КГУ Школы-гимназии №140 им.М.Макатаева Управления образования г.Алматы
Об организации
Құрметті блог қонақтары! Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады. Дорогие друзья! Приветствую Вас на персональном блоге руководителя школы который создан для того, чтобы иметь возможность непосредственного общения и обмена мнениями на различные темы. Сегодня информационные технологии прочно вошли в нашу повседневную жизнь и являются частью современного общества. Интернет как средство коммуникации играет важную роль в формировании гражданского общества и является признаком открытости и прозрачности органов образования.
Вопросы и ответы (40)
Здравствуйте у вас есть русские классы
"Здравствуйте! Чисто казахская школа"
1 год назад
Сәлеметсізбе Сәния Өскенбайқызы!
География және жаратылыстану пәні бойынша вакансия бар ма? Қазіргі таңда мектепте жұмыс жасааймын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегімін.
"Сәлеметсіз бе! Барлық бос орын бойынша вакансиярлар hr.nobd сайтында жарияланады."
1 год назад
Саламатсізба!
Біздің екі бала 140 мектепте оқып жүр.
Маусымнан бастап сіздерге Egov арқылы үшінші баламыздың толық құжат қоса беріп төрт рет қабылдау жөніңдегі отінімдерді жібердік. Барлығына «басқа» деген негіздемемен теріс жауап берілді.
Осы сұрақ жөнінде Сания Өскенбайқызының қабылдауына жазылуымды өтінемін.
Алдын-ала рахмет! Жауабыңызды күтемін.
"Сәлеметсіз бе! Қабылдауға жұмыс күндері келе аласыз"
1 год назад
Саламатсыз ба! Ағылшын тілі пәні мұғаліміне вакансия бар ма?
"Сәлеметсіз бе! Бос орынға конкурсты тамыз айында https://hr-nobd.edu.kz сайтында жариялаймыз"
1 год назад
Ассалаумуғалайкум Сания ханым. 4-сынып бітіруші қызым және 6-сынып бітіруші ұлымды сіздің оқу орныңызға ауыстыру мәселесімен барғанымда Егов кз арқылы құжат жіберің деген едіңіз. Құжат толық жіберілді. Пропискам жоқ,бірақ бір жылдан бері Теракатто тұрғын үйінде жасап жатқаныма байланысты акт жасап екі оқушымды қабылдауыңызды өтінемін. Сіздің осы қолдауыңызға қатты мұқтажбын. Алла разылығы үшін сізден өтінемін,балдарым сіздің мектепте оқуына мүмкіндік беріңізші. Көп балалы Алтын алқа иегерімін,осы екі кішкентайым жақын жерден мектебіңізде оқыса екен деген арманым еді. Өйткені сіздің және мектеп ұжымының адамгершілікпен ауызбіршілігіңізді,нағыз Қазақи тәлім тәрбие білімін жер сілкінісі күні халыққа жасаған қызметіңізден көрген едім. Сіздей иман жүзді,адал,мейірімді жанның құзырында білім алып шықса нұр үстіне нұр болар еді.
"Құрметті Зухра Зульфухарқызы!
Сіздің өтінішіңізбен таныстық. Мектеп басшысы қазіргі таңда кезекті еңбек демалысында.
Иа, 140 гимназияда оқушылар саны толық. Тамыздың 5-6 күні мектепке келіп жолықсаңыз. Дәл қазір Сізді қанағаттанарлық жауап бере алмаймыз. Оқушылардың қозғалысына қарай орын болып жатқан жағдайда, Сіздің өтінішіңізді қарастырамыз."
2 года назад
Сәлеметсіз бе 9-сыныпқа оқушы қабылдайсыз дар ма?
"Сәлеметсіз бе! Мектепке қабылдау тек егов.кз мемлекеттік сайты арқылы жүзеге асады. Дәл қазіргі таңда 9-сынып оқушылар саны толық."
