Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Алмалинский район Коммунальное государственное учреждение "Специализированный лицей №39 имени Султан-Ахмета Ходжикова" Управления образования города Алматы
Лицей

Коммунальное государственное учреждение "Специализированный лицей №39 имени Султан-Ахмета Ходжикова" Управления образования города Алматы

Об организации

Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер! Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған. Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді. Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол. Добро пожаловать! Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет! Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»! Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни. Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем. Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.

Вопросы и ответы (76)

Дауленбаева Динара Нұрмаханқызы 1 год назад

Сәлеметсіз бе осы мектепке түсу үшін қандай пәннен тест тапсырады. Бала биыл 6 сыныпта

Официальный ответ

"Сәлеметсіз! Биылғы оқу жылында бала санының толық болуына байланысты 6-сыныпқа қабылдау жүргізілмейді. Сіз балаңызды 6-сынып бітіргенде 7-сыныпқа түсу үшін конкурсқа қатыстыра аласыз. Тест тапсыратын пәндер: математика және логика, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы. 2-721179 номеріне хабарласып толық ақпарат ала аласыз."

1 год назад

Серикова Аяжан 1 год назад

Мектепке 6 сыныптан кейін калай түсуге болады?боладыма?өте қажет

Официальный ответ

"Сәлеметсіз! С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге түсу конкурстық негізде жүргізіледі, толық мәлімет алу үшін 2-72-11-79 телефонына хабарлассаңыз болады. 7-сыныпқа босаған орындарға қабылдау үшін конкурс тамыз айында болады."

1 год назад

Катбаева Г.К. 2 года назад

Қайырлы күн. Мектеп басшылығына сұрағым бар еді. Біз 5 сыныпты аяқтадык, Сіздерге ауыссақ деп едік, бос орын бар жоғын қалай білсек болады? Қашан емтихан болады?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз Катаева Г.К.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге 5-сыныпқа қабылдау конкурстық негізде жүргізілетін болғандықтан, 6-сыныпқа орын босаған кезде 5-сыныпқа қабылдау конкурсына қатысқан, резервте тұрған оқушылар қабылданады."

2 года назад

Оспанова Талшын Талаповна 2 года назад

Ұлым Асқар Ералы Думанұлы ^172гимназиясын биыл бастауыш сынып бітірді. 5ші сыныптан бастап сіздердің мектептеріңізде оқығымыз келеді. Қалай тапсыруға болады. Ұлыс өте алғыр,сыныптың үздігі белсендісі! Бір хабарын берсеңіздер. Рахмет көп көп

Официальный ответ

"Құрметті Оспанова Талшын Талаповна!
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге 5-сыныпқа қабылдау конкурсна қатысу үшін құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2024 жылдың 1 ақпаны мен 20 сәуірі аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізілді. Осы сайтқа тіркелмеген оқушы конкурсқа қатыса алмайды, себебі тіркелген әр балаға жеке тапсырмалар дайындалады.
Биылғы оқу жылына қабылдау конкурсы маусым айының 10-11 күндері өтіп кетті"

2 года назад

Жандос Байжұма 2 года назад

Сәлеметсіз бе, Найла Токтамуратовна

Менің ұлым биыл жалпы білім беретін бастауыш бөлімін тәмамдады. Орта буынға сіздердің мектепке түскісі келеді. Қабылдау емтихандарының уақыты туралы ақпарат беруіңізді сұраймын

Құрметпен, Жандос Байжұма

Официальный ответ

"Құрметті Жандос Байжұма!
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге 5-сыныпқа қабылдау конкурсна қатысу үшін құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2024 жылдың 1 ақпаны мен 20 сәуірі аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізілді. Сіз егер балаңызды осы сайтқа тіркемеген болсаңыз конкурсқа қатыса алмайсыз, себебі тіркелген әр балаға жеке тапсырмалар дайындалады."

