Коммунальное государственное учреждение «Специализированный лицей №»178» Управления образования города Алматы
Об организации
Құрметті блогқа қатысушылар! Мен өзімнің жеке блогымда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін, ақпараттық технология дамыған кезде осы блогтың көмегімен сіздер менімен тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды айтып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мен және орынбасарларым тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да тиімді болатынына сенемін. Уважаемые посетители! Мне приятно приветствовать вас на личном блоге. Сегодня, в эпоху стремительного развития информационных технологий с помощью блога вы можете напрямую со мной общаться, вносить предложения, делиться мнениями, писать свои отклики. В свою очередь, я и мои заместители будем отвечать на ваши вопросы, каждое обращение не останется без внимания. Надеюсь, что блог станет единой информационной площадкой для нас и будет очень интересен и полезен.
Вопросы и ответы (132)
Қайырлы күн, №178 лицей ұжымы және лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы! Мен 11«З» сынып оқушысы Орынбасар Ерасылдың анасы Қайнарбаева Ғалия. Ұлым 2014-2015 оқу жылынан бері сіздердің лицейлеріңізде білім алып келеді. Міне биылғы жылы жас түлек! Осы жылдар аралығында ұлымызға білім мен қатар тәрбие берген ұжымға және ұстаздарына алғысым шексіз! Ата-ана ретінде ешуақытта хабарсыз болмадық, әрдайым лицеймен байланыста болдық. Лицейде жүргізілген іс-шаралардан, игі істерден хабардар болып отырдық. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты міндеттелген өзгерістерге бойұсынамыз. Яғни, соңғы қоңырау, аттестат алу кеші секілді мерекелік кештерді жылдағыдай емес ерекше талаптармен өткізуіне келісеміз. Себебі, тәртіпке бағынған құл болмайды. Осы орайда лицей ұжымына және басшысына балаларымыз үшін талапқа сай соңғы қоңырау мен аттестат беру салтанатын біріктіре отырып ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатқанына дән ризамыз. Және де ешқандай қаражат жинап жатпағанын тілге тиек еткім келеді. Барлығы талапқа сай болуы бізді де қуантты.
"Құрметті, Ғалия ханым!
2019-2020 оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтаймын!
"Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл сәлем бер"деген дана халқымызда керемет сөз бар. Ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, жылы лебіздеріңіз бен ізгі ниеттеріңізге рақмет.
Болашақтары жарқын,білімді, білікті оқушыларымыз біздің лицейдің мақтаныштары болсын!
Құрметпен, Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Құрметті Қайратбек Хамзаханұлы!
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары төртінші тоқсанның сабақтарын онлайн және қашықтан өтіп жатыр.Оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес, соған қарамастан осындай мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімдер үлкен жұмыс атқарып жатыр.
Сіз басқарып отырған лицей ұжымына балаларымызға беріп жатқан білім және тәрбие үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Лицей педагогтарының оқушыларға деген қарым-қатынастарының арқасында балаларымыз іргелі білім алып, өздерінің қабілеті мен таланттарын аша түсуде.
Менің ұлым Зикиров Абылай 7Ә сыныпта оқиды.
Сондай-ақ сынып жетекшісі Б.Кутумовқа да алғыс айтқым келеді.
Сізге және лицей ұжымына зор денсаулық, жұмысыңызға сәттілік пен жетістік тілеймін!
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы М.Коканбаев
"Құрметті, ата-ана!
Қашықтық оқыту жағдайында лицейімізде атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмысына ғалым әрі ата-ана ретінде жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Сәлеметсіз бе. Бірінішіден блогыңыз туралы. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңының 21 бабы бойынша көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады. Сіздің блогыңыз осы бапты өрескел бұзып отыр және Сіз басқарып отырған мектеп таза қазақ тілді мектеп болғандықтан орыс тілінде ақпараттың болуы міндетті емес деп санаймын. Егер менің айтқанымды дұрыс деп санасаңыз, бұл олқылықты тез арада түзетесіз деп сенемін. Ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтемесек, басқа кім құрметтейді?
