Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №172" управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті достар! Менің жеке ресми блогыма қош келдіңіздер! Бұл блогтан, мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар бола аласыздар, сондай-ақ, өзіңізді толғандырып жүрген мәселелеріңіз бен өтініштеріңізді, ұсыныстарыңызды енгізулеріңізге болады. Сіздердің әр сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз біз үшін өте маңызды. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды және олардың әрқайсысын жауапсыз қалдырмаймын. Осы блог көмегімен әрқайсыларыңыз менімен тікелей байланысқа шығып, өз пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. Бүгінгі ақпараттық-технологияның дамыған заманында осындай мүмкіндікті пайдалану сіздерге де маған да тиімді болатынына үміт артамын. Уважаемые посетители! Добро пожаловать на мой официальный личный блог. На этом сайте вы можете найти информацию о школе также, вы можете внести интересующие вас вопросы, проблемы и предложения об улучшении жизни школы. Каждое ваше предложение и вопросы имеют важное значение для нас. Ни один из них не останется без внимания и ответа. С помощью этого блога, вы можете напрямую связаться со мной и поделиться своим мнением. Думаю, благодаря нынешнему развитию информационных технологий это будет полезно, как для вас, так и для меня.
Вопросы и ответы (28)
Бастауышта ғана тегін тамақ болады ма?
"Қайырлы күн! 1-4 сыныптар тегін тамақ ішеді. Ал жоғары сыныптағы баласы бар ата ана еговтан АСП ға онлайн өтініш береді. Он төрт күннің ішінде 1414тен смс келеді тағайындалды немесе бас тартылды деген. Егер тағайындалған жағдайда ата ана мектептің әлеуметтік педагогына келіп құжат өткізеді. Егер бастартылған жағдайда райсобезге барып доходтарын есептеткізеді. Егер адам басына шаққандағы суммадан аспаса онда екінші категория, яғни күн көріс деңгейі төмен деген статус беріледі. Сол бойынша тегін тамаққа өтуге өтініш жазады.Әрі қарай әлеуметтік педагогпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі."
1 месяц назад
Құрметті директор!
Сізге география пәні бойынша тоқсандық бағалау мәселесіне байланысты жүгінемін.
Мен бірінші сыныптан бастап барлық пәндер бойынша тек "5" бағаларын алып келемін. Алайда бұл тоқсанда салыстырмалы түрде жеңіл пән болып саналатын география бойынша "4" бағасын алдым. Менің ойымша, бұл бағалау әділетсіз болып табылады.
Сондай-ақ, география пәнінің мұғалімі Жетібаев Е.О. сабақтарды жеткілікті деңгейде өткізбейді деп санаймын. Оның сабақ беру әдістемесі оқушылардың білімін дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді. Егер маған формативті бағадан жаман баға қойса, мен жақсырақ оқитын едім, бірақ маған 9, 10 деген бағалар қойылған. Сол себепті, мен өзімнің оқу деңгейімді жеткілікті деп санағанмын. Ағай өзі мені 5-ке шығарамын дейтін
Осыған байланысты, Жетібаев Е.О. мұғалімнің кәсіби біліктілігін тексеріп, оның сабақ беру әдістерін бағалауды сұраймын. Сондай-ақ, менің тоқсандық бағамды қайта қарастыруды өтінемін.
Назар аударғаныңыз үшін алғыс білдіремін.
"Қайырлы күн! Сіздің хатыңыз танысуға жіберілді. Жауап күтіңіз.
Сеніміңізге рахмет, алдағы уақытта сұрақтарыңыз болса мектепке келіп жолықсаңыз болады.
Сәлеметсіз бе! Сіздің география пәні бойынша тоқсандық бағалауға қатысты жазған өтінішіңіз қабылданды. Осы мәселе бойынша мектепке келіп директорға жолықсаңыз."
5 месяцев назад
№172 мектеп директорына Чорманова Әлия Сбанқұлқызына
Құрметті мектеп директоры!
Мен №172 мектептің оқушысының ата-анасымын. Мектепте бірнеше сыныпта ата-аналар тарапынан жүйелі түрде заңсыз ақша жинау және соған байланысты балалар мен ата-аналарға психологиялық қысым көрсету фактілері орын алып жатқанын хабарлаймын.
