Коммунальное государственное учреждение «Специализированный лицей №»178» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (132)
7,10 сыныпка оқушыны кабылдайсыздар ма? Конкурска қалай катысамыз?
"Құрметті, Толкын Байбалаевна!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді. Мамандандырылған лицейге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау 2024-2025 оқу жылына 5 және 7-сыныптарда жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылы 20-сәуірге дейін www.qabyldau.daryn.kz сайты арқылы тіркелуге болады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Қайырлы күн! 2024-25 оқу жылына 6-сыныпқа қабылдау бола ма?
"Құрметті, Маржан ханым!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді. Мамандандырылған лицейге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау 2024-2025 оқу жылына 5 және 7-сыныптарда жүзеге асырылады. Конкурс туралы толық ақпарат 178.alschool.kz және www.qabyldau.daryn.kz сайттарынан алуға болады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Салеметсизбе, Кайратбек Хамзаханұлы! Менің сізге сұрағым, менің ұлым 209 мектеп- гимназияның 9 сынып оқушысы, сабғы жақсы(отличник) менің ұлым физика- математикадан жаксы ,209 мектепте гуманитарный болганнан кейін кобінде математика тереңдетіп оқылмайды сіздерге қабылдау мүмкіндігі бола ма? Баланын физика- математикадан орын алған дипломдары бар керек болган жағдайда. Рахмет.
"Құрметті, Тункаева Шырын!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Лицейде 9-сыныпта орын босаған жағдайда конкурстық іріктеу жүргізіледі. Жарияланған конкурс туралы http://178.alschool.kz/ лицей сайтынан және лицейдің әлеуметтік желілерінен таныса аласыз.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Бұл мектепке тест тапсыру арқылы түседіма? Жатахана барма? 11сыныптар оқима? Грантқа түсуге мүмкіндік барма?
"Құрметті, Баура Баскербек!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
"№178 мамандандырылған лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемеде 7-11 сынып оқушылары тегін білім алады. Лицейде жатақхана қарастырылмаған. 2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратпен www.qabyldau.daryn.kz сайтында танысуға болады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Сәлеметсіз бе! 5-сыныпқа қабылдау қашан жүргізіледі?
"Құрметті, Толкын Байбалаевна!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге 2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратпен www.qabyldau.daryn.kz сайтында танысуға болады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Сәлеметсіз бе Мен 10сынын оқушысымын болашақта керемет мамандық иесі яғни әртіс Ninety One,BTS секілді топта өнер көрсеткім келеді және де сондай жаңа бағытқа қазірден дайындық үстіндемін болашақта сондай топтың,команданың әрітсі болып намысын қорғау үшін.Ал біздің Қазақстанда қатты жағдай жасалмаған сол себепті де көптеген жастар шетелге кетіп жатыр
Сіздерден Ерболат Беделханмен сөйлесіп солай бір мектеп немесе универ тым болмаса сол талант иелеріне көмек беріліп қазақ тілін дамытып әлемдік рейтингке иенгізу қажет ол жанр солайша q pop аталады .Сіздер сол Ерболат Беделханға көмек беріп,сөйлесіп көріңіздер осы жанр жайлы
Ал егер маған игнорь жасасаңыздар біз жай ғана Кореяға кетіп қала саламыз мен және мен секілді көптеген жаңа талант,буын иелері, бірақ бәрібірде қазақ тілі ыстық болғандықтан айтып жатырмын осыны
орындаңыздар деп болашақ сіздердің қолдарыңызда ойланыңыздар оған 1-2млрд көлемінде жақсы ақша бөліңіздер ол түркі елдеріне конкурс ұйымдастырсын бүкіл талант иелері қазақша сөйлеп ән айтады керемет емес пе осы айтұаныма ойланып бүкіл жастардың арман мақсатына жетуіне бір үлестеріңізді қосыңыздар
"Талабыңа нұр жаусын, Ернұр! Биіктерден көріне бер!