Екіншіден, сәуір айында Сіз бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн конференция өткізіп, мектебіңізде қашықтан білім беру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы ақпараттармен бөлісіп, бітіруші сынып оқушыларынан ешқандай ақша жиналмайтыны туралы айтқан едіңіз. Ол кезде мектеппен қоштасу салтанаты болмайды және аттестат әр оқушыға жеке беріледі деп Білім және ғылым министрлігі мәлімдеген болатын. Бірақ, қазір елімізде карантиннің аяқталуына байланысты, мектеп бітірушілерге мектеппен қоштасу және аттестат тапсырылу мерекесіне рұқсат етіліп отыр. Осыған байланысты бұл салтанатты кешті өткізуге әр сыныптың ата-аналар комитеті 10000 (он мың) теңгеден жинауды бастап кетті. Әрине бұл қаншалық ерікті түрде екенін бәріміз білеміз (орысша айтқанда добровольно-принудительно). Менің білуімше биыл шамамен мектепті 280 оқушы бітіреді екен. Сонда 28000000 (екі миллион сегіз жүз мың) теңге жиналады. Айтулары бойынша ол ақшаның ішіне мектеп бірітуші тағатын, әр оқушының аты-жөні жазылған лента (1500 теңге туруы мүмкін), ұшыратын шар, мектептің алдына орналастырылатын шардан жасалған арка және екі баннер кіретін көрінеді және әрбір оқушы отыратын барда тұратын орындықтар алуды мектеп администрациясы ұсынған көрінеді. Салтанатты кештен кейін ол орындықтар мектепке естелік ретінде қалдырылады екен. Бұл не деген сорақылық? Барда тұратын орындықтардың мектепке қаншалықты қажеттілігі бар? Еліміз ғана емес бүкіл әлем экономикалық дағдарыстың алдында тұрған бүгінгі күнде мұндай ысырапшылыққа барудың қажеті не? Мен қазір тек қана Сіздің блогыңызға жазып отырмын. Егер тез арада осы істі тоқтатпайтын болсаңыз, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың блогына жазуға мәжбүр болатынымды ескертемін.
"Құрметті, ата-ана!
Сізге менімен байланысқа шығып, лицейдегі 11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында болып жатқан мән-жағдайды дер кезінде хабарлағаныңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жағдай мені қатты алаңдатып отыр, сондықтан бүгін мен оны анықтаймын және ата-аналар тарапынан ақша жинау мәселесін тоқтатуға уәде беремін.
Осы мәселеге қатысы бар педагог қызметкерлер анықталған жағдайда, оларға ҚР «Білім туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағына және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ-нің 2019 жылдың қазан айының 24-і күнгі Аудандық білім бөлімдерінің басшыларына, Білім беру ұйымдарының басшыларына жолдаған № 03-1-4/893 хаты және «№178 лицей» КММ-нің 2019 жылдың 25 қазандағы «Ақшалай қаражат және сыйлық алуға тыйым салу туралы» №351 бұйрығын орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылады.
Блог туралы ескертпеңізді қолдаймын, оны түзетеміз.
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Құрметті Қайратбек Хамзаханович!Сізді мерекеңізбен құттықтаймын!Деніңізге саулық,отбасыңызға береке тілеймін.Еңбегіңіз жемісті болсын.Рахмет.
"Құрметті, Индира ханым!
Сізге мерекедегі ізгі тілегіңіз бен жылы лебізіңізге үлкен рақмет!
Мереке бірге болсын! Аман болайық!!!
Құрметпен лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Елде жарияланған төтенше жағдай онсыз да жұмысы ауыр ұстаздар үшін ауыртпалықты еселеп жіберді. Еркіндікті сүйетін, кешке дейін далада жүретін балалар амалсыз үйге қамалды. Сондай төзімі таусылып, үйде қамалып отырған балалармен жұмыс жасап отырған ұстаздарға мың алғыс. Өз басым монитордың ар жағында, әр шәкірті үшін шырылдап тұрған, ұстаздардың даусын есіткенде, оларды нағыз бүгінгі күннің батырлары деймін. Өйткені олар әр баланың ертеңі үшін алаңдаулы. Түсінген адамға бұл кезең соғыстан кем емес. Көзге көрінбейтін жау бүкіл елді, бүкіл әлемді алаңдатып қойды. Құрметті 178 лицей басшысы Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы, оқу ісі орынбасары Гүлжан Сауытовна, 9"Г" сынып жетекшісі Эльмира Рапилова және пән ұстаздары, сіздер арқылы бүкіл ұжымға, ұстаздар қауымына мың алғыс. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, біз сіздермен біргеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, дертке шалдыққан отандастарымызға Алла шипасын берсін! Сіздерге үлкен құрметпен 9"Г" сынып оқушысы Аблайханұлы Нұрдаулеттің әкесі, Ауған соғысы ардагері, Абылайхан Сопыбеков
"Құрметті, Абылайхан мырза!
