Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Наурызбайский район Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №206» Управления образования города Алматы
Гимназия

Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №206» Управления образования города Алматы

Об организации

Құрметті блог қонақтары! Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады. Дорогие друзья! Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы. Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.

Вопросы и ответы (5)

Эльмира 2 года назад

Сәлеметсіз бе! Бастауыш қазақ сынып мұғаліміне вакансия бар ма екен?

Официальный ответ

"Қайырлы күн! Мектепке қажетті мамандар тамыз айында анықталып enbek.kz порталына вакансиялар сайтына жүктеледі, сол жерде тіркеліп, біздің хабарламаны көрген мамандар конкурсқа шақырылып, конкурс негізініде жұмысқа қабылданды. Дәл қазыргі уақытта бастауыш сынып мамандары толық, артық жүктеме жоқ."

2 года назад

Каскабаева Гулзада Закарина 3 года назад

14.11.2022 жылы №206 мектебіңізге барған оқушы Галлам Нұрдәулетті НОБД базасынан қабылдап алуын қадағалаңызшы.

Официальный ответ

"Оқушы мектеп базасында 7е сыныбына қабылданды."

3 года назад

Каласова Салтанат 3 года назад

кайырлы кун, биз наурызбай ауданы, калкаман 2 актамберди кошесинин тургыны, баламыз 1 сыныпка 157 мектепке бардык, бирак олар бизди 206 гимназия карайсыздар деп тур, 157 мектептке бала саны коп болгандыктан, 206-208 гимназияга бару керек екенбиз. сиздерде развозка бар, бирак ен бастысы ашимова и актамберди кошесимен журмейди, ал баланы апарып акелетин уакыт жок не машина жок, сиздерде ол карастырылама? ИЛИ акимшиликке жолыгу керек па? осы еки ашимова и актамберди кошени коссын деп.

Официальный ответ

"№206 мектеп-гимназияда 07.11.2022 күннен «Алмасити 5» пен «Нұрлы дала» ықшамауданынан қатынап оқитын оқушылар үшін балалаларды тасымалдау ұйымдастырылған. Қаңтар айынан бастап «Алмасити» ықшамауданында жаңа №207 мектептің ашылуы жоспарлануда. Сол мектеп ашылған уақыттан кейін балалар тасымалы тоқтайды, қаржыландыру уақытша ғана бөлінген. Сіз айтып тұрған көшелерден оқушы тасымалдау басынан қарастырылмаған, қаражат бөлінбеген. Бұл бізідің емес Алматы қаласы Білім басқармасы тарапынан бөлінетін қаржыландыру."

3 года назад

Айман Магжановна 3 года назад

Бастауыш сыныпқа вакансия барма?

Официальный ответ

"Cәлеметсіз бе?!
Қазір вакансия жоқ. Барлық мұғалім толық."

3 года назад

Иманбекова Айтолкын Нуриевна 3 года назад

Сәлеметсіз бе?
Фатима Маметқалиқызы!
Сізге сауал жолдау себебім, өзіңіз басқарып отырған жаңа білім ордасындағы бос жұмыс орны туралы білсем деп едім .
Өзім де өзіңізбен әріптес, 22 жылдық еңбек өтілім бар математика ,информатика пәндерінің мұғалімімін. Айтайын дегенім жаңа №206 мектеп гимназиясы бітіп, мамандар қабылдауда деп естігенде қызымның қуанышы қойнына сыймады. Бірақ enbek.kz порталы арқылы сіздің мектеп- гимназиясына тастаған резюмесіне қабылданбағаны туралы жауап келгенде қуанышы су сепкендей басылды. Сондағы алған жауабы біз 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мамандар қабылдаймыз деген.Жас мамандар қайта көп қиындықты көріп, іс- тәжірибе жүзінде үйренбесе қалай дамиды? Сізден өтініш қызымның жас маман ретінде сіздің білім шаңырағында қызмет жасап көруіне мүмкіндік беруіңізді сұраймын!

