Герб РК
Виртуальная приемная
Главная Организации AI-помощник
Главная г. Алматы Алатауский район Коммунальное государственое учреждение «Общеобразовательная школа №204» Управления образования города Алматы
Школа

Коммунальное государственое учреждение «Общеобразовательная школа №204» Управления образования города Алматы

Об организации

Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Осы блогтың көмегімен Сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және менің көмекшілерім, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. С помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои помощники будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.

Вопросы и ответы (13)

Аноним 2 года назад

Қайырлы күн. 2033-2024 оқу жылының 0 "Ғ" сыныбының жетекшісінің яғни Турлан Айзада жұмысын, оқушылардың білім деңгейін тексеру арқылы реттесеңіздер. Бүгін 2024 ж. 11 қаңтар, оқушылар осы күнге дейін бар-жоғы 6 әріп, 2 сан ғана өткен. Жарайды деп көз жұма қарайын десек, осы мектептегі басқа "0" сыныптар әлдеқайда алдыда жүр. Сабақ 11:30 да басталады, жетекшісі 11:28 де келеді. Оған дейінгі балалардың не істеп, не қойып жатқандығын ешкім білмейді. Өткен айда сыныптың бір оқушысын көшеде жылап жүрген жерінен бір ата-ана байқап қалып сабаққа қайта әкеліп отырғызған. Сонда сабақ уақытында мұғалім жоқ. Сосын балаларымызды құдды бір сурет салуға апаратын сияқтымыз. Не оқи алмайды, не санай алмайды. Шұғыл түрде мұғалімсіз ата-аналар жиналысын өткізуіңізді ТАЛАП етемін. Егер 1 аптада ешқандай кері жауап болмаса, қалалық білім басқармасына АРЫЗ жазуға дайынбыз.

Официальный ответ

"Cәлеметсіз бе? Мектепалды даярлық тобының жетекшісі: Тұрлан Айзада Қалдыбайқызы 2022-2023 оқу жылынан бері №204 жалпы білім беретін мектепте жұмыс жасайды. Жас маман ретінде тәлімгер бекітілген. Мектепалды даярлық тобы оқушылары толық әріптерді тануға міндетті емес, дыбысталуын ғана меңгереді. Сынып жетекшілер толық бақылауда болады. Ата-аналар жиналысы сынып жетекшінің қатысуымен өтіледі. Өтілетін уақытын Тұрлан Айзада Қалдыбайқызы хабарлайды."

2 года назад

Астана қаласы 2 года назад

Салеметсіз бе! Сізді мазалап тұрған Астана қаласының мектебі. Сіздің мектепте сіздерде оқымаған Жандосұлы Ерсұлтан НОБД базасында тіркеліп тұр. Не себептен, сіздер шығармай отырсыздар? сіздерге хабарласа алмай отырмыз. Ата-анаға айтсақ бұл мектепке барғанымыз жоқ деп отыр

Официальный ответ

"Саламатсыз ба! Сізге аталған оқушы жіберілді."

2 года назад

Жанатқызы Назым 2 года назад

Қайырлы күн! Жаңа 2023-2024 оқу жылына ағылшын тілі пәні мұғаліміне вакансия бар ма?

Официальный ответ

"Саламатсыз ба? Вакансия бойынша тамыз айында enbek.kz сайтына жарияланады, қарап отырсаңыз болады."

2 года назад

Жанар Ерлибековна Сапарбекова 2 года назад

Резюмемді мектептің почтасына жібердім. Телефон номерім: 87474011284

Официальный ответ

"Саламатсыз ба? Вакансия бойынша тамыз айында enbek.kz сайтына жарияланады, қарап отырсаңыз болады."

2 года назад

Сапарбекова Жанар Ерлибековна 2 года назад

Сәлеметсіз бе? Математика, физика пәндерінен 204 мектепте орын бар болса, жұмысқа аласыз ба? Еңбек өтілім 10 жыл. Саялыға көшіп келгеніме байланысты, үйге жақын жерге жұмысқа тұрғым келеді. Қазіргі жұмыс орным 156 мектеп.