Лицей мұғалімдерінің еңбегіне деген шынайы көңіліңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін ұжымның атынан Сізге рақмет айтамын! Әрине, жұмыстың бағалануы адамға серпіліс, тың идея, күш берері анық. Қарапайымдылыққа қанат байлап, ұстаздық қызметке жан бітірген тілегіңіз қабыл болсын!!!
Отбасыңызға амандық, балаларымыздың қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларына тілектеспін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Қымбатты Қайратбек Хамзаханұлы және 178 лицей ұжымы. "Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет" демекші цифрлық білім беру ресурстарын дамыту шағында сіздердің жанжақты игі істеріңізге алғыс білдіреміз.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай білім беру саласын жетілдіру жолында сіздердің өз ниеттеріңізбен шәкірттеріңізге деген сүйіспеншілікті біріктірген– кемел ұстаздықеткендеріңіз - еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналуына қосқан үлестеріңіз деп білуге болады.
Сондайақ балаларымыздың сынып жетекшісі Нәбиұлы Берікті
өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім, зор даңқа бөленуге тиіс деп білеміз.
Құрметті №178 лицей мектебінің педагогикалық ұжымы, мектеп басшысы Қайратбек Хамзаханұлы! Сіздерге осы еңбек жолында қажымас қайрат, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, тек игі істеріңіздің нәтижесі биіктен көрініп жоғары беделге ие бола берулеріңізге тілек білдіреміз.
7 «Ә» сыныбының оқушысы Мұхаметқали Нұркеннің
анасы Жылқышыбаева Меруерт
26.04.2020
"Құрметті, Меруерт ханым!
Еліміздің білім саласының қашықтықтан оқыту форматына көшуі оқушы, ата-ана және мұғалім үшін жаңа өмірдің бастамасы іспеттес. Әрине, жаңа өмірге бірден бейімделу оңай емес. Әйтседе, қашықтықтан оқытуда осы үштік одақтың бірлесе атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. Осы орайда лицей мұғалімдеріне қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге үлкен рақмет! Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шабыттандырады, қуантады, бақытты етеді. Бізге тілеген тілегіңіз, өзіңізге еселене қайтсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасының амандығын, бақ-берекесін, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Құрметті Қайратбек Хамзаханович!
Осындай төтенше жағдай кезінде, оқушылардың денсаулығын түрлі дерттен сақтау үшін балаларды арақашықтықтан оқыту іс-шараларын жүргізіп, үлкен жұмыс атқарып жатырсыздар.
Мен де жоғары оқу орнының оқытушысымын, ғылым докторы, профессор Қазиев Жамбыл Ізтлеуұлы. Ұлым - Қазиев Нұрасыл, 7Ә – сынып оқушысы.
Сіз басқарып отырған ұжымға алғысымды білдіргім келіп отыр. Арақашықтықпен оқытуға көшкен күннен бастап, пән мұғалімдері өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап, білім беру сапасын қамтамасыз етуде. Үйдегі баланың күнделікті сабаққа дайындалуынан, ұстаз бен әрдайым байланыста болғаны қуантады. Мен бұл жұмысты күнделікті студенттермен өзім де жүргізіп отырғандықтан, жүргізіліп жатқан әрекеттерге баға бере аламын деп ойлаймын. Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оң нәтиже беріп жатыр.
Сынып жетекшісі Б.Кутумовқа алғыс айтқым келеді. Әр оқушы үшін, солардың білімі үшін аянбай еңбек етіп жүрген нағыз педагог.
Ветеринария ғылымдарының докторы,
профессор Ж.І.Қазиев
"Құрметті, Жамбыл Ізтлеуұлы!
