Коммунальное государственное учреждение «Специализированный лицей №»178» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (132)
Құрметті Мая апай, сізге көп рахмет, алғысым шексіз. Әр балаға жеке жеке кері байланыс жасайсыз. Жумысыныздын жемісін көріңіз. Қызым Назира сізді екінші анам деп мақтан тұтады
"Құрметті Гульшат Мамиева!
"Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл сәлем бер"деген дана халқымызда керемет сөз бар. Ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, жылы лебіздеріңіз бен ізгі ниеттеріңізге рақмет.
Болашақтары жарқын,білімді, білікті оқушыларымыз біздің лицейдің мақтаныштары болсын!
Құрметпен, Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Сәлеметсіздер ме? Менің сұрағым сіздерге алдыңғы жылы келгенімде орын тола деген ,былтыргы жылы да солай болды.Сіздер қалай қабылдайсыздар?Баламды сіздерде оқытқым келеді. Рахмет.
"Құрметті ата-ана!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
2021-2022 оқу жылына №178 мамандандырылған лицей 5-сыныпқа конкурстық іріктеу негізінде оқушыларды қабылдайды. Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офлайн).
5-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
• математика және логика - 30 сұрақ;
• оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
5-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Қосымша мәліметтерді №178 мамандандырылған лицейдің техникалық хатшысынан білуге болады:
8 (707) 370-1774
Ескерту: 6-11 сыныптарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санына сәйкес келеді."
5 лет назад
Қайырлы күн, құрметті Қайратбек Хамзаханович мырза! Мен сізге үлкен өтінішпен жазып тұрмын. Менің балама "биология" пәнінен Бастерова Балхия деген мұғалім оқытады екен. Балам маған 1-тоқсаннан бері айтып жүр, яғни Балхия Бастерова оларға өте қатал қарағанымен қоймай, сабақтарға тек тапсырма беріп өткізе салады екен. Қорытынды бағалауда, яғни тжб бжб-ларды "гугл формада" мүлде кітапта жоқ, өзі түсіндірмеген тақырыптарды алады. Сыныпта ешқайсы 20 баллдан жоғары балл алмаған. Ең жоғарғы балл 30 екен. Менің балам 1 сыныптан бері үздік оқиды, міне осы жылы биология пәнінен жалғыз 4 ке шығып отыр! Және Биология мұғалімі 2-тоқсанда бжбға 10-ақ минут берген! Балаларға ауыр сөздер айтып, тек өзінікін дұрыс санайды. Сабақтарды толық түсіндірмейді!!! Егер интернетіміз нашар жұмыс істесе, "оған менің түк қатысым жоқ" деп 3 форм.баға қояды!
Құрметті Қайратбек мырза, сізден осы мұғалімге ескерту айтқаныңызды сұраймын!!! Не болмаса сыныпқа басқа мұғалімді ауыстырғаныңызды сұраймын!!! "Гугл форма"-сыз бжб-ны алсын, сабақтарды оқушыларға түсіндірсін! Осылай барлық ата аналар шешіп отырмыз!
"Құрметті, Анар ханым!
Сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарастырамыз. Лицей әкімшілігі тарапынан биология пәнін оқу мен оқыту бойынша лицейішілік бақылау және пән мұғалімдерімен БЖБ/ТЖБ өткізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Лицейдің оқу-тәрбие жұмыстарына белсенділік танытып, өтініш білдіргеніңіз үшін Сізге рақмет айтамын.
Маған жеке жұмыс телефон нөмеріне (392-54-44) хабарласуыңызды сұраймын.
Лицей директоры Қайратбек Шадиев"
5 лет назад
Құрметті Шадиев Қайратбек Хамзаханович!
Сіздің басқаруыңыздағы ✓178-ші лицей ұстаздарының бірегейі Кутумов Берік Набиевичке сұрақ емес, ақ тілек білдіру менің аналық жүрегімнен шыққан ілтипат деп білерсіздер.
Шыңдалған ұстаз дәрежесі өскелең ұрпақтың жүрегіне үңіліп, тұнып тұрған қасиеті мен талпысын анықтау болып есептелері сөзсіз.Алланың берген қабілетін жетілдіру, дамыту ұстаз шеберлігімен шыңдалады.Менің перзентімнің сурет салу шеберлігін айқындап, аз ғана мерзімде үлкен жетістіктерге жетелеген Берік Набиұлы ұстазға шексіз аналық ризашылығымды білдіремін. Осы ұстаздың жетелеуі арқылы ұлымның білім мен өнегелі өнерге құлшынысы артып отыр.