Официальный ответ

"Наурызбай ауданындағы №206 мектеп-гимназияға мұғалімдердің түйіндемесін қабылдау 2021 жылдың желтоқсан айынан басталды. 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың тамыз айы аралығында 1158 мұғалімнің түйіндемесі тіркелді. Мектеп-гимназияға жұмысқа қабылдау комиссиясының шешімімен бірінші, түйіндемелер іріктеуден өтті, үздік деп танылған және жоғарғы оқу орнын үздік аяқтаған 300 ден аса түйіндеме иелері бетпе-бет конкурсқа (пәндері бойынша бақылау, тест жұмысын жазуға) шақырылды. Сол конкурстан өткен ұстаздар жұмысқа қабылданды. Басымдылық жас мамандарға берілді, қазір де ұжымда жас маман көп. Бұл жұмыстың барлығы 2022 жылдың тамыз айының басында орын алды. Тамыздың басында жұмысқа қабылданған ұстаздар жаңа білім ордасында бір айдай өз еріктерімен ұйымдастыру жұмыстарын атқарды. Түйіндемелер тапсырылған уақытта Сіздің қызыңыз түйіндемесін тапсырмаған шығар. Enbek.kz порталына конкурс жариялау үшін мектептің құжаттары толық дайын болмады, ол порталға вакансия жарияланбады. Мұғалімнің 7 жылдық педагогикалық өтілі болу керек деген жауап ешкімге айтылмады, тағы қайталаймыз, басымдылық керсінше жас мамандарға берілді. Алдағы уақытта, қызыңыз түйіндемесін мектеп-гимназияның кадрлар бөліміне тапсырсын, ваканция ашылған кезде хабарласып, конкурсқа шақырамыз, конкурстан өтсе жұмысқа қабылдаймыз."

3 года назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы

Директор

Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы

Директор

Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы Жалпы ақпарат, білімі Туған күні: 1966 жылғы 28 ақпан Туған жері: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сұңқар селосы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1990 жыл – Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті Мамандығы бойынша біліктілігі тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Еңбек жолы: 27.03.1985 / 19.12.1994ж. - «Сұңқар орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы 01.09.1995 / 08.09.1997ж. – №147 қазақ орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі. Алматы қаласы 08.09.1997 / 30.08.2005ж. – №147 қазақ орта мектебі, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары. Алматы қаласы 31.08.2005 / 27.11.2008 ж. - №137 жалпы білім беретін мектептің директоры. Алматы қаласы 27.11.2008/03.08.2022ж КММ «№148 мектеп-гимназия» директоры. Алматы қаласы 4.08.2022ж КММ «№206 мектеп-гимназия» директоры. Алматы қаласы Құрметті атағы: «ҚР Білім беру ісінің үздігі»; 2013 ж. «Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері», 2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі Алиакбарова Фатима Маметкалиевна Общая информация, знания Дата рождения: 28 февраль 1966 г. Место рождения: Алматинская область, Уйгурский район, с.Сункар Национальность: казашка Образование: высшее Год окончания и наименование учебного заведения: 1990 год – Казахский государственный университет им. С.М.Кирова Квалификация по специальности: учитель истории и обществоведения Карьера: 27.03.1985 / 19.12.1994ж. - Учитель начальных классов в средней школе «Сункар» Уйгурского района, Алматинской области 01.09.1995 / 08.09.1997ж. – Учитель истории в средней школе №147, г.Алматы 08.09.1997 / 30.08.2005ж. – Заместитель директора по учебно-воспитательной части в СШ №147 г.Алматы; 31.08.2005 / 27.11.2008 ж. - Директор школы в СШ №137 г.Алматы; 27.11.2008 ж./03.08.2022ж - Директор школы в ШГ №148 г.Алматы 4.08.2022ж Директор школы в ШГ №206 г.Алматы Почетные звания: «Отличник Образования РК»; 2013 г. «Обладатель нагрудного значка им. Ы.Алтынсарина», Юбилейная медаль "К 25-летию Независимости Республики Казахстан

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.