Қашықтық оқыту жағдайында лицейімізде атқарылып жатқан оқу-тәрбие жұмысына ғалым әрі ата-ана ретінде жоғары баға беріп, мұғалімдер мен шәкірттерімізге білім беру жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ұжымның атынан шын жүректен рақмет айтамын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!!!
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
ҰЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ИЕСІ БІЗДІҢ – САБИНА АПАЙ!
Мектептің тірегі де, тілеуі де, оқыта білетін мұғалім.
А.Байтұрсынов
«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» деп, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы тегіннен тегін айтпаған. Өйткені ол адам баласының жанын нұрландыратын, шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін үйрететін қызметші деп білемін.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – тағылымы терең өнер. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Еңбек жолын, бар ғұмырын білімді ұрпақ дайындауға арнаған бүгінде мәртебелі ұстаз, 11 «Ж» сыныбының жетекшісі Ханасилова Сабина апай осындай тағлымы терең өнердің хас шебері.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін төгілген тер, ерен еңбегі біздің сынып жетекшіміз Сабина апай, ұлағатты өнеге иесі деп білеміз. Халқымыз «Ұстазы мықтының ұстамы мықты», - деп тегін айтпаса керек. Балалардың бойына үлгі-өнегі дарыта білген Сабина апайдың үйретері де, берері де көп. Мен үшін ол - өткенін саралап, балардың болашағына жол сала білетін азаматша.
Сабина апай, айналасындағы оқушыларының биіктен көрінгенін, жарқырап жүргенін қалайды. Жарасымды киімімен алдындағы оқушыға жан жүрегімен жылулық, махаббат сыйлағанын қалайды. Және ол соны талап етеді. Мектепте оқушыларды тәрбиелей жүріп, олардың жарқырап жүрген бейнесінің арғы жағында: «Жан-дүниеңде қандай қиындық бар? Көңіліңе кірбің түсірген нендей мәселе?» Ондайда Сабина апай, мұны баланың жеке шаруасы деп бөліп-жарған емес. Өмірде неше түрлі сәттер болады. Балалары қаншалықты жарқырап жүруге тырысқаныңмен, оның жаның жегедей жеген мәселенің көлеңкесі көрініп тұратынын ол жақсы біледі. Сол себепті де сыртқы сұлулығыңмен қатар баланың ішкі әлеміңде емдеуге тырысады. Кабинетіне кіріп барғанда аналық мейірімімен айтылған «жаным» деген бір ауыз сөзі баланың жан дүниесіне таптырмас ем бола алады. Осылай күш алған оқушысы, жігерленеді, алға ұмтылады. Мұндай мейірімді сезінген қыздардың, ұлдардың кері шегінуге қақысы жоқ. Себебі өзіңе сенім артқан ұстаздың алдында міндетін орындау керек олар. Сабина апай жайында жаза берсек тізбектеле беретіні рас. Бұл бірыңғай мақтау емес. Ойдан құрап, мерейін көтеру үшін айтылған жай ғана сөздер емес.
11 «Ж» сынып жетекшісі Ханасилова Сабина апай есімі аталғанда әрбір ата-ана шынайы жүрекпен, ыстық ықыласпен, мейірлене, шабыттана сөйлеп, жүзінде жылылық пайда болатыны мені таңқалдырады. Иә, Ұстазға айналу екінің бірінің қолынан келмейді. Егемен еліміздің ертеңін ойлар, білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде Ханасилова Сабина апайымыздың еңбегінің зор екенін баршамыз мойындаймыз.
11 «Ж» сыныбының оқушы Әбдіжәлел Махаббаттың анасы Табалдинова Сәуле
23.04.2020
"Құрметті, Сәуле ханым!
Барлық ұстаздардың атынан Сізге алғысымыз шексіз. Ата-ана ретінде «ұстаз» деген ұғымды ерекше қастерлеп, білім мен тәрбиенің нәрін шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін қасиетті мамандық иелеріне көрсеткен құрметіңіз біз үшін баға жетпес қазына болып табылады.
Ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығаруда ерекше еңбек сіңіріп жүрген лицейіміздің мұғалімдеріне, соның ішінде Ханасилова Сабинаға білдірген алғыс сөздеріңіз баршамызға қуаныш сыйлап, жұмысымызға шабыт беруде.
