Коммунальное государственое учреждение «Общеобразовательная школа №156» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Осы блогтың көмегімен Сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және менің көмекшілерім, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. С помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои помощники будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (9)
Вакансия бойынша
"Cіз вакансия туралы enbek kz сайтынан көруіңізге болады. Барлық вакансия сол жерде конкурсқа жарияланған."
2 года назад
Сәлеметсіз бе не деген сбор бітпейтін? Кімге қайда жазамын енді? Тек білім министріне лично жазбасақ болмас 4 сынып апайға 10мың теңге жинаңдар деп не сұмдық бұл
"Қайырлы күн, Алуа Карабай. Ақшаны кім жинап жатыр? Барлық бітіруші сынып жетекшілерімен ақша жинамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әр сынып жетекшісі ата-аналар жиналысын өткізіп, ешқандай қажеттілікке ақша жиналмау керектігі туралы айтылған болатын. Нақты дәлеліңіз болса, маған келіңіз. Сөйлесіп, нақтылайық."
3 года назад
Не сұмдық 4б сыныбы 10мың жина деп апайға не сбор бітпейтін?
"Қайырлы күн, Алуа Карабай. Ақшаны кім жинап жатыр? Барлық бітіруші сынып жетекшілерімен ақша жинамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әр сынып жетекшісі ата-аналар жиналысын өткізіп, ешқандай қажеттілікке ақша жиналмау керектігі туралы айтылған болатын. Нақты дәлеліңіз болса, маған келіңіз. Сөйлесіп, нақтылайық."
3 года назад
Гульнара Мамбетовна сәлеметсіз бе!Кешіріңіз,айып етпеменіз мен Адбанова Айман Армановна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітірген едім.Дархан ы.-ауд.ашылып жатқан /210 мектеп-лицейіне физика пәнінің мұғалімі қажет пе?
"Еңбек.кз тіркеліңіз. №210 мектеп- лицейіне хабарласыңыз."
3 года назад
Сәлеметсіз бе! Қазақ Ұлттық қыздар университетінің магистрі едім. 0,5 ке физика пәнінен ваканция бар ма?
"Сәлеметсізбе! Физика пәніне вакансия жоқ."
3 года назад
Салеметсіз ба Гульнара Мамбетовна мен сізге қояр сұрағым неге кунделік кз га сабақ сурамай қалайша өз білгендерінше баға қояды, менім көнілім толмайтын, мазалайтын сурағым
"Қайырлы күн, Ақмарал, сіз нақты қай мұғалім, қай пән туралы айтып отырғаныңызды нақтылап, мектепке келіп жолықсаңыз жақсы болар еді. Негізінде сабақ барысында балалардың сабаққа қатысуын есепке ала отырып, мұғалім қалыптастырушы бағаларды нақты қоюға тиіс. Бағалау барысында балалардың оқылым, жазылым, айтылым дағдылары жан-жақты ескеріледі. Нәтижесінде ортақ бал қойылады."
4 года назад
Учитель маметова хуршида адекватная?
"Добрый день. Маметова Хуршидам Ахметжановна работает в нашей школе с 2012 года учителем русского языка и литературы. За время работы показала себя только с положительной стороны, добропорядочная, ответственная. С уважением относится как к учащимся, так и родителям и педагогическому коллективу. Уроки проводит на высоком уровне, профессионал своего дела. Вполне адекватный человек."
4 года назад
Сәлеметсізбе? Налевой класска ыстык тамак беріледіма?
"Сәлеметсізбе? Мектеп алды даярлық сыныптарының балаларына ыстық тамақ беру мәселесі қарастырылмаған. Алайда, қатты қажеттілік туындаған жағдайда арендатор есебінен тамақ беру мәселесін қарастыруға болады."
5 лет назад
Қайырлы күн. Биылғы жылы 1-сыныпқа бала қабылдау қашаннан басталады соған жауап беріңізші
"Қайырлы күн. Биылғы жылы бірінші сыныпқа бала қабылдау 1 сәуірден бастап bilimalmaty.kz сайты арқылы жүргізіледі."
