Коммунальное государственное учреждение «Специализированный лицей №»178» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (132)
Құрметті Кайртабек Хамзаханулы!
Мен Баекеева Балгын Шамшатовна, 10 "Ә" сынып ата-анасымын. Биздин балалар 5 сыныпка кабылданган жылдан бастап, сыныбымызда өткен бес жылдын ішінде бес рет сынып жетекшіміз ауысып, Мнайым апай келгеннен бері жаксы болып калып едік, биыл сыныбымызды таратайын деп жатыр екенсиздер. Биз барлық жағдайды, соның ішінде бала санынның азайғанын да жақсы түсінеміз. Бірақ Сізден сыныптың барлык ата-аналары атынан өтініп сұраймын, сыныбымызды бұрынғы калпында сақтап қалуға көмектесіңізші!
Сыныбымыздың оқушылары да, ата-аналары да өте уйымшыл. Балаларымыз өте бауырмал, бір үйдің балаларындай. Бір-бірімізден айырылмай мектеп бітірсек деп армандайды. Бізге ата-аналарға, балаларымыздың арманын орындау маңызды!
Біздің жағдайымызды түсініп, шара қолданады деген үміттеміз!!!
"Құрметті, Балгын Шамшаткызы!
Байланысқа шығып, оқу-тәрбие үрдерісін ұйымдастыру туралы мәселені көтергеніңіз үшін алғыс білдіремін!
Лицейде жалпы орта білім беру деңгейі (10-11 сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді. Мамандандырылған дайындық (бейіндік оқыту) жүйесін жасау мақсатында 10-сыныпта оқушылар бейіндік таңдау пәндері бойынша сыныптарға (физика-математика, химия-биология) ата-ананың өтініші негізінде топталады.
Осыған орай, өтініштеріңізді оқушылардың таңдаған пәндері бойынша сыныптарға бөлуді қарастырамыз.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
3 года назад
Салеметсіз бе! Мен жаңадан бітірген бакалавр дәрежесі бар, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінде ағылшын/ түрік тілін қызыл дипломмен бітірген жас маманмын. Бірақ мамандығым шетел филологиясы. Мектептеріңіз де бастауыш сыныптарға беретін мұғалімге бос орындар жоқпа? Жас мамандарды аласыздар ма?
"Қайырлы күн, Аружан Набигожанова!
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушылары білім алады, бастауыш сыныптар жоқ.
Бос жұмыс орындарымен www.enbek.kz және bilimalmaty.kz порталдарында танысуға болады.
Түйіндемеңізді licei_178@mail.ru поштасына жолдаңыз, бос жұмыс орны болған жағдайда хабарласамыз. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
3 года назад
Информатика пәнінен ваканттық орын барма? Стаж 15жыл
"Қайырлы күн, Акгуль Хайратовна!
Сіздің мамандығыңыз бойынша қазіргі кезде бос жұмыс орны жоқ. Бос жұмыс орындарымен www.enbek.kz және bilimalmaty.kz порталдарында танысуға болады.
Түйіндемеңізді licei_178@mail.ru поштасына жолдаңыз, бос жұмыс орны болған жағдайда хабарласамыз. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Сәлеметсізбе,Мен математика пәні мұғалімі Құрманбек Улангуль, еңбек өтілім-9жыл. Сіздерде математика пәні мұғалімі бойынша бос жұмыс орны бар ма? Тел: 8 747 853 74 82
"Қайырлы күн, Улангуль Құрманбек!
Әзірше, Сіздің мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орны жоқ. Бос жұмыс орындарымен www.enbek.kz және bilimalmaty.kz порталдарында танысуға болады.
Түйіндемеңізді licei_178@mail.ru поштасына жолдаңыз, бос жұмыс орны болған жағдайда хабарласамыз. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Ассалаумалейкум Қайратбек Хамзаханұлы,
сізді биылғы оқу жылының сәтті аяқталуымен құтыктап, жаңа оқу жылын аман есен бастауларыңызға тілектеспін.
Мен көп балалы әке ретінде қызымды сыздердын лицейге берсем деп едім, сол үшін не істеуім керек, айтып жібересіз бе.
"Құрметті, Мақсат Жантасов! Біздің лицейге қызығушылық танытып, жылы лебіз бен ізгі тілектеріңіз үшін рақмет айтамын.
№178 мамандандырылған лицейге 5-11 сыныптарға оқушылар конкурстық негізде қабылданады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы конкурстық іріктеу жүргізеді.
Қазіргі кезде №178 мамандандырылған лицейдегі оқушылар саны лицей ғимаратының жобалық қуатынан біршама артық болғандықтан және оқу бөлмелерінің жетіспеушілігінен қосымша оқушылар қабылданбайды.
Амандықта болайық!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Сәлеметсіз бе. Менің қызым 6 сыныпиы тәмәмдады. Енді сіздердің лицейлеріңізге тапсырсақ деп едік. Емтихан қашан болады?