Официальный ответ

"Саламатсыз ба? Вакансия бойынша тамыз айында enbek.kz сайтына жарияланады, қарап отырсаңыз болады."

2 года назад

Нұрбол Гүлжан Нұрболқызы 2 года назад

Сәлеметсіз бе! Түйіндеме жіберсем.

Официальный ответ

"Саламатсыз ба? Вакансия бойынша тамыз айында enbek.kz сайтына жарияланады, қарап отырсаңыз болады."

2 года назад

Салтанат Қажыкен 3 года назад

Қайырлы күн! Тарих пәнінің мұғаліміне вакансия бар ма?

Официальный ответ

"Саламатсыз ба? Вакансия бойынша тамыз айында enbek.kz сайтына жарияланады, қарап отырсаңыз болады."

3 года назад

Самал Жайлаукызы Бердиева 3 года назад

Сәлеметсізбе! Менің сұрайын дегенім , 0 класс оқушыларына сіздерде таңертеңгі уақыттан кешкі уақытқа дейін жүретін смена барма? Қандай варианттар қарастылырған? Мен жал5ыз басты ана едім , егер осындай мүмкіндік болса маған көмек болар еді . Рахмет!

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе! Бізде 0-сынып 9:00-11:30 (1-ауысым), 11:30-13:30 (2-ауысым) бойынша оқиды. Баланың кешке дейін оқуына мүмкіндік жасалмаған."

3 года назад

Жаксиликова Айдын Айтбековна 3 года назад

Сіздерде ваканция барма бастауыш сынып мұғаліміне

Официальный ответ

"Сәлеметсіз бе, Айдын Айтбековна! Бос орын болған жағдайда enbek.kz сайтында жарияланады. Қазіргі уақытта бос орын жоқ."

3 года назад

Бердинова Айгерім Өмірбекқызы 3 года назад

Сәлеметсізбе құрметті Гүлжан Мырзалықызы.
Мәдениет шағын ауданының жер үйлерінде тұратын оқушыларды тасмалдау мәселесі қашан өз шешімін табады екен?Қазіргі уақытта тек ЖК Мәдениеттің яғни 6-аялдаманың балалары ғана мектеп автобусымен қатынауда. Біздер сол жолдың бойында 5 аялдамада тұрамыз,бірақ ЖК Мәдениетке дейін жету мүмкін емес, екі аялдаманың арасы тым алшақ және қолайсыз.Бұл Хат 5- аялдамада тұратын және 204 мектепте оқитын барлық оқушылардың ата-анасының атынан яғни ( коллективный) деп түсініңіз.Біздің өтінішіміз ЖК Мәдениеттен шыққан автобус мкр.Мәдениетке яғни 5-аялдамаға белгіленген уақытта тоқтап балаларымызды мектепке дейін жеткізсе.Ата-Аналар болып Сізден Осы мәселенін шешілуін сұраймыз.

Официальный ответ

"Сәлеметсізбе Айгерім Өмірбекқызы! Сіздердің мәселелеріңіз бойынша 23.01.2023 жылдан бастап автобус №5 аялдамаға тоқтайтын болады."