5 лет назад
Рейтинг организации
0 голосов
Темиргалиева Манар Бидахметовна
Директор
Темиргалиева Манар Бидахметовна
Директор
№156 ЖББ мектеп директоры м.а. Темиргалиева Манар Бидахметқызының өмірбаяны Ұлты: қазақ Отбасы жағдайы: тұрмыста, балалар бар Азаматтық: Қазақстан Республикасы Білімі: жоғары, 1991-1995 ж.ж. І.Жансүгіров атындағы Талдыкорған университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы Темиргалиева Манар Бидахметовна 01.01.1973 жылы Алматы облысы, Қапал ауданында дүниеге келген. 1980-1988 жылдары Қапал ауданына қарасты Көлтабан сегіз жылдық мектебінің 8-сыныбын бітірген. 1988-1990 жылдары арасында Есік қаласындағы Малькеев атындағы мектеп-интернатта жалпы орта білім курсын аяқтаған. 1990-1991 ж.ж. Қапшағай қаласындағы «Гүлдер» бала бақшасында тәрбиешінің көмекшісі, одан тәрбиеші қызметіне ауыстырылған. 1995-1997 ж.ж. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасында қазақ әдебиеті пәні оқытушысы қызметін атқарған. 1997-2003 ж.ж. №156 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. 2003 жылдан осы мектептің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қосымша мәліметтер: Жетістіктері: 2017 жылы білім беру қызметін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған; Бірнеше рет жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізуге министрлік өкілі ретінде қатысқан және белсенді қатысқаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің алғыс хатымен марапатталған. (2018 жыл) 2021 жылы қалалық «Ақылды сабақ - білім сапасын көтеру» жобасы бойынша сараптамашылар тобында жұмыс жасағаны үшін ҚББЖТ ҒӘО сертификатына және Алматы қаласы Білім басқармасының құрмет грамотасына ие болған; Білім беру жүйесіне қосқан үлесі, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін аудандық Білім бөлімдерінің, аудан Әкімдерінің, Білім басқармасының мадақтамаларымен бірнеше мәрте марапатталды. Алматы қаласының қоғамдық өмірінде азаматтық белсенділік танытып, қаламыздың экономикалық - әлеуметтік дамуы мен этносаралық келісімнің нығаюына үлес қосқаны үшін Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының, ББЖМБК және ҚДИ, ЖОО ректорларының, «ҚӘК» ҒӘЗ, Алматы қаласы бойынша «Дарын» орталығының, т.б. алғыс хаттар, мадақтамалармен бірнеше мәрте марапатталды. Біліктілікті арттыру курстары туралы: «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарын дамытудың заманауи бағдарламасы» тақырыбында басқарушылық командаларды кәсіби дамыту курсында 40 академиялық сағат, 2022 жыл; 2022 жылы ED CRUNCH «Ұстаздардың үздіксіз кәсіби даму бағдарламасы» атты 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы; «Управление и лидерство: Школа ближайшего развития» атты басшы мамандардың көшбасшылық 400 сағаттық курсы; Ресей Федерациясының «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінің «Современные программы развития общеобразовательных организаций» бағдарламасы бойынша курс; «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқытудан, кәсіби қайта даярлаудан курсы; 2022 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында 80 сағаттық курсы; Тәжірибе таратуы: 2021 жылы «Қазақстандағы білім беруді жаңарту аясындағы инновациялық мектеп сабағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция; Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы жетістіктер және инновациялар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция, 2022 жыл; 2022 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолындағы білім беру ортасы, стратегиялар және іске асыру тетіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама оқып, баяндамасы жинақта жарияланған. 2019 жылы ҚББЖТҒӘО, «Білім беру сапасының өзекті мәселелері» тақырыбындағы орта білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының секция жұмысында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім сапасын мониторинг жасау» тақырыбында баяндама жасаған және «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасын құрастыру және ресімдеу» тақырыбындағы іскерлік ойында модератор болған. «Жоғары экономика мектебінің «Басқару және көшбасшылық: мектептің жақын арада дамуы» тақырыбында (2022 жыл), т.б. аудандық, қалалық тәжірибе алмасу семинарларын үлкен жауапкершілікпен өткізген, 2021 жылы ҚББЖТ ҒӘО «Шеберлік шыңы» жобасы аясында қала мұғалімдеріне «Әдебиет сабағы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізген; 2022 жылы тамыз айында мектеп директорлары орынбасарларының сессиялық жұмысында «Перспективные методы организации работы с детьми с особыми образовательными потребностями и слабоуспевающими детьми на уроке» тақырыбында баяндама жасады. Авторлық бағдарламалары туралы: Манар Бидахметқызының «Жалпы білім беретін орта мектептердегі 5-11 сыныптар үшін бағдарлы және бағдаралды элективті курстардың оқу бағдарламасының сараптамасымен» 2009 жылы 10,11-сыныптарға «Ежелгі әдеби жәдігерліктер», 2015 жылы 8-сыныптарға «Қорқыттану» және 2016 жылы 6-сыныптарға «Баубек Бұлқышев тұлғасын танып білу» тақырыптарындағы авторлық бағдарламалары эксперт комиссиясының сараптамасынан өтіп, қала мектептерінде өткізуге АҚББЖМБК және ҚДИ және ББЖТҒӘО бұйрықтарымен ұсынылған. Ғылыми-әдістемелік мақалалары туралы Манар Бидахметқызының «Мектеп–білім тірегі» атты мақаласы, «Жүрегіміздесің, жан апа» және «Бостандық қоңырауы» тақырыптарындағы тәрбие жұмыстары «Республика ұстаздары» газетінде жарияланды. «Етістіктен өткенді қайталау» атты сабақ үлгісі «Қазақ тілін мектепте, коллежде және ЖОО –да оқыту» журналында, «Нарықтық экономика дамуындағы мектеп мәселесі» тақырыбындағы мақаласы «Экономика негіздері» журналында, «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-Қазақ хандығы», «Заманауи мектептегі оқытудың жаңа формалары» атты мақалалары «Мектеп директорының орынбасары» журналында, «Жаңаша білім беру – оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты» мақаласы «Педагогикалық кеңес» журналында жарияланған. 2018-2021жылдар арасында «Infourok.ru» халықаралық сайты мен «Ұстаз тілегі», «Ziatker» атты Қазақстан республикалық білім және ғылым порталдарында авторлық материалдарды, яғни, ғылыми-әдістемелік, тәжірибе таратуға байланысты мақалалар, іс-шаралар жоспарлары, авторлық бағдарламаларының жарияланғанын растайтын куәліктер, алғыс хаттары бар (27 дана);
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.