2 года назад

Бижанов Досжан 2 года назад

Сәлеметсіз бе! Менің қызым 7-сыныпқа барады, сiздін мектебіңе ауыстырғым келеді. Мұны қалай жасауға болады?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз Бижанов Дастан! С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі, 7-сыныпқа қабылдау үшін конкурс тамыз айының 20-нан кейін жүргізіледі, себебі бүгінгі күні оқу жылының аяқталуы және аралық емтихандар жүргізілуде, Толық ақпарат алу үшін 2-72-11-79 телефонына хабарласыңыз!"

2 года назад

Бижанов Досжан 2 года назад

Сәлеметсіз бе! Менің қызым 7-сыныпқа барады, сенің мектебіңе ауыстырғым келеді. Мұны қалай жасауға болады?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз Бижанов Дастан! С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі, 7-сыныпқа қабылдау үшін конкурс тамыз айының 20-нан кейін жүргізіледі, себебі бүгінгі күні оқу жылының аяқталуы және аралық емтихандар жүргізілуде, Толық ақпарат алу үшін 2-72-11-79 телефонына хабарласыңыз!"

2 года назад

Нурымбетова Меруерт Нурлановна 2 года назад

Саламатсыз ба? Сіздерге қалай оқуға түсуге болады және нешінші сыныптан бастап оқуға болады?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз! С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге қабылдау 5-сыныптан басталады және конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін арнайы сайтқа тіркелу керек. Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 1-ақпан мен 15-сәуірі аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді. Толық ақпаратты осы сайттан алуға болады."

2 года назад

Балсұлу 2 года назад

Ақпараттың ақ-қарасын ажырату тақырыбының презентациясы бар ма?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз! Ақпараттың ақ-қарасын ажырату тақырыбының презентациясын ата-аналар чатына жібереміз!"

2 года назад

Наушабай Балсұлу 2 года назад

"Жасөспірімнің желідегі әрекеті" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысының жүрісімен бөлесесіз ба?

Официальный ответ

"Сәлеметсіз! "Жасөспірімнің желідегі әрекеті" тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысында көрсетілген материалдарды ата-аналар чатына жібереміз!"

2 года назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Маликова Найла Токтамуратовна

Директор

Маликова Найла Токтамуратовна

Директор

Маликова Найла Токтамуратовна С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей директоры Жалпы ақпарат, білімі Туған күні: 1973 жылғы 25 қыркүйек Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1995 жыл - Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультеті. Квалификациясы: физика-информатика және ЕТ мұғалімі Мамандығы бойынша біліктілік санаты: педагог-мастер Мансап: 01.09.1995-28.08.1996 ж. - Алматы облысы Іле ауданындағы М.Мақатаев атындағы №16 мектебінде математика пәнінің мұғалімі; 01.09.1996-2002 ж. - Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда информатика пәнінің мұғалімі 2002-2009 ж. - Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда менеджер 2009-2018 ж. - Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары; 08.10.2018 ж. - Алматы қаласы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей директорының міндетін атқарушы 16.11.2018 ж. - Алматы қаласы С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей директоры. Маликова Найла Токтамуратовна Директор специализированного лицея №39 имени С.А.Ходжикова Дата рождения: 25 сентября 1973 год Место рождения: Восточно-Казахстанская обл. Национальность: казашка Образование: высшее 1995 году окончила Семипалатинский педагогический университет имени Шакарима, специальность учитель физики-информатики и ИТ Категория: педагог-мастер Карьера: 01.09.1995-28.08.1996 г. - Алматинская обл. Ильиский район №16 школа имени М.Макатаева учитель математики; 01.09.1996-2002 г. - город Алматы КГУ «Специализированная гимназия №12 имени Ч.Уалиханова» учитель информатики 2002-2009 г. - город Алматы КГУ «Специализированная гимназия №12 имени Ч.Уалиханова» менеджер 2009-2018 г. - город Алматы КГУ «Специализированная гимназия №12 имени Ч.Уалиханова» заместитель директора по учебной работе; 08.10.2018 г. – г.Алматы КГУ «Специализированный лицей №39 имени С.А.Ходжикова» исполняющий обязанности директора 16.11.2018 ж. - г.Алматы КГУ «Специализированный лицей №39 имени С.А.Ходжикова» директор

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.