«Жақсының жақсылығын айт,тасы өрге домаласын",-деген қазақ халқымның ұлылары.
Алла разы болсын!
"Құрметті, Алия Кзанкуловна!
Барлық ұстаздардың атынан Сізге алғысымыз шексіз. Ата-ана ретінде «ұстаз» деген ұғымды ерекше қастерлеп, білім мен тәрбиенің нәрін шашатын мамандық иелеріне көрсеткен құрметіңіз біз үшін баға жетпес қазына болып табылады.
"Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей, лицей оқушыларына ерекше еңбек сіңіріп жүрген мұғалімдерге, соның ішінде Берік Нәбиұлына білдірген алғыс сөздеріңіз баршамызға қуаныш сыйлап, жұмысымызға шабыт беруде.
Сізге рақмет айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы!
Біз Сіз басқарып отырған ең беделді оқу мекемесіне жататын "№178-лицей" табалдырығын биыл,ерекше болып келген 2020 жылы аттадық. Қазіргі уақытта балаларымыз 5 "Ғ" сыныбында білім алып жатыр. Әрбір ата-ана баласының керемет ортада, білікті ұстаз алдында саналы білім алғанын қалайды. Оқушыларын тікелей көрмесе де, үйіріп алып өздерін тыңдата білген, сабаққа қызығушылықтарын арттырып талап ете білген, баламен қатар ата-аналарды да бір ізге салып, жауапкершілік пен тәртіпке бейімдей алған сынып жетекшіміз Роза Сатанқызы мен мектеп ұстаздарына алғысымыз шексіз!
Ұстаз деген өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын ұлы тұлға! Көзге көрінбейтін, уақыт өте жемісін беретін адал еңбектеріңіздің арқасында талай шәкірттеріңіздің биіктен көрініп, көптеген жетістіктерге жететініне сенімдіміз!
Ұл-қыздарымыздың озық тәжірибелі, біліктілігі жоғары ұстаздардан тәлім-тәрбие алғаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Сол ортаны қалыптастырып, өз ісінің шеберлерін жинақтай алған, Қоғам алдында үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарып жүрген Сізге амандық, зор денсаулық тілейміз!
"Құрметті, Гүлдана Кадырханқызы!
Лицейімізде қашықтықтан оқыту форматында сапалы білім және саналы тәрбие алу жолында оқушы, ата-ана және мұғалімнің бірлесе атқарып отырған жұмыстары орасан зор. Осы орайда лицей мұғалімдеріне қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге үлкен рақмет! Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шабыттандырады, қуантады. Бізге тілеген тілегіңіз, өзіңізге еселене қайтсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасының амандығын, бақ-берекесін, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Сәлеметсізбе, құрметті Қайратбек Хамзаханұлы!
Мен,5"А"сыныбының оқушысы Абылай Бейбарыстың анасымын.Менің қоярға сұрағым жоқ),дегенмен,сіздің болгыңыз арқылы сізге Қайратбек Хамзаханұлы,сынып жетекшіміз Жанат Ескермесқызына жәнеде лицейіміздің ұстаздарына шексіз Алғыс білдіргім келеді❤!
Бір ғана тоқсан ішінде менің балам,конкурстарға қатысып, көптеген жетістіктерге жетіп,оқуға деген қызығушылығы арта тусті.Белсенді балалардың қатарына қосылды.Бұйыртса, Жас ұлан ұйымының қатарына қосылғалы отыр.Бастауыш сыныпта есептерді шығарып,қасында отырушы едім,ал қазір Айғаным Рахматуллақызының еңбегінің арқасында өзбетінше,ешкімнің көмегінсіз есептерді шығара алатындай дәрежеге жетті
"Құрметті, Шолпан Кожаханова!
Барлық ұстаздардың атынан үш айдың ішінде лицейіміздің өте белсенді оқушыларының біріне айналған Бейбарысқа өнегелі тәрбие беріп, азамат етіп өсіргеніңіз үшін Сізге рақмет айтамын.
Ата-ана ретінде лицейде білім мен тәрбиенің нәрін беретін, адамгершіліктің нұрын төгетін мұғалімдерімізге көрсеткен құрметіңіз біз үшін үлкен мәртебе!