Атап айтқанда:
– 1-сыныпта мұғалім «Әліппемен қоштасуға ақша жиналмасын, сыйлық берілмесін» деп нақты ескерткеніне қарамастан, ата-аналар ақша жинап жатыр;
– «қорға» деп ақша жиналған;
– Жаңа жылға ақша жиналмайды делінген, бірақ ата-аналар тарапынан қайтадан ақша жинау жоспарлануда;
– 7-сыныпта «Тайный Санта өткізілмейді» делінсе де, ақша жинау басталған;
– Мұғалімге Туған күніне және Мұғалімдер күніне әр оқушыдан 2000 теңгеден, барлығы шамамен 60 000 теңге жиналған.
Сонымен қатар, «бермейтіндер бермей-ақ қойсын» деп айтылғанымен, іс жүзінде ақша тапсырмаған балалардың кім екені сыныпта белгілі болып, бұл ақпарат мұғалімге де жетіп отырады. Нәтижесінде балалар мазаққа ұшырап, ал ата-аналар жеке қысым сезінеді. Мен ата-ана ретінде баламның психологиялық қауіпсіздігіне алаңдаймын.
Осыған байланысты: – заңсыз ақша жинау фактілерін тоқтатуды;
– ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
– балаларға және ата-аналарға қысым көрсетілуіне жол бермеуді
сұраймын.
Осы хатты ресми түрде қарастырып, жазбаша жауап беруіңізді өтінемін.
Шара қолданбаған жағдайда Білім басқармасына жазуға тиіспін.
Және аноним болуын сұраймын.
Құрметпен,
Аноним
17.12.2025
"Қайырлы күн! Сіздің хатыңыз қабылданды. Жауап күтіңіз.
Құрметті ата-ана!
№172 мектеп әкімшілігі Сіздің мектепте ата-аналар тарапынан заңсыз ақша жинау және соған байланысты балалар мен ата-аналарға психологиялық қысым көрсету фактілері туралы жолдаған аноним өтінішіңізді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарастырды.
Аталған өтініште көрсетілген мәселелердің алдын алу және заңсыз ақша жинауға жол бермеу мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан келесі нақты шаралар қабылданды:
1. Мектеп директорының «Заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы» бұйрығы шығарылып, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мектеп қабырғасында кез келген мақсатта оқушылардан, ата-аналардан және педагог қызметкерлерден ақша жинауға қатаң тыйым салынды.
2. Сынып жетекшілері мен барлық пән мұғалімдері қатысуымен жиналыс өткізіліп, заңсыз ақша жинауға жол бермеу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, педагог қызметкерлерден танысқаны туралы қолхат алынды.
3. Ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, ата-аналарға заңсыз ақша жинаудың құқықтық салдары және балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
4. Сынып жетекшілері арқылы ата-аналарға ресми хабарлама таратылып, мектеп қабырғасында сыйлық алу, іс-шара өткізу, мерекелер ұйымдастыру немесе өзге де себептермен ақша жинауға жол берілмейтіні ескертілді.
5. Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және психологиялық қысымның алдын алу мақсатында тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі «Адал ұрпақ» клубы жоспары жасалған.
Мектеп әкімшілігі балалардың ар-намысы мен психологиялық қауіпсіздігін қорғауды басты міндет деп санайды және заңсыз ақша жинау немесе қысым көрсету фактілеріне жол бермеу мақсатында бақылау жұмыстарын күшейтетін болады.
Сіздің анонимдігіңіз толық сақталатынын хабарлаймыз. Алдағы уақытта да осындай жағдайлар орын алған жағдайда мектеп әкімшілігіне тікелей хабарлауыңызды сұраймыз. Қажетті жауапты тұлғалардың байланыс телефон номері мектептің ресми Instagram парақшасында бекітілген (закрепленный) хабарламада орналастырылған.
Құрметпен,
№172 мектеп-гимназия директоры
Чорманова Әлия Сбанқұлқызы
Кері байланыс күтеміз."
5 месяцев назад
Сәлеметсіз бе! 2 тоқсаннан 2 сыныпқа баламды сіздерге ауыстырсам деп едім, орын бар ма?
"Сәлеметсіз бе! Мектепке келіп жауапты маманнан білсеңіз болады."
