Коммунальное государственное учреждение «Специализированный лицей №»178» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (132)
Құрметті Қайратбек мырза! Мен т.ғ.д., профессор М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясынан Сізге барып. танысып менің тобымда ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысып жүрген Сіздің оқушыңыз Рысбекова Камила Дастанкызы туралы айтқанмын. Бұл оқушыңыз ағылшын тілімен қатар логистика мамандығы бағытында конференцияларға қатынасып жүрген және үлкен талпынысымен қабілеттілігін көрсетіп келеді. Сізден осы оқушыңызды мемлекеттік грантқа түсу бағытында арнаулы конкурстармен сайыстарға қатынасып, бағын сынау мақсатында қол қабысып көрсетіп, мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Алла разы болсын. Құрметпен профессор Жанбиров 87023175901
"Құрметті Жұмажан Ғинаятұлы! Біздің лицейдің оқушыларына ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналасуына мүмкіндік беріп, оларға жетекшілік еткеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. 2016 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылып, кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсырып, мемлекеттік грантқа ие болатын. Қазіргі кезде бұл норма алынып тасталған. Мемлекеттік білім беру гранттары жалпы конкурс негізінде беріледі. Егер Рысбекова Камиланың ғылыми жобасы дайын болса, біз оны түрлі байқауларға қатыстыруға дайынбыз. Біз үшін ол зор құрмет!!! Рақмет!"
6 лет назад
Ұстазыма
Білімді әрі ақылды,
Көрмедім мұндай батылды!
"Мая" ұстазым салмақты,
Мен үшін әр кез ардақты.
Тілеймін сізге бақытты,
Бағалы қызық уақытты,
Мәнді, сәнді өмірді,
Аспандай ашық көңілді.
Тілектеспін мен сізге,
Ел аралап келуге.
Алға қойған мақсатқа
Қиналмай тез жетуге.
5Д сынып оқушысы Алижаннан ұстазы Мая апайына
"Құрметті ата-ана! Алижанның жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу жолындағы ұстазымыздың еңбегін бағалағаныңыз үшін Сізге рақмет айтамыз!"
6 лет назад
Қымбатты Қайратбек Хамзаханұлы және 178 лицей ұжымы. Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл толағай табыстарға толы жыл болсын.
Қайратбек Хамзаханұлы сіз басқарып отырған лицейдің оқу және тәрбие процессіне, біз 5 ә сынып ата-аналары аса ризамыз. Аз уақыт өтсе де балаларымыз жаңа мектепке тез бейімделіп, сабаққа аса қуанышпен барып жүргеніне куә болып жүрміз. Бұл дегеніміз мектеп ұжымы, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен кешенді жұмысы деп түсінеміз. Осы орайда, мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Сонымен қатар балаларымыздың екінше анасы болып жүрген сынып жетекшіміз Исабаева Балмира Таупыққызына, пән мұғалімдері Сатов Ерғали ағайға, Батырхан Мәулетгүл апайға, Ханасилова Сабина апайға ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.
Аса зор құрметпен, тілек жолдаушы 5 ә сынып ата-аналары.
"Құрметті Нургайша Ахметжановна!
Келіп жеткен 2020-Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
"Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл сәлем бер"деген дана халқымызда керемет сөз бар. Ұстаздар қауымын құттықтап, жылы лебіздеріңізге, ізгі ниеттеріңізге рақмет.
"Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді "- деген оқушыларымыз, еліміздің жас ұландары ұлығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегегісін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Болашақтары жарқын,білімді, білікті алғыр оқушыларымыз біздің лицейдің мақтаныштары болсын!"
6 лет назад
Уважаемые Кайратбек Хамзаханович, коллектив 178 школы-лицея! Разрешите поздравить Вас с наступающим Новым годом и выразить огромную признательность за Ваш нелегкий труд, неиссякаемое терпение и понимание, преданность своему делу! Особую благодарность хочу выразить классному руководителю 7 «Е» и учителю математики Касенулы Бауыржану за
его профессионализм, умение ладить с учениками и находить общий язык с родителями. Всегда позитивный, открытый для диалога, он является авторитетом не только для детей, но и для нас - родителей. Также хочу сказать огромное спасибо учителю русского языка и литературы Жунусовой Алие за индивидуальный подход, умение вдохновить и мотивировать учащихся к творчеству, за развитие в детях интереса к своему предмету. Большое спасибо всем учителям, принимающим участие в обучении и воспитании наших детей! От всей души желаю Вашему дружному коллективу в этом Новом году творческих успехов, крепкого здоровья, бодрости, радости от Вашего нелегкого труда и всяческих удач в личной жизни! Пусть Вас окружают уважение и любовь, доброжелательность, жизнерадостность и наша благодарность! Благополучия и процветания нашему лицею! С уважением, родительница 7 «Е» класса Берлибаева Эльзат
"Уважаемая Берлибаева Эльзат!
Выражаю Вам глубокую признательность за тёплый отклик в адрес наших учителей, за понимание нелегко учительского труда, за внимательное отношение к окружающим и сердечность в отношении коллектива школы - лицея № 178 .
Огромное спасибо Вам за демонстрацию замечательного примера родительской поддержки, которая важна не только детям, но и нашей школе.
Поздравляю Вас с наступающим новым годом!
Желаю Вам процветания, счастья и благополучия!
С уважением, Кайратбек Хамзаханович!"
6 лет назад
Құрметті Қайретбек Хамзаханович! Менде СА қатарынан келіп, Махабет орта мектебінде оқытушылықтан еңбек жолымды бастап едім. Бүгінгі таңда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында т.ғ.д., професор болып қызмет атқарамын.Сіздің бір оқушыңыз Камила атты, бізде әртүрлі ғылыми жобаларға қатынасып, конференцияларға қатынасып, болашақ мамандығын таңдапжүр. Осы баланы Сізден қолдау болып, мектеп аралық конкурстарға қатынасуына мүмкіндік болса. Егер уақытыңыз болса мен Сізбен жақынарақ танысып бірігіп жұмыс жасасақ. Камила Дастанқызының сертификатын жіберіп отырмын Рахмет.