"Құрметті, Қарлығаш Сабырова! Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге 5-11 сыныптарға оқушылар конкурстық негізде қабылданады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы конкурстық іріктеу жүргізеді.
Қазіргі кезде №178 мамандандырылған лицейдегі оқушылар саны лицей ғимаратының жобалық қуатынан біршама артық болғандықтан және оқу бөлмелерінің жетіспеушілігінен қосымша оқушылар қабылданбайды.
Амандық тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Салеметсізбе!Балам осы гимназияда оқу үшін іріктеуге қатыса аламызба?4 сынып бітіреміз биыл. 5-сыныпқа қабылданбайды, Окушы толық,орын жоқ деді кеше звондап сұраған едім. Мүмкіндік болса жауап беруіңізді сұраймын.
"Құрметті, Ибатова Аида! Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицейге қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы конкурстық іріктеу жүргізеді.
Қазіргі кезде №178 мамандандырылған лицейдегі оқушылар саны лицей ғимаратының жобалық қуатынан біршама артық болғандықтан және оқу кабинеттерінің жетіспеушілігінен 2022-2023 оқу жылына 5-сыныпты ашудың мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймын.
Алматы қаласындағы мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін үміткерлер биылғы жылдың 10 сәуіріне дейін www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн тіркеліп, құжаттарын тапсыра алады. Сәттілік тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Мая Кыпшаккызына алгыс, биздин сынып жетекшимиз. Окушылармен, аналармен жаксы жумыс жасайды. Улкен рахмет
"Құрметті, Гульшат Мамиева!
Ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, жылы лебіз бен ізгі ниет білдіргеніңіз үшін рақмет.
Болашақтары жарқын, білімді оқушыларымыз лицейіміздің мақтаныштары болсын!
Құрметпен, Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Мектептің өзіндік шарттары қандай? Және тоқсандықта неше үштік баға болса мектептен босатылады,шығарады?
"Құрметті, Мурат Абдильда!
Біздің лицейге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.
№178 мамандандырылған лицей қызметінің мақсаты оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Лицейге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
ҚР Әділет Министрлігімен 19.01.2021 жылғы №362-1910-03-ГУ куәлігімен бекітілген Алматы қаласы Білім басқармасының «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысында 51-тармақта былай жазылған: «Оқу жылының қорытындысы бойынша оқушыларды академиялық үлгермеушіліктен шығару туралы шешімді (үш және одан да көп пән бойынша «қанағаттанарлық» баға және бейіндік пән бойынша бір «қанағаттанарлық» баға) педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Мектеп басшысы қабылдайды».
№178 мамандандырылған лицей туралы толық ақпаратпен http://178.alschool.kz/ сайтында танысуға болады.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
4 года назад
Бізге мұғалімдер ұрсады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ШУ АУДАНЫ
АҚСУ АУЫЛЫ
Ж.БАЛАСАҒҰН МЕКТЕБІ
"Қайырлы күн, Бақдәулет!
Сізге Жамбыл облысы Шу ауданы Ақсу ауылының Ж.Баласағұн мектебінің директорына хабарласу керек."
4 года назад
Рейтинг организации
2 голосов
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1969 жылы 27 тамыз Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қызыл Қышлақ ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1993 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті физика факультеті (үздік диплом). Квалификациясы: Физик. Оқытушы. 1995 жыл – Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы (бұрынғы Нархоз) бизнес және менеджмент факультеті. Квалификациясы: Экономист. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты Санаты: педагог-шебер Мансап 01.09.1993/27.08.2007 – Алматы қаласы, «Болашақ» арнайы мектебі, физика және экономика пәндерінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, физика және экономика пәндерінің мұғалімі. 29.12.2017/16.11.2018 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының міндетін атқарушы. 16.11.2018/24.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. 25.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. Шадиев Кайратбек Хамзаханович Общая информация, образование Дата рождения: 27 августа 1969 года Место рождения: Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, село Кызыл Кишлак Национальность: казах Образование: высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1993 год – Казахский государственный национальный университет имени Аль-Фараби, физический факультет (диплом с отличием). Квалификация: Физик. Преподаватель. 1995 год – Казахская государственная академия управления. Квалификация: экономист. Научная степень: кандидат экономических наук Категория: педагог-мастер Карьера 01.09.1993/27.08.2007 – г.Алматы, «Болашақ» специальная школа, учитель физики и экономики, заместитель директора по УВР (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – г. Алматы, гимназия №159 имени Ы.Алтынсарина, учитель физики и экономики. 29.12.2017/16.11.2018 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», исполняющий обязанности директора. 16.11.2018/24.01.2021 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», директор. 25.01.2021 – г. Алматы, КГУ «Специализированный лицей №178», директор.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.