2 года назад
Қайырлы кеш! Микроучасток бойынша 140-мектепке жатпаса, алайда территория бойынша жақын және қазақ тілінде білім беретін мектеп осы болса, 1-сыныпқа түсу мүмкіндігі бар ма? Білім басқармасы мен министрлікке жүгіну үшін сіздің жазбаса жауабыңызға зәруміз.
"Сәлеметсіз бе!
ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 33942 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16 бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 31-тамызына дейін 1-сыныпқа құжат қабылдайды.
2024 – 2025 оқу жылына 1-сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады. Өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 Бұйрығының 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкес, балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.
Аталған Бұйрыққа сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында баланың тұруына байланысты қарастырылады."
2 года назад
Тест қалай тапсырған болады.
"Сәлеметсіз бе! 1-сыныпқа қабылдау тест арқылы жүргізілмейді. Жоғары сыныптарға оқушы саны толық болғандықтан, бала қабылдай алмаймыз. Сұрағыңызды 3764488 номері арқылы толықтырсаңыз болады."
2 года назад
Едулайф кз ашындар?
"Қайырлы күн, edulife.kz платформасымен жұмыс жасамаймыз. Т.сінбеген сұрақтарыңыз болса мына нөмірге 3764488 хабарласа аласыз!"
2 года назад
Неге едулайф кз жабық едулайф кз ашындар?
"Қайырлы күн, edulife.kz платформасымен жұмыс жасамаймыз. Т.сінбеген сұрақтарыңыз болса мына нөмірге 3764488 хабарласа аласыз!"
2 года назад
Рейтинг организации
0 голосов
Тілеубай Сәния Өскенбайқызы
Директор
Тілеубай Сәния Өскенбайқызы
Директор
Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1961 жылғы 25 қыркүйек Туған жері-Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Новотройск ауылы Ұлты-қазақ Білімі-жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1982 жыл - Абай атындағы Қазақ педагогика институты Мамандығы бойынша біліктілігі Абай атындағы Қазақ педагогика институты Физика пәнінің мұғалімі Мансап 06.04.1982 / 01.09.1983 - №12 орта мектеп, физика пәнінің мұғалімі, Алматы қаласы 05.09.1983 / 04.08.1989 –Автокөліктер тасымалдау өндірісінің басқармасы, инженер-программист, Алматы қаласы 25.07.1989 / 17.01.1990 - №2 балалар үйі, тәрбиеші, Орал қаласы 17.01.1990 / 24.08.1995 - №11 мектеп, физика пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, Орал қаласы 01.09.1995 / 10.02.2000 - Физика пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, №141 орта мектеп, Алматы қаласы 10.02.2000 / 09.10.2008 - №163 орта мектеп, директор, Алматы қаласы 09.10.2008 - М.Мақатаев атындағы №140 гимназия, директор, Алматы қаласы ______________________ Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Общая информация, образование Дата рождения: 25 сентября 1961 года Место рождения - Восточно-Казахстанская область, Уржарский район, село Новотройск Национальность - Казашка Образование - высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1982 год- Казахский педагогический институт имени Абая Квалификация по специальности Казахский педагогический институт имени Абая Учитель физики Карьера 06.04.1982 / 01.09.1983 - Средняя школа №12, учитель физики, город Алматы 05.09.1983 / 04.08.1989 –Пассажирское автотранспортное производственное управление, инженер-программист, город Алматы 25.07.1989 / 17.01.1990 - Детский дом №2, воспитатель, город Уральск 17.01.1990 / 24.08.1995 - Средняя школа №11, учитель физики, заместитель директора по учебно-воспитательной работе, город Уральск 01.09.1995 / 10.02.2000 - Средняя школа №141, учитель физики, заместитель директора по учебно-воспитательной работе, город Алматы 10.02.2000 / 09.10.2008 - Средняя школа №163, директор, город Алматы 09.10.2008 - Гимназия №140 имени М.Макатаева, директор, город Алматы
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.