Сізге рақмет айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ырысты ынтымақ тілеймін.
Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Жақсы адамның үлгісі
Президенттің биылғы жолдауында: «Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видиоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет» делінген.
Қ.Тоқаевтың Білім беру жүйесіне байланысты осындай көреген ойларын гимназия ұжымы Қайратбек Хамзаханұлының басшылығымен жылма-жыл іске асырып отырады. Барлық ұлттың тілін, мәдениетін, ділін, ұлттық болмысымызды жетілдіруді бір сәт есінен шығарған жоқ. Біліміміз бен білігімізді, көргеніміз бен көкейге түйгенімізді қастерлі қазынамыз – Қазақстаннның, жасампаз болуына қызмет етуге үйретуден жалыққан емес.
Замана тұлғалары үшін мынадай бір ақиқат бар: Заманның өз көкірегінен жомарттықпен туатын ұрпақ бар да, заманды да жасасар ұрпақ бар. Алматы қаласының №178 лицейінің білім беру саласын жетілдіруді мектеп директоры Қайратбек Хамзаханұлы бастаған педагогикалық ұжым тер төккен еңбек жолдары – Тәуелсіздік тегеурінімен бірге жасасқан киелі білім жолының алтын парақтары деп айтуға болады.
Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені – мұғалім мектептің жүрегі» деген өсиетін бір сәт есінен шығармаған осы мектеп директордың орынбасары – Гүлжан Саутовна. Мектептегі мұғалімдерді үлкен-кіші демей, әрбірінің қадір-қасиетін құрметтеп, олардың өзіне деген педагогтық сенімдерін, әлеуетін нығайтып, арттырып отырады. Педагогтардың жан-жақты дамуын үнемі назарында ұстайды.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» - деп, Абай бабамыз айтпақшы, ұстаздық және басшылық жұмыстарын адамгершілік ойларға бағындыра отырып, жаһандану заманының ұлттық бәсекеге сай ұжымы болуға, жаңа формация мұғалімі болып қалыптасуға тәрбиелеген директордың оқу ісінің меңгерушісі Гүлжан Саутовна апайымызға ризашылығымыз бен алғысымыз шексіз.
Гүлжан Саутовна мектеп оқушыларының қанатымен қорғаған қарлығаш сияқты: «Оқушыларым», «Әріптестерім», «Шәкірттерім» деген сөздерді бір сәт назарынан шығармаған – ұлы ұстаз!
Ол – үлкенді құрмет тұтып, кішіні сыйлай білетін көркем мінез иесі. Ол – баланы еркелетіп, маңдайынан иіскей отырып, жауапкершілікті жүктей білетін аяулы ана. Ол – басқа да мұғалім-әріптестерінің мәртебесін асқақтата отырып, өз жұмысына деген адалдығын қалыптастыра білетін білікті ұстаз. Ол – барша балаларды бір-біріне бауырдай адал, мейірім, ықыласпен бір отбасына айналдыра алатын сыйлы көшбасшы.
Жарқын жаратылысы мерейлі атақ-даңқымен, ықпалды лауазымымен, білімге деген азаматтық қамқор-қызметімен байып, көтеріліп тұрса, ұжым Гүлжан Саутовнаны жолбасшы тұлға тұтып, қадір-қасиетіне бас иіп құрметтейді, үлгі көреді.
Міне, сондай үлгілі тұлға деп Алматы қаласының, 178 физика-математикалық лицейдің ұлағатты ұстаз, математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісінің меңгерушісі Гүлжан Саутовнаны 11 «Ж» сынып оқушылары және олардың ата-аналары мақтан етеді.
Құрметті №178 лицей мектебінің педагогикалық ұжымы, мектеп басшысы Қайратбек Хамзаханұлы және Гүлжан Саутовна!
Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, денсаулықтарыңыздың мықты болуыңа тілектеспін. Отбасыларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын. Оқушыларыңыз биіктен көріне берсін!
11 «Ж» сыныбының оқушысы Әбдіжәлел Махаббаттың
ата-анасы Табалдинова Сәуле.
24.04.2020
"Құрметті, Табалдинова Сәуле!
