Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей№163» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (12)
Сәлеметсіздер ма,біз жұмыс барысымен осы Алматыға көшіп келгенбіз ,прописка бойынша Сіздерде оқуымыз керек екен кеше 29,10,2024 сайтқа салдық қызым 6 сынып қабылдаңыздаршы далада қалмайықшы 2 тоқсаннан бастап......Сіздің қабылдауыңызға тіркелейік деп едік бүгінге 30,10,2024??????қабылдап баланың осы каникулда орналасуна көмектесіңізші
"Сәлеметсіз бе! Мектепке қабылдау жөнінде бүгін сағат 18:00 ге дейін мектепке келуіңізді сұраймыз."
1 год назад
Сәлеметсізбе!Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін.24 жыл еңбек өтілі.Педагог зерттеуші.Сіздерде ваканция бар ма?
Номер:87475567307
"Сәлеметсіз бе! Бізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері толық. Өкінішке орай бос ваканcия жоқ."
1 год назад
Сәлеметсіз бе, Индира Сатыбалдықызы
Ұлым биыл жалпы білім беретін мектептің бастауыш бөлімін тәмамдады. Сіздердің мектепке қабылдау емтиханы қашан болатыны туралы ақпарат беруіңізді сұраймын
Құрметпен, Жандос Байжұма
"Сәлеметсіз бе! Құжаттарыңызды біздің мектепке тапсырғаннан кейін лицей сыныбына тамыз айында емтихан алынады."
2 года назад
Сәлеметсіз бе, Индира Сатыбалдиевна! Мен enbek.kz порталының информатика пәні мұғалімі бос жұмыс орны жөнінде білгім келеді.
"Сәлеметсіз бе, Енбек,кз те резюме жіберіңіз!"
2 года назад
Cәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен сіздерде вакансия бар ма? Еңбек өтілім: 10 жыл. Егер вакансия орны ашық болса, осы нөмірге хабарласуларыңызды өтінемін: 8 747 401 12 84. janar_9191@mail.ru
Резюмемді почталарыңызға жібердім
"Cәлеметсіз бе, өкінішке орай бізде физика пәні бойынша вакансия жок"
2 года назад
Сәлеметсіз бе, мектепте мектеп алды дайындық сыныптары (0 сынып) бар ма?
"Сәлеметсіз бе. Иа, біздің мектепте мектеп алды даярлық тобы ашылды."
3 года назад
Сизбен тилдесуиме куаныштымын.
Менин сурағым: Алматы қаласына қоныс аударуыма байланысты бастауыш сынып мұғалімі(қазақ тілінде) жұмысын издеп жүрмін.
"Сәлеметсіз бе, қазірше бос вакансия жоқ"
3 года назад
Саламатсыз ба? Индира Сатыбалдиева!
Мен жұмысқа байланысты, қызымды сіздердің №163 лицейге ауыстырайын деп едім.қызым 5-сыныпқа көшеді,кандай іс-әрекет жасау керек?
алдын ала рахмет
"Саламатсыз ба, біздің мектепке келіп өтініш жазасыз,"
4 года назад
Сәлеметсіз бе, Құрметті басшы,
Менің есімім Жанна Тлеубаевна қазақ тілі мен әдебиеті және АҢЫЛШЫН тілі мұғалімі, Үздік диплом. пед. өтілі 14 жыл. Директордың тәрбие жөнінде орынбасары қызмет атқардым. Мекен жай ауыстыруыма байланысты мектептен жұмыс іздеймін. Өтініш, маман керек болса хабарласыңыз. Рахмет....
Тел 8778 7587846
тел 87051566495
"Салеметсізбе, өкінішке орай вакансия жок"
4 года назад
салематсызба, дал казыргы уакытта баска каладан 9сыныпка окушы кабылдайсыздар ма? баска каладан кошип келе жатырмыз, экзамен тд кандай заттар кажет?
"Салеметсіз бе, Егер біздің микроучастокка көшіп келсеңіз қабылдаймыз. Балаңыз лицей сыныбына түскісі келсе онда емтихан арқылы қабылдаймыз."
4 года назад
Рейтинг организации
0 голосов
Абдикашева Индира Сатыбалдиевна
Директор
Абдикашева Индира Сатыбалдиевна
Директор
Биография Абдикашева Индира Сатыбалдиевна Жалпы ақпарат, білім. Туған жылы: 01.08.1975 Туған жері: Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Текес ауылы. Ұлты: Қазақ. Білімі: Жоғары. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1996 жылы Алматы қаласындағы №1 Педагогикалық колледжі « Бастауыш сынып мұғалімі». 2005 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ, Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Мамандығы бойынша біліктілігі: Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Мансап: 1996 - 2002 жылдары, Алматы қаласы №143 Сүйінбай Аронұлы атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі. 2002 – 2005 жылдары, Алматы қаласы №148 Бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. 2010 – 2013 жылдары, Алматы қаласы №19 Жалпы білім беретін мектепте қ азақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 2013 – 2020 жылдары, Алматы қаласы №19 Жалпы білім беретін мектепте Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары. 18.06.2020 жылдан бастап, Алматы қаласы №163 Мектеп – лицей директоры.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.