Қай өңірдің, қай мектептің оқушысы боласың?
Қосымша ұсыныстарың болса, лицейге хабарлас 392-54-42.
Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Педстарт конкурсына қалай қатыса аламын
"Қайырлы күн, Клара!
Мұғалімдерге арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасының Ережесімен pedstart.daryn.kz сайтынан танысуға болады. №178 мамандандырылған лицейдің бұл олимпиадаға еш қатысы жоқ.
Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Сәлеметсіз бе Қайратбек Хамзаханұлы! Менің ұлым биыл 7 сынып. Конкурс қай уақытта өтеді.Мамандандырылған лицейге қазіргі таңда ауысуға мүмкіндік барма? Алдын-ала рахмет!
"Құрметті, Бахыт Ахметова!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес мамандандырылған лицейге 7-сыныптан бастап оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Келесі оқу жылына оқушыларды қабылдау конкурсы туралы қосымша ақпарат 178.alschool.kz және www.qabyldau.daryn.kz сайттарында жарияланады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Курс керек
"Қайырлы күн, Айгул!
Ұсынысыңыз түсініксіз, курстың мақсатын, аудиториясын әрі бағытын нақты жазсаңыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, лицейге хабарласыңыз 392-54-42.
Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Курметти Кайратбек Хамзаханулы, мен жалғызбасты ана ретинде Сизге, Сейсембек Нурасыл Манасұлы 25.03.2010 жылы туған,7 сынып окушысы, улты;Қазақ, оку билимин ары карай дамытуына улесинизди косасыз деп умиттемин. Президенттің колдауымен, Сиз Жалғыз басты ана ретинде, колдауынызды сураимын, өйткені Президенттің айтқандай: ЖАСТАР-БОЛАШАКТЫН, КЕПИЛИ!!! Отинем Жалғыз басты ана ретинде, менин баламды, өз оку мекеменизге 1токсан аякталган соң кабылдауынызды сураимын, отиниш!!! Осы хат Сизге және Президентке жолданганын, Сизге жеке хат бойынша апарып беремин!!!
Сизге деген курметпен: Бехтольд Жанна Александркызы.
"Құрметті, Жанна Александркызы!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді. Мамандандырылған лицейге 7-сыныптан бастап оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
Конкурс туралы ақпарат 178.alschool.kz және www.qabyldau.daryn.kz сайттарында жарияланады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
2 года назад
Рейтинг организации
2 голосов
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1969 жылы 27 тамыз Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қызыл Қышлақ ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1993 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті физика факультеті (үздік диплом). Квалификациясы: Физик. Оқытушы. 1995 жыл – Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы (бұрынғы Нархоз) бизнес және менеджмент факультеті. Квалификациясы: Экономист. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты Санаты: педагог-шебер Мансап 01.09.1993/27.08.2007 – Алматы қаласы, «Болашақ» арнайы мектебі, физика және экономика пәндерінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, физика және экономика пәндерінің мұғалімі. 29.12.2017/16.11.2018 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының міндетін атқарушы. 16.11.2018/24.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. 25.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. Шадиев Кайратбек Хамзаханович Общая информация, образование Дата рождения: 27 августа 1969 года Место рождения: Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, село Кызыл Кишлак Национальность: казах Образование: высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1993 год – Казахский государственный национальный университет имени Аль-Фараби, физический факультет (диплом с отличием). Квалификация: Физик. Преподаватель. 1995 год – Казахская государственная академия управления. Квалификация: экономист. Научная степень: кандидат экономических наук Категория: педагог-мастер Карьера 01.09.1993/27.08.2007 – г.Алматы, «Болашақ» специальная школа, учитель физики и экономики, заместитель директора по УВР (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – г. Алматы, гимназия №159 имени Ы.Алтынсарина, учитель физики и экономики. 29.12.2017/16.11.2018 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», исполняющий обязанности директора. 16.11.2018/24.01.2021 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», директор. 25.01.2021 – г. Алматы, КГУ «Специализированный лицей №178», директор.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.