"Қайырлы күн, Жұмажан Ғинаятұлы! Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Лицейіміздің 11Б сынып оқушысы Рысбекова Камиланың ғылыми жобаларымен таныстым. Дарынды және талантты оқушыларымызға ғылыми кеңес беріп, қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Бірлесіп жұмыс жасауға әрқашан дайынбыз, есігіміз ашық. Рақмет!!!"
6 лет назад
Құрметті лицей директоры
Сізді инстаграм желісіне кіріп ,бір мағұлматты қарауынызды өтінемін (сообщениеге жібердім)
Оқушыныз туралы
Рахмет
"Рахмет! Ерсұлтанның жеңісі құтты болсын! Өмірде алар асуы, шығар шыңдары көп болсын!!!"
6 лет назад
Құрметті №178 лицейдің ұстаздар қауымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осы жолда бала бойына білім ғана емес, сонымен қатар адами құндылықтарды да сіңіре отырып, қоғамның белді мүшесі болуына негіз болып отырған да – Ұстаздар, сіздерсіздер. Бұл еңбектеріңіз құнсыз! Сондықтан да Сіздер, әрдайым ең сыйлы, ең құрметті тұлға ретінде ерекшесіздер!
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры – дей отырып, керемет басшы, ұжымның ұйытқысы Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы басқарып отырған лицей ұжымына еңбекте табыс, отбасында бақыт, зор денсаулық тілейміз.
Арнайы сынып жетекшіміз Оразалиева Толғанай Әуелханқызына айтар алғысымыз шексіз. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, балаларымыз ұстазындай ұстамды, инабатты болсын дейміз.
«Тәрбиесіз берілген білім, Адамзаттың қас жауы» - деп, әл-Фараби бабамыз айтқандай, тәрбие мен білімді бір арнада тоғыстыра білетін шәкірттеріңіз көп болсын. Сіздер тәрбиелеген ұрпақ тек биік белестерден көрініп, баршамызға мақтаныш болғай!
Сіздерге деген зор құрметпен, ақ тілегін жолдаушы №178 лицейдің
11 «А» сынып ата-аналары
"Көп-көп рахмет!"
6 лет назад
Мектепке жаңа 2019-2020 оқу жылына қабылдау нәтижелерін қалай көруге болады?
"Сәлеметсіз бе?!
Мектепке жаңа 2019-2020 оқу жылына қабылдау нәтижелерін қалай көруге болады?- мектепке қабылдауды bilimalmaty.kz сайтынан көруіңізге болады"
6 лет назад
Салеметсіз. Қай кезден бастап 1-сыныпқа қабылдау бойынша құжаттар қабылданады және талаптары қандай? Екінші сұрақ: 1-сыныпқа дейінгі дайындық кластары бар ма? Алдын ала рахмет.
"сәлеметсіз бе? 178 физика- математикалық лицей болғандықтан
5-сыныптан бастап 11- сыныпқа дейін ғана оқушылар оқиды. 1-сыныпқа оқушы қабылдамайды!"
7 лет назад
Дене шынықтыру сабағы дұрыс жүргізілмейды. Балаларды далаға шығарып, жібере салатынын талай байкадым.Мұғалім ұялы телефон қарап отырады. Күнде тек футбол ойнайды. Оның өзін ешқандай шартсыз, шынықтырусыз, үйретусіз ойнайды. Ешқандай нормативтер тапсырылмайды. Бұның себебі неде екен?
"Сәлеметсіз бе?! Барлық сабақтар мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланып отырады. Нормативтер бойынша сабақтар өткізіледі.
Кешіріңіз, қай сыныпта осындай олқылықтар орын алатынын білуге көмектессеңіз өте жақсы болар еді. (егер мүмкін болса)
Оқу жылы басталғанда себебін анықтап, жауап беремін"
7 лет назад
Рейтинг организации
2 голосов
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1969 жылы 27 тамыз Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қызыл Қышлақ ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1993 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті физика факультеті (үздік диплом). Квалификациясы: Физик. Оқытушы. 1995 жыл – Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы (бұрынғы Нархоз) бизнес және менеджмент факультеті. Квалификациясы: Экономист. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты Санаты: педагог-шебер Мансап 01.09.1993/27.08.2007 – Алматы қаласы, «Болашақ» арнайы мектебі, физика және экономика пәндерінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, физика және экономика пәндерінің мұғалімі. 29.12.2017/16.11.2018 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының міндетін атқарушы. 16.11.2018/24.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. 25.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. Шадиев Кайратбек Хамзаханович Общая информация, образование Дата рождения: 27 августа 1969 года Место рождения: Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, село Кызыл Кишлак Национальность: казах Образование: высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1993 год – Казахский государственный национальный университет имени Аль-Фараби, физический факультет (диплом с отличием). Квалификация: Физик. Преподаватель. 1995 год – Казахская государственная академия управления. Квалификация: экономист. Научная степень: кандидат экономических наук Категория: педагог-мастер Карьера 01.09.1993/27.08.2007 – г.Алматы, «Болашақ» специальная школа, учитель физики и экономики, заместитель директора по УВР (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – г. Алматы, гимназия №159 имени Ы.Алтынсарина, учитель физики и экономики. 29.12.2017/16.11.2018 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», исполняющий обязанности директора. 16.11.2018/24.01.2021 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», директор. 25.01.2021 – г. Алматы, КГУ «Специализированный лицей №178», директор.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.