керемет!
"Қайырлы күн, Айнура!
Балалар үшін жасалып отырған еңбегімізге берген бағаңыз үшін көп рахмет.
Сіздердің мектеп өміріне жасап жатқан ықпалдарыңыз біз үшін өте құнды."
2 года назад
Мектеп ұжымына,басшылығына рахметімді айтайын деп едім. Бүгін асханаға кезекшілікке арнайы барып көрдім. Бүгін меню бойынша балық пюремен, қасына салат и компот, алмасы, сүзбеше болды. Тамақтың дәмін көрдім дәмді екен. Тазалыктары жақсы. Асхана жаңа модернизациялаудан өткізіліп, заманау жабдықтармен қамтылған, керемет. Асханаға көңілім толды, рақмет сіздерге!
"Қайырлы күн!
Элеанора, білдірген жағымды пікіріңізге үлкен рахмет. Мектеп жұмысына, соның ішінде балаларды тамақтандыру жұмысының жақсаруына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Мектеп әкімшілігі"
2 года назад
Қайырлы күн, мектеп ұжымы, соның ішінде сабақ кестесін жасайтын, сабақ кестесіне қатысы бар жауапты тұлғалар!
Неліктен сабақ кестелерінде адам баласы миіна қиын отыратын алгебра, математика, геометрия, физика, химия, қазақ, орыс тіл сабақтары 4,5,6,7ші болып қойылған?
Күнделікте осы мұғалімдер сабақ кестесіне назар аударсақ, дене шынықтыру 1 аптада 2 рет 1ші болып қойылған... Сабақ кестесін жасайтын адамдар - балаларыңыз жоқпа? Адам баласы қалайша жүгіріп, шауып, ойнап, сөйлейалмайтын күйде келіп математикадан есеп шығарады? қалай ағылшын, орыс, қазақ тілдерін миіна құяды?
Сабақ кестесін қайта қарауды талап етемін!!!
"Қайырлы күн!
Құрметті ата-ана, мектептегі сабақ кестесі "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы негізінде жасалады. Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі» пайдаланылады.
Сонымен қатар мектепте бір ғана спорт залы болғандықтан бір мезгілде залға 1 немесе 2 сыныптың болуы есепке алынады. Алгебра, математика, геометрия, физика, химия, қазақ, орыс тілі пәндерін толығымен 1-2-3 сабақтарға қою мүмкін еместігін ескеруіміз керек.
Сіздің сұрағыңызда көрсетілген жағдай бойынша әрбір сыныптағы қиын пәндердің орналасу реті міндетті түрде ескеріледі.
Мектеп әкімшілігі"
2 года назад
Здравствуйте, в этом году набираете 0й классы 2023-2024 годы?
не смогла дозвониться в приемную
в какое время можно с документами придти?
"Қайырлы күн, Арзигуль!
Ия, біздің мектепке 2023/2024 оқу жылында мектепалды алды даярлық тобына 5 жастан 6 жасқа дейінгі оқушылар қабылданады. Құжаттарды 1 тамыздан бастап өткізуге болады. Басқа сұрақтарыңыз болса жұмыс күндері мектепке жолығуыңызға болады. Сайттың көмегімен бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет!
Әкімшілік
Добрый день, Арзигуль!
Да, в 2023/2024 учебном году в класс предшкольной подготовки принимаются дети от 5 до 6 лет. Документы можете сдать с 1 августа. Если у вас есть другие вопросы, вы можете обратиться в школу в рабочие дни. Спасибо, что обратились к нам с помощью сайта!
Администрация"
2 года назад
Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен вакансия бар ма? Еңбек өтілім 10 жыл. Вакансия бар болса, хабарласуларыңызды сұраймын. 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді мектептің электронды почтасына жібердім. Рахмет!
"Қайырлы күн!
Жанар Сапарбекова, Сіздің мектеп почтасына жіберген резюмеңізбен таныстық.
Егер мектептерде вакансия болған жағдайда ол туралы Enbek.kz сайтына хабарлама беріледі. Азаматтар жұмысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде қабылданады."
2 года назад
Здравствуйте!
Я как родитель школы хотела бы выразить благодарность в первую очередь – директору Ниязовой Хуршидам Абдуллаевне! Огромное спасибо Вам и всему педагогическому коллективу школы за возможность получать качественные, глубокие и всесторонние знания в стенах учебного учреждения.
Я думаю что, благодаря тому, что школа старается отвечать высоким требованиям времени, ее ученики могут быть уверены в достойном качестве полученного образования. Все это поможет им уверенно смотреть в завтрашний день!
Высоко ценим Ваше терпение и понимание, преданность делу и любовь к ученикам!
"Уважаемый родитель!
Большое спасибо за вашу оценку. Ваша поддержка — наша уверенность в завтрашнем дне."
3 года назад
Қайырлы күн! Мен бүгін мектеп асханасында ата-ана ретінде балалардың тамақтануын бақыладым.
Мектеп тарапынан өте көп оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін байқадым. Бірақ оған қарамай асхананың ішінде жүйелі жүргізілетін жұмыс нәтижесінде тәртіп орнатылған екен.
Асхананың жарық та жайлы, өте таза. Асхана аспазшылары тағамдарды өте дәмді дайындайды екен.
Мектеп мұғалімдеріне, асхана қызметкерлеріне рақмет айтамын!
"Білдірген жағымды пікіріңізге үлкен рахмет. Мектеп жұмысына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз"
3 года назад
Мен Мухтаров Илья Ахмятжанович 2020 жылы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің шет тілі: екі шет тілі факультетін бітірдім. Биыл, яғни 2022 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратурасын бітірдім.
"101 мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша бос орын конкурсына аға тәлімгерлік маманына қажетті құжаттарды мектеп поштасына жібердім.
"Қайырлы күн! "101 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша бос орын конкурсына құжаттарыңыз қабылданды. Мектепке көрсетілген мерзімде жолығуыңызды сұраймыз.
Әкімшілік"
3 года назад
Рейтинг организации
0 голосов
Ниязова Хуршидам Абдуллаевна
Директор
Ниязова Хуршидам Абдуллаевна
Директор
Ниязова Хуршидам Абдуллаевна Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1965 жылғы 31 наурыз Туған жері - Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылы Ұлты - ұйғыр Білімі - жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1988 жыл - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты Мамандығы бойынша біліктілігі Ұйғыр тілі және әдебиеті, ұлттық мектептердегі орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мансап 01.09.1988 / 01.09.1993 - №101 орта мектептің мұғалімі, Алматы қаласы 01.09.1993 / 01.09.2005 – №101 орта мектеп директорының орынбасары Алматы қаласы 01.09.2005 осы күнге дейін - №101 мектеп-гимназиясының директоры, Алматы қаласы ________________________________________________________________ Ниязова Хуршидам Абдуллаевна Общая информация, образование Дата рождения: 31 март 1965 года Место рождения - Алматинская область, Енбекшиказахский район, село Малыбай Национальность - Ұйғыр Образование - высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1988 год - Казахский педагогический институт имени Абай Квалификация по специальности Учитель уйгурского языка и литературы, русского языка и литературы в национальных школах Карьера 01.09.1988 / 01.09.1993 –учитель общеобразовательной школы №101, г.Алматы 01.09.1993 / 01.09.2005 – заместитель директора общеобразовательной школы №101, г. Алматы 01.09.2005 - по сегодняшний день – директор ШГ №101, г. Алматы
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.