3 года назад

Рейтинг организации

0.0 / 5.0

0 голосов

Бекенова Гүлжан Мырзалықызы

Директор

Бекенова Гүлжан Мырзалықызы

Директор

Бекенова Гүлжан Мырзалықызы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Басшилі ауылында 1973 жылы 22 тамызда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1988-1992 жж. Ақтөбе педагогикалық училищесінің мектеп бөлімін (бастауыш сынып мұғалімі мамандығын) үздік бітірді. 1996-2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тәмамдады. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистр бөлімін үздік бітірді. 1992-2001 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Басшилі ауылындағы алтын ұя мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметінен ұстаздық жолын бастады. 2001-2007 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы №26 ЖББМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2007-2011 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы №169 ЖББМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2011 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін №169 мектеп-лицейінің директоры қызметін атқаруда. Педагогикалық еңбек өтілі - 28 жыл. Педагогикалық біліктілік санаты – педагог-зерттеуші. Гүлжан Мырзалықызы басшылық еткен жылдары мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. №169 мектеп-лицейі 2016 жылы оқу орны «Қаланың орта білім беретін үздік ұйымы» грантын алып, 2019 жылы «Үздік педагогикалық ұжым» қалалық байқауының жеңімпазы атанды. «Тәлімгер – тәлім алушыны кәсіби дамуға бағыттаушы». Гүлжан Мырзалықызы тәлімгерлік еткен жас маман, тарих пәнінің мұғалімі Жүсіпқалиев Сұлтан 2019 жылы қалалық «Жас келсе, іске!» атты жас мамандар байқауына қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Алматы қалалық «Ұстаз» жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің 20 жылдығына орай өткізілген «Үздік кәсіподақ көшбасшысы -2019» байқауына кәсіподақ ұйымының төрайымы, математика пәнінің мұғалімі Шонкина Жаналтын Данабекқызы қатысып, қалалық байқаудан жүлделі І орынды иеленді. Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы іс тындыру. Мақсат –сапалы білім беру арқылы жетістікке жетуді басты назарда ұстайтын «Нұрлы Жастар» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Бекенова «Nur Otan» партиясының атынан «Праймериз - 2020» додасына қатысты. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Алматы қаласы әкімінің, Алматы қаласы Білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған. Отбасылы, төрт баланы тәрбиелеп отыр. «Nur Otan» партиясының мүшесі. 2021 жылдан VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Бекенова Гульжан Мирзалиевна родилась 22 августа 1973 года в селе Бассиели Актюбинской области. Национальность – казашка. Образование –высшее. 1988-1992 гг. обучалась в Актюбинском педагогическом училище, где получила специальность учителя начальных классов. 1996-2001 гг. обучалась в Казахском Национальном университете имени аль-Фараби на историческом факультете. 2007 ггоду окончила с отличием магистратуру Казахского национального университета имени аль-Фараби. В 1992 году начала преподавательскую деятельность в своей родной школе имени Ыскака Мухамеджанова Актюбинской области и продолжила до 2001 года. 2001-2007 гг. работала заместителем директора по учебно-воспитательной работе, учителем истории в школе №26 Ауэзовского района города Алматы. 2007-2011 гг. работала заместителем директора по учебно- воспитательной работе, учителем истории в школе №169 Алатауского района города Алматы. С 2011 года работает директором школы-лицей №169 Алатауского района города Алматы. Педагогический стаж - 28 лет. Педагогическая квалификационная категория - педагог-исследователь. За годы руководства Гульжан Мирзалиевны учителя и учащиеся школы-лицей приняли участие в районных, городских, республиканских и международных олимпиадах, заняли призовые места и повысили статус школы. Школа заняла первое место в конкурсе «Лучшая профсоюзная организация города» города Алматы. В 2016 году учебное заведение получило грант «Лучшая организация среднего образования города», в 2019 году стало победителем городского конкурса «Лучший педагогический коллектив». Как говорится, «Наставник-это человек, который направляет своего ученика к профессиональному развитию», Гульжан Мирзалиевна является наставником молодого специалиста, учителя истории Жусупкалиева Султана, который в 2019 году участвовал и занял І место в городском конкурсе молодых специалистов «Жас келсе, іске!». Председатель профсоюза Шонкина Жаналтын Данабековна, под руководством Гульжан Мирзалиевны, заняла І место в конкурсе «Лучший профсоюзный лидер-2019», посвященном 20-летию общественного объединения местного профсоюза «Ұстаз» г. Алматы. Самое большое достижение - сделать что-то полезное для общества. Цель, которого состоит в том, чтобы сосредоточиться на достижении успеха путем качественного образования, как председатель первичной партийной организации «Нұрлы Жастар» Бекенова Г. М. от партии «Nur Otan» приняла участие в «Праймериз 2020». Награждена орденом «Құрмет» (2020г.), знаком «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», юбилейной медалью «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», почетными грамотами акима города Алматы и управления образования города Алматы. Замужем, воспитывает четверых детей. Член партии Nur Otan». С 2021 года депутат маслихата города Алматы VII созыва.

Задать вопрос

Ваш вопрос будет направлен директору.