8 месяцев назад
Саламатсыз ба, маған сонғы кездері буллинг жасауда сабақтан кейін ақша сұратып, ұрып соғады
"Сәлеметсіз бе! Аты-жөніңіз және сыныбыңызды жазсаңыз. Осы мәселе бойынша қабылдау бөліміне немесе тәрбие бөліміне жолығыңыз."
1 год назад
Мектеп ішінде тегін үйірмелер бар ма?
"Қайырлы күн! бар"
1 год назад
Сіздердің мектептеріңізге баламды ауыстырайын деп едім. 9сынып Көрсетілген телефон нөмірлеріңізге хабарласа алмадық.
778 589 10 55 осы нөмірге хабарласа аласыздар ма?
"Сәлеметсіз бе! жауапты маман сізге хабарласады."
1 год назад
Біз Қызылордадан көшіп келіп едік адрес Самал3 қызымды сіздердің мектепке беру үшін Сізге қабылдауға жазылайық деп едік 87711792120
"Сәлеметсіз бе! Сізге жауапты маман хабарласады."
1 год назад
саламатсызба, мен осы мектепте оқып бітіргенмін, енді екі баламды бірден беріп жатыр едім, қай сыныпқа, қай апайға түсетіні қорқыныш тудырады екен, дегенмен бастауыш сынып ол фундамент қой болашағына құйылған. Баймур Абдурахим жәнге Баймұрат Көркем осы екі баламды Шынар апайға немесе Ботагөз апай алатын сыныпқа бере аламынба? менің екі інімде 1- сыныпқа барады Қадыржандар, соларды да осы апайларға бөлінсе
"Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша мектепке келіп, жауапты мамандардан білсеңіз болады."
1 год назад
Қайырлы күн! Мен екі баламды осы мектепке 1-сыныпқа егов.кз арқылы өтініш тастаған едім, өкінішке орай отказ, яғни бас тартты деп келген еді. Соның себебін анықтағым келген қабылдау бөліміне с утро хабарласып ала алмай отырмын, өзім жұмыстамын. Пропискам мкр. Думан, ул. Қ.Аманжолов 52 үйге тіркелген, тұрғылықты мекен-жайым Хан-Тәңірі 64а. Өзім осы мектептің түлегімін, көпбалалы отбасымыз. 4 балам бар, екеуі балабақшада. Ары-бері басқа мектепке тасу қиын, жұмысым бар дегендей. не себепті отказ келіп тұр соны түсіндіріп бересіздерма? Баймурат Көркем және Баймурат Абдурахим деген балалар 6 мамыр күні тастағанмын өтініш
"Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызды жауапты маманмен шешіпсіз. Қазіргі таңда Баймурат Көркем мен Баймурат Абдурахим №172 мектеп-гимназиясына қабылданған."
2 года назад
Рейтинг организации
0 голосов
Чорманова Әлия Сбанқұлқызы
Директор
Чорманова Әлия Сбанқұлқызы
Директор
Чорманова Әлия Сбанқұлқызы Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1966 жылы 07 наурыз Туған жері: Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылы Білімі-жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1988 жыл –Алматы шетел тілдер педагогикалық институты 2008 жыл «Қайнар» университеті Мамандығы бойынша біліктілігі Жоғары деңгейлі жоғары санатты психолог мұғалім Мансап 1989-1990 -№141 балалар бақшасында тәрбиеші Алматы қаласы 1990-1998-№143 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі 1998-2001 - №115 қазақ орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2001 жылдан бастап- №115 қазақ орта мектебінің директоры ________________________________________________________________ Чорманова Алия Сбанкуловна Общая информация, образование Дата рождения: 7 марта 1966 года Место рождения - Алматинская область, Райымбекский район, село Текес Образование-высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1988 год-Алматинский педагогическийинститут иностранных языков 2008 год- Университет «Кайнар» Квалификация по специальности Педагог-психолог высокого уровня высшей категории Карьера 1989-1990 -№141 воспитатель детского сада города Алматы. 1990-1998-№143 Учитель начальных классов казахской общеобразовательной школы. 1998-2001 гг. - заместитель директора по воспитательной работе казахской общеобразовательной школы №115. С 2001 г. - директор казахской общеобразовательной школы 115.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.