Бейбарыстың өмірде алар асуы, шығар шыңдары көп болсын! Біз оған сенеміз!!! Дендеріңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Ғайша Мұқаш, ата-ана
Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы және ұстаздар ұжымы! Менің ешқандай сұрағым жоқ, алайда осындай ел басына сын туған жағдайда, Сіздердің ерен еңбектеріңізді елеусіз қалдырмау мақсатында ата-ана ретінде алғыс айтқым келіп отыр.
Оқу бағдарламасы онлайн форматқа көшкелі ұстаздар қауымының еңбегін күнде көзбен көру мүмкіндігіне ие болдық. Расында ұстаздардың еңбегін елеусіз қалдыру мүмкін емес! Онлайн оқытудың қиындығына мойымай, барын салып оқушыларын білім нәрімен сусындатуда. Оқушыларыңызға оқу бағдарламасына сай білім беруді жүйелі ұйымдастырып, олардың бар жағдайын назарға алып, талмай еңбек етіп жатқаныңыз үшін, Қайратбек Хамзаханұлы, Сізге мың алғыс! Сондай-ақ, 8 "ж" сыныбының жетекшісі Алшынбаева Айнур Курбаналиқызы сыныптағы әр баланың сабаққа қатысуын қадағалап, қашықтан болса да уысынан тәртіпті шығармай отырғанына риза болдым. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
"Құрметті, ата-ана!
Қашықтық оқыту жағдайында лицейімізде атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмысына ата-ана ретінде жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
178 лицей ұжымының ұстаздарына және мектеп директоры Шадиев. К. Х . 11 « Д» сыныбы және ата аналары атынан алғысымызды білдіреміз. Әрбір перзентеріміз үшін аянбай еңбек етіп, білім нәрімен сусындырғандарыңыз үшін, әрбір оқушыға жылулық қасиеттеріңізді, өмірге деген дұрыс көзқарасты үйрете білгендеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамыз. ҰБТ кезінде биылғы үрейлі және қорқыныш ауруына халықаралық дертке қарамастан тан атқаннан кеш батқанға дейін әрбір түлек үшін уайымдап жүргендеріңіз және әрбір түлекке күш қуат юеріп жылулық қасиеттеріңізді айтып мотивациялық сөздер айтып жатқандарыңыз үшін үлкен рақмет. 178 лицейінің ұстаздар ұжымы және директор Шадиев Қайратбек Хамзахановичк - сіздер мықты басшы, тәжірибелері мол ұстаздар деген мадақтамаға лайықсыздар.
"Құрметті, Асель Бақытжанқызы!
Сіздің атыңыздан барша 11"Д" сыныбының ата-аналарына лицей өміріне белсенді атсалысып, еліміздің ертеңгі білімді және өнегелі көшбасшыларын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын.
Әрине, жұмыстың бағалануы адамға серпіліс, тың идея, күш берері анық. Лицейдің оқу-тәрбие жұмысына, ұстаздық қызметке жан бітірген тілектеріңіз қабыл болсын!!!
Еліміздің тірегі, тізгінін ұстайтын болашағымыз - балаларыңыздың таңдаған мамандықтың білгір маманы болып шығуына тілектеспін. Аман саулықта қауышайық!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы және ұлағатты ұстаздар!!! Биылғы, 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Әрине, бұл оқу жылы барлығымыз үшін оңай болған жоқ, әйтсе де осындай келеңсіздікке мойынсынбай, өз жұмыстарыңызды атқара білдіңіздер.Темірдей тәртіп пен білімді бірге ұштастыра отырып, жоғарғы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын.Керемет, осы мектепке ұл- қыздарымызды әкеліп, осындай білікті мамандардың арқасында көптеген жетістікке жеткенімізге сенімдімін. Мен осы мектептің ұстаздары Гүлжан Сауытқызы, Балжан Төленқызы, Айжан Дарушқызы, Гүлзия Яаминқызы және Санат Тұрғанұлына рахметім шексіз. Осы ұстаздар тек білім беріп қана қоймай, тәртіпке баулып, мейірімділіктің қайталанбас үлгісін көрсете білді. Ұстазына қарап шәкірті дегендей... Мен осы мектепке қызымды оқытып, оның жақсы нәтижесіне куә болдым. Осы себеппен мектеп директоры - Қайратбек Хамзаханұлына, аяулы ұстаздарға үлкен алғысымды айтамын. Сіздердің мына қиыны да қызығы мол еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, мәртебелеріңіз биіктей берсін деген шынайы көңілімді білдіремін...