Елдегі қазіргі қиын жағдайда №178 лицейдің оқу-тәрбие жұмысына көрсеткен қолдауыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін лицей ұжымының атынан шын жүректен алғыс айтамын. Біз үшін сіздердің әрбір пікірлеріңіз және жұмысымызға берген бағаларыңыз құнды. Керемет жылы сөз, жақсы ой, мұғалімнің еңбегіне деген кіршіксіз сезімдеріңіз біздерді алға қарай жетелейді.
"Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала" демекші, балаларымыз, еліміздің жас ұландары, ұлылығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Өздеріңізге де дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.
Ізгі тілекпен, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы"
6 лет назад
Уважаемый господин директор. Огромная просьба от неравнодушного гражданина. Прошу Вас обратиться акимат г. Алматы для установки аппаратно программного комплекса "Сергек" на пешеходных переходах возле лицея 178 по улице Доспановой. Так как улица широкая и с хорошим покрытием там мало кто соблюдает скоростной режим. Учитывая количество учеников лицея, то что дети учатся в двух сменах и дети переходят улицу в сумерках для безопасности детей это крайне необходимо. Понимаю что это не входят ваши обязанности, но думаю безопасность ваших учеников для вас тоже небезразлична
"Уважаемый, Медеу! Спасибо за обращение!
КГУ «Лицей № 178» сообщает, что для безопасности жизни учащихся по ул. Доспанова был составлен протокол от 12.02.2020 г. и передан в акимат Алатауского района г. Алматы о необходимости установить:
1. Предупреждающий знак «Осторожно, дети!»;
2. Знак ограничения скорости 40 км/ч;
3. Искусственное неровность;
4. Полоса пешеходного перехода;
5. Знак искусственной неровности;
6. Освещение пешеходного перехода.
Протокол в данный момент находится на рассмотрении.
Учитывая Ваше предложение об установке аппаратно-программного комплекса «Сергек» на пешеходных переходах возле Лицея № 178 по ул. Доспанова, мы считаем, что нет необходимости на переулке устанавливать камеру, так как выше указанные дорожные знаки будут достаточны для предупреждения и ограничения скорости для водителей автомобиля.
С уважением, Кайратбек Хамзаханович"
6 лет назад
Рейтинг организации
2 голосов
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
Директор
Шадиев Кайратбек Хамзаханович Жалпы ақпарат, білім Туған күні: 1969 жылы 27 тамыз Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қызыл Қышлақ ауылы Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 1993 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті физика факультеті (үздік диплом). Квалификациясы: Физик. Оқытушы. 1995 жыл – Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы (бұрынғы Нархоз) бизнес және менеджмент факультеті. Квалификациясы: Экономист. Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты Санаты: педагог-шебер Мансап 01.09.1993/27.08.2007 – Алматы қаласы, «Болашақ» арнайы мектебі, физика және экономика пәндерінің мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, физика және экономика пәндерінің мұғалімі. 29.12.2017/16.11.2018 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының міндетін атқарушы. 16.11.2018/24.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. 25.01.2021 – Алматы қаласы, «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры. Шадиев Кайратбек Хамзаханович Общая информация, образование Дата рождения: 27 августа 1969 года Место рождения: Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, село Кызыл Кишлак Национальность: казах Образование: высшее Год окончания учебного заведения и его наименование 1993 год – Казахский государственный национальный университет имени Аль-Фараби, физический факультет (диплом с отличием). Квалификация: Физик. Преподаватель. 1995 год – Казахская государственная академия управления. Квалификация: экономист. Научная степень: кандидат экономических наук Категория: педагог-мастер Карьера 01.09.1993/27.08.2007 – г.Алматы, «Болашақ» специальная школа, учитель физики и экономики, заместитель директора по УВР (1999-2007жж.); 31.08.2007/29.12.2017 – г. Алматы, гимназия №159 имени Ы.Алтынсарина, учитель физики и экономики. 29.12.2017/16.11.2018 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», исполняющий обязанности директора. 16.11.2018/24.01.2021 – г. Алматы, КГУ «№178 лицей», директор. 25.01.2021 – г. Алматы, КГУ «Специализированный лицей №178», директор.
Задать вопрос
Ваш вопрос будет направлен директору.