Ізгі ниетпен, Рахила Алмаханқызы
"Құрметті, Рахила Алмаханқызы!
Лицейіміздің оқу-тәрбие жұмысына көрсеткен қолдауыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін лицей ұжымының атынан шын жүректен рақмет айтамын. Біз үшін сіздердің әрбір пікірлеріңіз және жұмысымызға берген бағаларыңыз құнды. Керемет жылы сөз, жақсы ой, мұғалімнің еңбегіне деген пәк сезімдеріңіз біздерді алға қарай жетелейді. Тілектеріңіз қабыл болғай!!!
Балаларымыз ұлылығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Өмірде жолдары болсын!!!
Өздеріңізге де дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Қайратбек мырза! Осы оқу жылын жақсы аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңіз жана берсін! Тек биіктерден көрініңіздер! Ұжымыңызға арнайы Таня Бекболатқызына 11 "Е" сынып ата-аналары атынан алғысымыз шексіз!!! ҰБТ-дан уайымдап шыққан балалар сіздің АГУ алдында әр баланы құшақтап қарсы алғаныңыздан шаршағанын, уайымын ұмытып кетті. Балаларымызға серпіліс берді. Ата-аналардың қосақталып жүргенін елемей сіздің 1 ауыз жылы сөзбен қарсы алғаныңыз олар үшін МӘРТЕБЕ болды. Біздің сынып оң нәтиже көрсетті деп есептеймыз ата-аналар. Жай күнде 1 жайт көңілімізден шықпаса шулатып жатамыз. Ерекше ықыласыңыз үшін сәзге және ұжымыңызға ерекше Таня апайға Алғысымыз шексіз!!!
"Құрметті Ляйля Матжановна!
Лицей мұғалімдерінің еңбегіне деген шынайы көңіліңіз бен жылы лебізіңіз үшін ұжымның атынан Сізге және барша ата-аталарымызға рақмет айтамын!
Әрине, жұмыстың бағалануы адамға серпіліс, тың идея, күш берері анық. Болашаққа қанат байлап, ұстаздық қызметке жан бітірген тілектеріңіз қабыл болсын!!!
Ия, баршамызға ҰБТ оңай болған жоқ! Бірақ біз, барлығымыз бірлескен жұмыстың нәтижесінде осы қиындықтан сүрінбей, мәреге алқынбай жеттік!!! Балаларымыздың өмірдегі ең қиын сынағы осы болғай! Алда оларды жарқын болашақ күтуде ... Жолдары ақ болсын!!!
Отбасыларыңызға амандық, балаларымыз қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларына тілектеспін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
5 лет назад
Рейтинг организации
2 голосов
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1969 жылы 27 тамыз Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қызыл Қышлақ ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1993 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті физика факультеті (үздік диплом). Квалификациясы: Физик. Оқытушы. 1995 жыл – Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы (бұрынғы Нархоз) бизнес және менеджмент факультеті. Квалификациясы: Экономист. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты Санаты: педагог-шебер Мансап 01.09.1993/27.08.2007 – Алматы қаласы, «Болашақ» арнайы мектебі, физика және экономика пәндерінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, физика және экономика пәндерінің мұғалімі. 29.12.2017/16.11.2018 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының міндетін атқарушы. 16.11.2018/24.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. 25.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. Шадиев Кайратбек Хамзаханович Общая информация, образование Дата рождения: 27 августа 1969 года Место рождения: Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, село Кызыл Кишлак Национальность: казах Образование: высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1993 год – Казахский государственный национальный университет имени Аль-Фараби, физический факультет (диплом с отличием). Квалификация: Физик. Преподаватель. 1995 год – Казахская государственная академия управления. Квалификация: экономист. Научная степень: кандидат экономических наук Категория: педагог-мастер Карьера 01.09.1993/27.08.2007 – г.Алматы, «Болашақ» специальная школа, учитель физики и экономики, заместитель директора по УВР (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – г. Алматы, гимназия №159 имени Ы.Алтынсарина, учитель физики и экономики. 29.12.2017/16.11.2018 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», исполняющий обязанности директора. 16.11.2018/24.01.2021 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», директор. 25.01.2021 – г. Алматы, КГУ «Специализированный лицей №178», директор.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.